Home » Мақалалар »  «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» оқу-әдістемелік жинақ бағдарламасы

 «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» оқу-әдістемелік жинақ бағдарламасы

Түркістан облысының
«Білім беруді дамыту орталығы» КММ,
биология пәні әдіскері Тәжібаева Қарлыгаш

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» оқу-әдістемелік жинақ 6-7 сыныптарға сабақ беретін биология пәнінің мұғалімдеріне  оқушылардың базалық білімін қалыптастыруға тиімді құрал ретінде ұсынылады. Бұл оқу-әдістемелік жинақ МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының негізіне сүйене отырып, қосымша факультативтік сабақ кезінде оқушылардың білімін толықтыру қажеттілігіне қарай жасалынды.

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» оқу-әдістемелік жинақты ендіру білім алушылардың ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық,  логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызды орын алады.

Педагог курс бағдарламасында берілген бақылау құралдарын оңтайлы қолдану арқылы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырады және әрбір білім алушының белсенді жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл оқу-әдістемелік жинақ Педагогтерге:

  • сыни ойлауды дамытуға   бағытталған   жағдаяттық тапсырмаларды  қолдану;
  • функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
  • оқытудың интерактивті әдістерін қолдану (жоба әдісі, пікірталас, ойын, ізденіс әдістері);
  • жеке кеңес, қосымша сабақтар ұйымдастыру жұмыстары бойынша ұсынылады.

Халықаралық зерттеу шеңберінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және білім жетістіктерінің деңгейін жоғарылату үшін білім алушыларға келесі тапсырмалар мен жұмыстарды орындау ұсынылады: диаграммалар, сызбалар, биологиялық процестердің жиынтық және аналитикалық кестелері кестелерін жасай білу. Ал, мұндай тапсырмалар 6-7 сыныптарға арналған «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» оқу-әдістемелік жинақ бағдарламасында әзірленіп, ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, мұғалім сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыруға назар аудару қажет.

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» оқу-әдістемелік жинақ негізгі орта мектептің биология сабақтарында білім алушылардың жасалынған практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша тапсырмаларды немесе ауызша баяндамаларды дайындауға, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы мен дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыруға үйрету,  функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және білім жетістіктерінің деңгейін жоғарылату бойынша қолдануға ұсынылады.

Түркістан облысының
Жетісай қаласы АӘД бөліміне қарасты №6
Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының
биология пәні мұғалімі Тажибаева Мейрам Мутановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.