Ұлттық мүдде, болашақ тағдыр таразыға салынған уақытта мемлекеттік, меншік ұғымдар соңғы кезекке ауысуы керек. Бүгінгі бала тәрбиесі мен білімі, ертеңгі сапалы кісі жетілдіруге бағытталады. Сондықтан да мен үшін жекеменшік балабақша мен мемлекеттік балабақшаның атауында айырмашылық жоқ деп санаймын. Менің түсінігімше алғашқы назар аударуға тиіс мәселелер тиімді тәрбие мен ғылыми білім болу керек. Ол мемлекеттік стандартқа сай, жас ерекшеліктерімен ескерілген болуы шарт. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай болу деген сөз.
Осы бағытта кеше «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жетекші өкілі Майра Шынайдарқызымен телефон арқылы сөйлесіп, ынтымақтастық жайында ұсыныс жасадым. Бүгін міне Майра ханымның көмегінің арқасында жекеменшік 10 шақты балабақшаның тәрбиешілерімен және әдіскерлерімен кездесу өткіздім.
Бұл, кездесудің басы және Нұр-Сұлтан қаласы КАНО ұжымы мен республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» жобалары жетекшісі ретінде ынтымақтастығымыз деп түсіндім.
Кездесуге қатысқан бала жанының бағбанына айналған мамандар «Шашу» оқу-танымдық кешенін өздеріне тиімді әрі қолайлы екенін жасырмады.
«Шашу және жаңартылған білім» семинарна қатысқан мамандар тәжірибеде керек білімі мен сертификаттарын алып тарасты.
BILIM AINASY
Нұр-Сұлтан қаласы