Home » Мақалалар » Мереке де, береке де —  мектепте

Мереке де, береке де —  мектепте

Ұзақбаева Асель Шайхасанқызы
Түркістан облысы адами әлеуетті
дамыту басқармасы Түркістан қаласының
адами әлеуетті дамыту бөлімінің
«№ 31 бастауыш мектеп-балабақша
кешені» КММ,
ұйымдастырушы-педагог

Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. «Алтын» дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын — байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата- бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, мектебімізде   4-сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы – 2022»  тақырыбымен керемет сайыс  өтті.

Сайыстың мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Сыбдыры сұлу – алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Сайыстың шымылдығын 4 сынып оқушылары «Күзгі вальс»  биімен ашты.

Керемет биден соң фанфар ойнатылып, ортаға жүргізушілер шықты. Өздерінің тамаша құттықтауларын жеткізіп, сахна  төріне ару қыздарымызды шақырды.

1.Ілесханқызы Айару (4 «А» сынып)

2.Үрістембек Айзере (4 «А» сынып)

  1. Закиржан Афруза (4 «В» сынып)

4.Балташова Жасмина (4 «В» сынып)                           

5.Полат Асаль (4 «Г» сынып)

6.Түкеш Медина (4 «Г» сынып)

7.Абдрахман Дина (4 «Б» сынып)                                           

8.Паттаева Гульнара (4 «Б» сынып)

Одан соң сайыскерлерді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтті. Әділ-қазылар әр кезең бойынша  ару қыздарымызды  бағалап отырады. Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып байқау шарттарымен таныстырып өтті. Сайыс бес бөліммен тұрады:

1-бөлім: «Таныстыру»

2-бөлім: «Кім ойға жүйрік?!»

3-бөлім: «Қолөнер»

4-бөлім: «Сән үлгісі»

5-бөлім: Өз өнері.

Тартысты өткен сайысты тамашалап, барша көрермен қол шапалақтап, сайыскерлерімізді қолдап отырды.

Сайыс мәресіне жеткен соң «Күз Ханшайымы – 2022» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына  уақыт беріліп, сол аралықта әдемі әндер тыңдап, мың бұралған бишілерді тамашаладық.

Сайыс қорытындысы бойынша Закиржан Афруза — «Бас жүлдеге», Балташова Жасмина — 1-орынға, Полат Асаль, Түкеш Медина, Абдрахман Дина — 2-орынға, Ілесханқызы Айару,  Үрістембек Айзере және Паттаева Гульнара —  3-орынға лайық деп танылып, көрермендердің қошеметіне ие болды.

Осындай мерекенің шуағын келтіріп, сайысымызды тамашалаған барша көрермендерге, сайысқа қатысқан кішкентай ханшайымдарға  алғыс айтып,  «Күз ханшайымы — 2022» атты кешті  аяқтады!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.