Мусрепова Хадича Культасовна
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық
колледжі» МКҚК психологы,
педагог-зерттеуші
Мен өз біліктілігіме сай 2006 жылдан бастап, колледжде өз саламда әлі де қызмет атқарудамын. Колледждің педагог-психологы болып жаңа қадам басқан жас буындардың өмірдің өзіндік бейімделуін қалыптастырып, студентермен жұмыс жасап, болашақ жас мамандарға тура жолды ұсынып келемін. Айтқандай, қаншама жасөспірімдердің жаңа кезеңдерге тап болуы, қадам басып мақсатына ұмтылуының өзі біршама дерлік жетістік болып табылады. Десе де, маман ретінде айтатын болсам бұл жаңа өсіп келе жатқан жасөспірімдерге оңай дей алмаймын. Өтпелі шақтың тұсында шешім қабылдау, жаңа ортаға тап болып әрекеттену өзінде де өзіндік бір қиындықтары бар екені белгілі.
Өтпелі шақ – баланың психологиялық, саналық тұрғыдан өзін жоғалтып алуының бір белгісі болып табылады. Алайда, бұл сәттердің негізін қарастырар болсам жасөспірімдер өзін бір жерде ұстап тұрмай, болашаққа қадам жасайды. Айталық, олар:
— жаңа ортаға бейімделу;
— жаңа білімдерді игеру;
— адамдармен байланыс, қарым-қатынас жүргізу сынды өзін-өзі дамытуға қатысты түрлі интеллекті бағытта өзін шыңдауы.
Осы сәтте орта білімін тәмамдаған, кәсіптік тұрғыда өздерін жаңа қырынан көргісі келетін жасөспірімдер қаншама. 9 сыныптан кейінгі кәсіптік тұрғыда білімге құштар студенттердің жаңа ортаға келген сәттегі білімге деген бейімділігі жоғары деп айта алмаймын. Себебі, студенттердің топта және жаңа оқу орнына бейімделуі — мүмкіндігінше тезірек және оң нәтиже беретіні ең маңызды мәселе. Бұл қиындықты жеңуде колледж оқытушылары және ең алдымен топ жетекшісі маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Студенттер жаңа кезеңге сай қойылатын талаптар арқылы өздерінен күтілетін мінез-құлықты негіздеуге тырысады, соның негізінде қатарластарымен, оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Осы сәттерде студенттердің әлеуметтік бейімделуі де дами түседі. Мен арнайы маман, педагог-психолог ретінде әрбір оқу жылында І курс студенттерімен танысу және олардың жеке ерекшеліктерін ажырату,білім мен колледжге бейімделу мақсатында жұмыстар жүргізіп отырамын.
Жыл сайын жаңа оқу жылында топ жетекшілердің және ата-аналардың сұранысы бойынша психологиялық кеңестер өткізіп, студенттерге түрлі ұсыныстар айтудың жолын қарастырамын. Ондағы мақсат: студенттердің психологиялық және медициналық денсаулығына көңіл бөлу, баламен жиі қарым-қатынас жасап, жақынырақ сөйлесіп, қолдау білдіру, жаңа білімнің өзектілігін ескеру және ең бастысы тұлғалық дамуына ықпал ету.
Сонымен қоса, студент және топ жетекшісінің міндеттерінің маңыздылығы зор. Студенттердің топта және жаңа оқу орнына бейімделуі — мүмкіндігінше тезірек және оң нәтиже беру керегі ең маңызды мәселе. Бұл қиындықты жеңуде колледж оқытушылары және ең алдымен топ жетекшісі маңызды рөл атқарады. Ал, осы сәтте топ жетекшінің басты қолға алатын негізгі міндеттерін атап айтар болсам аз емес. Негізгі міндеттемелер:
— студенттердің ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау;
— бірінші курс студенттерінің колледжде оқуға әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктерін анықтау;
— мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға барынша қолайлы бейімделуге ықпал ететін ұсыныстар айту;
— сауалнама жүргізу;
— студенттердің таңдаған мамандықтарына мотивациялық кеңестер жүргізу.
Студенттердің ортаға бейімделу үрдісі кезінде студенттер оқу жүйесін шыңдай түседі. Ол оқу процесінде бірінші курс студенттеріне ой-қозғау әрекетін жүргізу маңызды. Тек оқу жүйесі біліммен, кітаппен шектелмейді. Оны қызықтыру сәтінде түрлі ойындар арқылы, тіпті түрлі әдіс-тәсілдер көмегімен ашып баланың интеллектің дамытуға болады. Психолог маман ретінде де, педагог тәжірибемнен қоса айтқанда студенттермен, жалпы топпен бірге: сынып сағаты, әңгімелесу, пікірталас, презентациялар, тренингтер арқылы баланың бойындағы қасиеттерін ашып, ақпарландыруға болады.
Осы сәтте алғашқы жас буын бірінші курс студенттерінің ортаға ойдағыдай бейімделуімен қоса өз дағдыларын қалыптастырып, жаңа әрекеттер мен жұмыстар жүргізе бастайды. Жалпы, топ жетекшісінің мақсат-міндеті ойдағыдай үрдіс тапса, студентпен нәтиже алмаса аламыз. Яғни, ол қандай өзгерістер дейтін болсақ төмендегі үрдістер дер едім. Атап айтқанда:
— тұлғааралық әсер етудің тиімді жолдары туралы білім алуы, олардың ішкі әлемінің құрамдас бөліктері туралы түсініктерін кеңейту;
— бір-бірін түсіну, қарым-қатынас жасаудың сындарлы тәсілдерінің дағдыларын дамыту;
— топта бір-бірімен сенімді қарым-қатынасқа негізделген ұйымшыл ұжымды қалыптастыру негізгілері болып табылады.
Маман ретінде түрлі пікірлер айтамыз. Психологтың осы сәтте толғандырар мәселесі көп. Білім саласында қаншама студенттермен жұмыс жасаймыз. Ал, соның ішінде жаңа кадам басқан бірінші курс студенттері үшін колледжде оқуға оңтайлы бейімделу, өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтары, ізденімпаздық деңгейінде өзін-өзі бағалай білуі өте маңызды. Жаңа кезеңде өз мінез-құлқын саналы түрде реттеу қабілеті студенттердің тапқырлығы дей аламын.
Бірінші курстың бейімделуі оқудың бірінші жылында жалғасады. Оқу процесі кезінде студенттердің білімін қалыптастыруға, бейімделуіне қатысты негізгі екіге бөліп қарастыруға болады.
1 кезең: 1 межелік кезінде, бірінші курс студенттерінің соматикалық және психологиялық жағдайын бағалау.
2 кезең: 2 межелік сәтінде, алынған ақпаратты оқу процесінде проблемалық жағдайлардың туындауының алдын алуға көмектесетін, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу үшін пайдалану.
Тек студенттермен ғана емес, топ жетекшілермен, колледж оқытушыларымен, студенттердің ата-аналарымен ортақ жиналыстарда түрлі конференциялар жүргізіп әр мәселенің шешімін табуға ықпал жасап, түйіндеме жұмыстарын жасадым. Қазіргі сәтте, бұл процестерде жұмыс жасау маған өте үйреншікті десем де болады.
Оқу сәтінде оқу мотивтері, мамандықты және берілген оқу орнын таңдау мотивтері анықталады. Сонымен қатар құндылық бағдарлары мен өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің диагностикасы жүргізіліп отырады. Колледж кураторы мен психологының ұйымдастыруымен топтарда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру бойынша арнайы жұмыстар жиі өтеді. Оған дәйек ретінде менің әр жылда жасаған жұмыстарымды айта аламын. Ондағы жұмыс сәтінде түйіндемелер, қорытынды ақпараттар кәсіптік тұрғыда анықталды.
Мен өз жұмыс орныма қатысты айтқым келеді. Жыл сайын, барлық оқу орындары сияқты біздің Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі үшін республиканың әртүрлі мектептерінен келіп, оқу орнымызды тату әрі белсенділікпен бірінші курс студенттер ұжымымен толтыруға есігіміз айқара ашық. Мектептен колледжге көшу олардың көпшілігі үшін өміріндегі ең маңызды кезең болып табылса да, өз жолын тауып кетуіне себепші боламыз, барлық мүмкіндіктерге жол ашамыз. Сөз соңында мен мынадай мысал келтіргім келіп отыр. Студент пен оқушы: жер мен көк сияқты алыс болса да, ине мен жіптей жақын байланыс құрады. Жаңа қадам, жаңа ақпарат пен жаңа білім алу арқылы биік белестерді бағындыруға болады. Мен жастарға сенемін…