Home » Мақалалар » Газ құбырларының орналасуы 

Газ құбырларының орналасуы 

Қозмет Маржан Ерболқызы
Түркістан облысы
Кентау қаласы
Кентау көпсалалы колледжі МКҚК
Арнайы пән оқытушы

Пәні:  «Газ шаруашылығында апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесарі»

Мамандық: 1405000 «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану»

Топ: ГС-19-1

Сабақтың тақырыбы: «Газ құбырларының орналасуы»

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Сөздік, ақпараттық дамыту

ОТҚ және көрнекі-дидиктакалық құралдар: схемалар, сызбалар, видеоролик, проектор.

Оқыту  тәсілі: түсіндіруші-иллюстрациялық әдіс, әңгімелесу, үштілдік әдіс, жаттығуларды орындау.

Пәнаралық байланыс:  экономика, математика, құрылыс конструкциялар және бұйымдар.

Әдебиеттер тізімі: Б.Ә.Унаспеков

Қосымша: Ғаламтордан қосымша мәлімет

Сабақтың барысы мен мазмұны:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбын анықтау. (5-7 мин)

(сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсаты)  

Сабақтың мақсаты: Сабақ CLIL әдісі бойынша өтіледі

  1. Бүгінгі тақырыпты сурет арқылы анықтайды
  2. Өткен тақырыптар бойынша сурет арқылы аттарын табасыздар
  3. Жаңа сабақ, видео сабақ
  4. Тапсырма беріледі
  5. Сергіту сәті, үй тапсырмасы, бағалау
  6. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Студенттер екі топқа бөлінеді. Әр топ өткен тақырыптар бойынша «Тез ойла», «Fast think» әдісі қазақша және ағылшынша жарыс түрінде ойын ойнайды. Сурет арқылы анықтайды. Фишка арқылы бағаланып отырады. (15-20 мин).

3.Жаңа сабақ түсіндіру және тақырыпқа байланысты видеоролик, көрнекіліктер көрсету. (25мин)

Газ құбыры орналасуы.

Магистральдық газ құбыры – жанғыш газдарды шығатын жерінен не өндірілетін орнынан алыс қашықтыққа (жүздеген және мыңдаған км-ге дейін) тасымалдауға арналған құрылыс.

Ол төселіп жүргізілуіне қарай:

жер асты газ құбыры

жер үсті газ құбыры

үйінді үстімен жүргізілген газ құбыры болып ажыратылады.

Газ құбыры кейбір жағдайда үлкен жыраларға салынған темір-бетон не металл эстакада арқылы немесе су қоймаларының түбімен де (дюкер деп аталатын) жүргізіледі. Магистральдық газ құбырының соңғы пунктіне газ үлестіру станциялары орналасады. Оларда газ қысымы тұтынушыларды газбен қамтамасыз ететін қажетті деңгейде төмендейді. Ірі қалалардың маңында жер асты газ қоймалары салынады. Газ тұтынуда жиі болып тұратын тәуліктік бірқалыпсыздық газгольдерлер арқылы реттеледі.

Қазақстан аумағында (әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары арқылы) Бұхара – Орал, Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы, Бейнеу – Александров Гай (Саратов облысы, Ресей), Бейнеу – Хиуа (Хорезм облысы, Өзбекстан), Прорва (Атырау облысы) – Атырау, Кеңқияқ (Ақтөбе облысы) – Орск (Орынбор облысы Ресей) газ тасымалдау газ құбырылары жүргізілген

Тө АЛДЫНДА ӘРЕКЕТТЕР

Құбырды құрастыруды бастамас бұрын:

  • Берілген есеп айырысу газ бөлімінде есептеулер қажетті санын шығарады;
  • диаметрі құбырлар анықталады;
  • автоматтандырылған басқару жүйелерін орнату қажеттігін анықталады;
  • сыртқы құбырының жобасы дейін.

құрастыру кезінде «көгілдір отынның» жабдықтау ішкі жүйесі, әдетте, тұтынушыларға өздері жауап береді. Компанияларға тиісті мамандануы лицензияланған үйдің иесімен келісім-шартқа сәйкес қазандар мен плиталарын жалғаңыз.

ҚАЖЕТТІ ГАЗ ЕСЕПТЕУ

Мұндай жоспарлау ескеретін:

  • халық және құрылыс тығыздығы;
  • ыстық су болуы немесе болмауы.

Есептеу есептік максималды құны бойынша жүзеге асырылады газ ағынымен. Мысалы, 700-ден тұратын адамдар саны бар елді мекендерді 2000 және тығыздығы дамыту 150-960 м 2 / м үшін ставка 0.7-1.6 м 3 (с · адам) тең болады. максималды 25% -ға төмендейді бағаланады ыстық су тұтыну болмаған. 10 жыл бойы ауылда немесе қаланың даму перспективалары бастап есептеулерді орындаңыз

  1. Жаңа тақырып бойынша білім алушыларға тапсырмалар беріледі. Жаңа сабақты қаншалықты түсінгендігін анықтау. Ойын арқылы білімін тексеру (15-20 мин)
  2. Сабаққа белсенді қатыспай отырған білім алушыларға тест тапсырмаларын беру. Жаңа тақырыпқа сай тапсырма екі топқа конверт беріледі. Конверттегі сөздерді құрастырып. Соларға анықтама беру. (5-7 мин)
  3. Трассаны дайындау: трассаны тазалау және тегістеу, жолдар құрылысы және құнарлы қабаттың рекультивациясы. Құбыр құрылысына берілген жер енінің бойымен жүргізіледі және трассаны барлық қалған технологиялық процестерді өткізуге мүмкіндік беретін жағдайға дейін жеткізуді қарастырады.
  4. Жер жұмыстары: орды қазу және көму. Орлардың өлшемдері және профилі құбыр диаметрі, топырақ сипаттамасы және трассаның гидрогеологиялық жағдайларымен анықталады. Құбырды көму роторлық немесе шнек типті арнайы орқазғыштар мен бульдозерлер арқылы жасалады. Рекультивация орды көмгеннен кейін бульдозермен ағындық әдіспен орындалады. Артық топырақ, болашақта оның отыратыны ескеріліп, бульдозерлермен ордың үстіне төмпешіктеп тегістеледі.
  5. Тиеу-түсіру және көлік жұмыстары: көлік құралдарынан құбырларды түсіру, пісіру базаларына тасымалдау, пісіру базасындағы тиеу-түсіру жұмыстары, трассаға тасымалдау.
  6. Пісіру-монтаждау жұмыстары: центрлеу, бұрылатын тігістер пісіру, бұрылмайтын тігістер пісіру, құбырларды контактілі пісіру.
  7. Оқшаулау-төсеу жұмыстары: тазалау, грунтовкалау, оқшаулау және құбырларды салу.
  8. Құбырдың ішкі қуысты тазалау және сынау: сорғылар мен компрессорлардың сенімді жұмысы, мұнай немесе газ тасымалдауға қуат шығындарын азайту және тасымалданатын өнімнің сапасын сақтауды қамту үшін қабыршақ, лай, қар, мұз, бөгде заттарды жою.
  9. Беріктікке және герметикалыққа сынау. Газ құбырын пневматикалық (ауа, газ) немесе гидравликалық (су) әдіспен сынайды. Мұнай жолдары тек гидравликалық әдіспен сынаулады.
  10. Коррозиядан электр химиялық қорғау. Протекторлар және катодтық қорғау станциялары арқылы құбырларды катодтық поляризациялаумен жүзеге асырылады.

Коррозияға қарсы оқшау жабыны, оны жаққанда пайда болуы мүмкін ақаулар мен ескіруіне байланысты, құбыр қорғауының сенімділігін қамти алмайды.

  1. Сергіту сәті. Берілген фигуралар арқылы сөздер табу (5 мин)
  1. Сабақты қорытындылау. Бағалау сәті (білім алушылардың жинаған фишкаларын санап, қай топтың ұтқанын анықтау) үй тапсырмасын беру, білім алушылардың сабақтан алған әсерін, ой-пікірлерін стикерлерге жазу арқылы плакатқа жапсыру. (5-7мин)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.