Абдраманова Айзада Төреханқызы
Түркістан облысы
Кентау қаласы
«Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК
Түйін. Заманауи сандық технологиялардың дамығанының тағы бір дәлелі бұл — суретті үшөлшемді етіп шығаратын құрылғы.
Резюме. Еще одним доказательством развития современной вычислительной техники и цифровых технологий является передача изображения в трехмерном виде
Қазіргі кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы кәсіби білім берудің мақсаты – әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Ол үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағытталған білім беру қажет. Сол себепті де Президенттің Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы қазіргі таңда жүзеге асырылды. Осы жобаның аясында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК «құрылыс» және «энергетика» мамандықтары бойынша жеңіп алды. Нәтежиесінде жоғары сапалы халықаралық стандарттағы құрал жабдықтар, шеберханаларға заманауи станоктар алынды. Осы жоба негізінде алынған заманауи құрылғылардың бірі 3D принтер.
Соңғы жылдары әлемнің барлығын дүрліктірген жаңалықтардың бірі — 3D принтерлердің кең қолданысқа енуі. Өндірісте құралдар мен заттарды жасап шығару үшін көп пайдалануда. Бірақ әлі де болса 3D басу технологиясының барлық мүмкіншіліктері пайдаланылмауда. Принтердің ішіне қандай материал қолданылса, сол материалдан кез келген затты басып шығаруға болады.
Үшөлшемді басып шығару жайлы алғашқы идеялар сонау 80-ші жылдары пайда болған. Дәл сол уақыттары арнайы фотополимер пластиктің көмегімен нысаналар құрастыратын стереолитограф жасалып шығарылған. Технология фотополимерлердің қасиеті негізінде жасалған – лазердің әсерінен ол қатып қалып, пластиктің қатты пішініне айналады. Дәл осы қасиеттер болашақ принтерге негіз болды: лазер сәуле арқылы суреттің әрбір пикселін сұйық заттектен жасап салады, ол қатқан кезде нысананың қатты бөлшегіне айналады.
3d принтердің жұмысы былай іске асады: қызметші элемент – экструдер-бас принтерді іске қосатын пластик жіпті балқытады. Кейін балқытылған элемент шүмек арқылы беріледі, ал кейін бөлме температурасында тез қатады.
Жұмыс істеу үшін басқа өндірістік технологиялар сияқты арнайы жағдайды қажет етпейді. Оған қоса нысаналарды жасауға кететін шығын да аса көп емес – 1 кг пластик үшін бар-жоғы 10-15мың тг. Сонымен қатар нысана ұзақ уақытқа сақталады, бұл принтерді үй жағдайында пайдаланудың құндылығын арттырады.
Озық технология арқылы, бүгінде үшөлшемді суреті бар қарапайым футболкалар жасап қана қоймай, ғимараттардың күрделі үшөлшемді проекциялық модельдерін 100 микронға дейінгі нақтылықпен құрастыруға болады. Бұл әсіресе ғылыми институттарға өзекті, өйткені түптұлғасын жасап қана қоймай, жасалып жатқан зерттеулерде оны ұстап көруге де болады. Бұл жаңалыққа зергерлер де қуанды – жаңа заман принтерінің арқасында ең күрделі деген заттарға құйма пішіндерін жасау оңай болатын болды. Ал археологтарға табылған элементтің қисынды жобасын салып қана қоймай, оның нақты түрін құрастыруға мүмкіндік туды.
Жұмыстың жасалу барысы
Аяқталған жұмыс
Дайын жұмыстар
Әдебиеттер (сілтемелер) тізімі.