Комекбаева Айжан Досболовна
Қарағанды қаласы Шет ауданы
Ақадыр кенті
С.Мұхамеджанов атындағы
балалар өнер мектебінің
қолданбалы қолөнер сыныбының мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларды витраж өнерімен таныстыру. Витраждың даму тарихынан мағлұмат беру. Шыны үстінде сурет сала білу шеберліктерін жандандыру.
Сабақ әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, жаңа сабақ.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ. Технология-бейнелеу.
Пәндермен байланысы: тарих, музыка, сызу.
Көрнекіліктер: презентация, дайын бұйымдар.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Өткенді қайталау
- Жаңа сабақ
- Сарамандық жұмыс
- Сергіту сәті
- Рефлексия.Кері байланыс
- Сабақты қорытындылау.
- Бағалау, үйге тапсырма
- Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
- Өткені қайталау: Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен тақырыптардан сұрақтар қойып, бүгінгі сабақта жұмыс жасайтын техниканың атауын шығару.
(Сөз жұмбақ) тақырыпты ашу. Сол кезде «Витраж» сөзі шығуы керек
Критерийлермен таныстару, алдарына тарату.
- Қағаз бетінің безендірілуі
- Класстердің дұрыс құрылуы
- Оқушылардың өз ойларын толық жеткізулері
Сұрақтары:
- Су бояуы? (акварель)
- Түстерді араластыруға арналған тақтайша? (палитра)
- Жануарлардың бейнесі бейнеленген жанр? (анималистика)
- Адамның келбеті бейнеленген жанр? (портрет)
- Заттар әлемінің жанры? (натюрморт)
- Табиғат көрінісі көрсетілген жанр? (пейзаж)
Оқушылардың алдарына ішінде тақырыпқа байланысты сұрағы бар бонбоньерки таратылады. Сол сұраққа оқушылар жауап береді.
- Жаңа сабақ. Біз бүгін сіздермен қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнер витраж түрімен танысамыз.
Сабақтың тақырыбы: «Витраж» Алдыңғы арт дизайн сабақта гүлдердің жануарлардың суретін салған болатынсыңдар. Енді бүгін сол суретті витраж техникасына салып орындайтын боламыз.
Витраж (фр. vitre, лат. vitrum — шыны) — металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2- мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 — 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады. Монументтік витраж бас кезінде Соборларда, церковтарда үлкен көлемде бейнеленген болатын. XV ғ. үй интерьерінде витражды тұрғын үйлерде қолданған.
- Сарамандық жұмыс. Оқушыларды екі топқа бөліп,екі А4 шынысы бар рамканы алдарына таратып,шыныға пленкалы витражды жасайды.
- Композицияның шыны бетінде дұрыс орналасуы
- Жұмыстың толық аяқталуы
Тақтадан видео көрсетіледі.
Ал, енді алдарыңда тұрған сүйікті жануаларыңның нобайын витраж техникасына салып орындайык. Астына дайын суретті қойып, үстіне шыныны қауіпсіздік техникасын қолдана отырып, қара бояумен контурын сызып шығамыз. Болған соң пленкамен витражды құраймыз. (Жай классикалық музыка ойнап тұрады)
- Сергіту сәті. Балалар қол саусақтардың қимылы арқылы сергіту сәтін орындайды.(ән қосылады)
- Рефлексия. Кері байланыс. Тақтада ілініп тұрған смайликтерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін қол қимыл арқылы жақсы болса бас бармағын жоғары көтереді, ұнамаса төмен түсіреді.
- Сабақты қорытындылау.
- 1. Оқушылар біздің бүгінгі өткен ашық сабағымыз сендерге ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта витраждың қандай түрлерімен таныстық?
- 3. Витражды жасау үшін қандай құралдарымен пайдаланады?
- Бағалау, үйге тапсырма.
Барлығың сабақта өте жақсы қатысып отырдыңдар.
- Оқушылар витраж өнерін біледі;
- Витраждың даму тарихын біледі;
- Шыны үстінде сурет сала алады.
Үйге тапсырма: алдарыңда таратылған «Витраж» тақырыбы бойынша мәліметті ғаламтор жүйесін қарап, толықтыру.
Жаңаша стильдегі стикерлармен бағалау.