Home » Ашық сабақтар » «Таң қалдырған, Алтын күз!»

«Таң қалдырған, Алтын күз!»

Алматы облысы
Іле ауданы
Қосөзен ауылы
МҚК «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Сейтказиева Гульназ Тажитаевна

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Таң қалдырған, Алтын күз!»

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып мерекелік көңіл-күй сыйлау,табиғатты аялай білуге, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:Армысыздар, аса құрметті ата-аналар!

Армысыздар қадірменді қонақтар!

Сәлеметсіздер ме қымбатты балабақша ұжымы! Міне, туған өлкемізге алуан түсті жапырақтарын төгіп, толқып, би билеп, ел байлығын арттырып, берекелі күз мезгілі де келіп жетіп, бізбен бірге екі ай бойы қонақта болып келеді. Ендеше соның дәлелі біздің «Айналайын» бөбекжай –балабақшамыздың Ортаңғы «Жұлдызша» тобының бүлдіршіндері дайындаған

-өлең жыр шумақты

-сазды, әуенді

-көңілді би қимылмен

-әсем сән үлгісімен

-сондай-ақ, табиғи қолөнерлерімен аса қызу дайындықпен дайындаған

«Таң қалдырған, Алтын күз!»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Олай болса, бүгінгі ертеңгілігіміздің басты кейіпкерлері бүлдіршіндерімізді жұптарымен ортаға шақырамыз.

1.Асылым-Шерхан

2.Ш.Айша-Ералы

3.Айдай-Ернұр

4.Айкөркем-Ерасыл

5.Айла-Әміржан

6.Зере-Алуа

7.Марина-А.Айша

( Балалар жұп болып әуенмен залға кіреді)

Жүргізуші:«Бұлақтың әні – сылдыры,

Баланың  әні —  былдыры» -демекші мерекелік ертеңгілігімізді әнмен ашайық.

Ән: «Күзгі вальс»

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Не деген өнерлі балалар! Өркендерің өссін! Балалар мен сендермен жұмбақтап өлең жолдарымен қазір жылдың қай мезгілі екенін және қандай табиғат құбылыстары туралы білетіндеріңді байқағым келіп тұр.

Ортаға:

 Бақыт Әміржан: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Қайрат Шерхан:     Күзім-ау күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

 Шабет Айша: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Елдарұлы Ералы: Көрініп еліме

Күндері береке

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке

Жүргізуші.Өте тамаша, жарайсыңдар!Ендеше, бізге мол өнімін, жеміс-жидегін, алтын астығын сыйға тартқан бүгінгі ертеңгілігіміздің арнайы қонағы «Алтын күз» ханшайымын қарсы алайық.  (Осы кезде Қарға қарқ-қарқ қарқылдап , жүгіріп келеді)

Қарға:-Ха-ха –ха. –Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар! Мне жаңа жолда әдемі сары көйлегі бар ,себет толы жеміс-жидектері бар Ханшайымды көріп, оны өтірік алдап, жемістерін көкөністерін алып кеттім.-Ха-ха-ха!

Жүргізуші:-Ой , балалар, бұл қарға емеспе, ол дұрыс жасады ма , қалай ойлайсыңдар?

Балалар:-Иә, бұл қарға ғой.

Жүргізуш:Қарғау, қарға,Өзің қайдан келесің.Сен өзің құстардың ішіндегі ақылды едің ғой, саған өтірік айтқан жараспайды.

Қарға:Солай ма балалар, мен ақылдымын ба?

Балалар:Иә.

Жүргізуші:Қарға. Әй-Қарға келіп қалған екенсің, бүгін біздің балалар Алтын күз мерекесін тойлағалы жатыр, сенде бізбен бірге көңіліңді көтер, бірақта бізге өтірік айтатын қарға емес ақылды қарға керек, өйткені біздің балалар өте ақылды, өнерлі, тіл алғыш балалар.

Қарға:Жарайды, балалар, мен сендерден қатты ұялып тұрмын, мен енді ешкімге өтірік айтпаймын, ақылды қарға боламын. Сендермен бірге ойын ойнап көңіл көтерсем болама?

Балалар :Иә.

Жүргізуші: Міне жарайсың, енді дұрыс болды, кел бізбен бірге мерекені тойлауға ат салыс.

Қарға: Алақай, балалар сендер Алтын күз ханшайымын көргілерің келеме?

Олай болса менің сендерге бірнеше тапсырмаларым бар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешімін тауып көремізбе?

Күзде нелер пісіп жетіледі?

Өзі қызыл, өзі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.

Бұл не? (Алма.)

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан.

Бұл не? (Сәбіз)

Қарға: Жарайсыңдар , қандай тапқыр балалар екенсіңдер. Жемістер мен көкөністер туралы жақсы біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Ой әрине қарға біздің балалардың жемістер жайлы тақпағы бар тыңдағың келеме?

Азат Айша: Пісіп тұрған алмамын,

                     Тамсандырар бал дәмім.

                      Жерге сілкіп түсірме

                      Ісіп кетер маңдайым.

Ахметқали Айдай: Көрсең егер бақшада

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп алма!

Дәурен Алуа: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

1.Жүргізуші:Қарға біздің балалар сен ойлағандай емес, өте алғыр, ақылды балалар.Тек білімді ғана емес, өнерлі балалар.Қарға сен бізбенен ойын ойнағың келема, біз саған қысқа азық болатын көкөністерден банка жабуды үйретеміз, және түстерді ажыратуды балалаар үйретеді.

Қарға: жарайды

Жүргізуші: Ал, қанеки қыздар аналарымызбен бірге күздік көкөністен қыстық азығымыз банка жапсақ қалай қарайсыңдар?

Қыздар-Ия әрине

Жүргізуші: 4 қыздан шығамыз, алдарыңдағы түске бөлінген банкаға көкөністі салып, банка жабамыз

Қарға-ооо рахмет жарайсыңдар

Кәнеки балалар бәріміз бірге «Жапырақ» әнін шырқайық

                       Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Алтын күзбен құттықтап

Би билейміз бәріміз – деп келесі кезекті «Жұлдызша»  тобының қыздары дайындаған «Қолшатыр»биімен қарсы алыңыздар!

Би: «Қолшатыр»

Қарға: Ой жарайсыңдар балалар, сендер өте тапқыр алғыр ақылды балалар екенсіңдер, сендерді ренжітіп алсам кешірім сұраймын. Мен өз үйіме қайтайын сау саламатта болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, Қарға!

Жүргізуші:Келші, келші, Алтын күз!

Келші, келші, Жарқын күз!

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші Алтын күз!

(сахнаға себет толы жемістері бар Алтын күз ханшайымы келеді)

Жүргізуші:Сәлеметсізбе, Алтын күз! Өзіңізбен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз.Біз сізге өте ризамыз.

Алтын күз: Армысыздар, бармысыздар!

Күзгі тойға келген қонақтар!

Өздеріңе әкелдім

Күздің сыйын көз тартар!

Жүргізуші:Алтын күз, мына себет толы жемісті сыйыңызды балаларға, қонақтарға таратып бересіз бе?

Алтын күз:Жо-жоқ. Бұл сыйды балалар өнер көрсетіп, қонақтар еңбек етіп, тер төгіп жеңіп алуы керек. Өйткені күздің сыйы жемістер мен көкөністер тек адамның еңбегімен ғана келген. Сондықтан менің сыйымды оңайлықпен ала алмайсыңдар. Менің мына келген қонақтарға өзімнің ала келген ойындарым бар. Балалар сендер білесіңдер ме Алтын күзде табиғатта қандай өзгерістер болады.

Балалардың жауабы. (Жаңбыр, жел, бұлтты күндер)

Сол сәтте ортаға музыка әуенімен : Бұлт келеді,  жаңбырымен

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен қайда келдім, мына жерде не болып жатыр?

Жүргізуші:Ой Бұлт мырза мен жаңбыр қыз қош келдіңіздер, сіздер Жұлдызша тобының алтын күз ертеңгілігіне келдіңдер, сіздер біздің балалармен ойнағыларың келе ме?

Бұлт пен Жаңбыр-Ооо Қандай керемет, ойнасақ ойнайық!

Ойын:«Жаңбыр тамшылары»

(Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты байланыстыратын ойын.)

Жүргізуші:Ендеше ойынның шартымен таныс болыңыздар. Ортаға  5 баламен оның аналарын шақырамын. Бір қолымызға қол шатыр ұстап, шелектегі жаңбыр суын қасықпен стаканға толтырасыз.  (Ойын ойналып , жеңіске жеткен ана мен баласы мараппатталды.)

Ойыннан кейін:Осы сәтте бұлт пен жаңбыр қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:Алтын күз , сені асыға күтіп, біздің балалар өзіңе арнап дайындаған өнерлерін, тақпақтарын тамашалауға қалай қарайсың?

Алтын күз ханшайымы: Әрине.

Умиталип Асылым: Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Нұрланқызы Айкөркем: Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды.

Әлғожа Айла:    Алақай, Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты

Ережепбай Ерасыл: Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Алтын күз:Өте тамаша, өркендерің өссін.

Жүргізуші:          Бас қостық бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз

Мың бұралып билейміз

Думандатып, мерекені

Әрі қарай тойлаймыз. – деп, өздерінің көтеріңкі көңіл күйлерімен, әдемі көңілді билерімен «Тамшылар» биі

Осы кезде қыздарды сән үлгісіне киімге алып кету керек

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әрбір бөбек әсем болар өз сәнімен.

Күз сәні өнерімен ортаға шығып,

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен.- деп келесі кезекті «Сән үлгісімен» топ бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

Сән үлгісі: Қыздар

Жүргізуші:Қандай әдемі дайындықпен келген. Неткен әдемі сұлу қыздар! Табиғи нағыз қолдан ерінбей жасаған әдемі сәнді көйлектер! Жарайсыңдар! Өте әдемі!

Балалар біздің ақ көңіл

Елгезек бала тіл алғыш

Осындай бала өсірген,

Аналарға мың алғыс!

Алтын күз:         Балаларым, балғыным,

Өздеріңді қимаймын

Дәм татыңдар мінеки,

Күзгі жеміс-жидектен

Өздеріңе сыйлаймын.- деп мен сендермене қоштасамын. Өте өнерлі, білімді, талантты балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Қош сау болыңыздар!

(Алтын күз себет толы жемістерін балаларға таратып береді)

Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Ата-аналар! Бүгінгі біздің «Таң қалдырған, Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,  келер күзіміз де берекелі, молшылық, астықты болсын деп тілейміз. Бүгінгі мерекені қорытындылай отырып, «Аяулы күз, Алтын күз» көрмесімен қолөнер дайындап әкелген ата-аналарымызға марапаттау үшін сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Адилбаева Ардақ Сатқыновнаға сөз береміз.

Жүргізуші:               Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар!

Келгенше күз айналып.

Қош сау болыңыздар!

Қорытынды: Марапаттау рәсімі.

Естелікке суретке түсу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.