Home » Мақалалар » Математика пәнінің қоғамдағы рөлі

Математика пәнінің қоғамдағы рөлі

Айланхан Жанболат
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
 Қараөткел ауылдық округі,
Қаражар ауылының ЖОББМ
 математика пәні мұғалімі

Ұстаз деген – ұлттың болашағына тікелей әсер ете алатын бірден бір ерекше тұлға. Себебі ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Заман талабына сай тәрбие беру – мұғалімнің басты міндеті. Ел ертеңі бүгіннен басталатынына терең мән бере білсек, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта  еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасымен ішкі сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас өрендеріміз.

Бізге келіп жеткен салт-дәстүр  мен әдет-ғүрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның  кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез-келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи – физикалық кескіннің геометриялық денелері арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады. Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажет екендігі белгілі.

Қазіргі  ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы терендеп, күрделеніп, зертеу обьектілері кеңейе түсті. Осылайша адамзат ақылмен құрылған анағұрлым жоғары абстракцияларды қамти бастады. Сонымен қатар, теориялық математикамен бірге қолданбалы математика тез қарқынды дамуда. Экологиялық процестерді басқару теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып отырғаны, қуатты электрондық есептеуіш техникаларының пайда болуы, олардың әлеуметтік, экономикалық салаларда кең көлемді қолданылуы  математиканың басқа ғылымдар секілді жоғары қарқынды дамуда екенің көрсетеді.

Математика пәні барлық жаратылыс тану пәндерімен тікелей байланыста. Мәселен, физика пәнінде есептің негізін физикалық тұрғыда түсініп, шешкенмен соңы математикалық формулалар мен есептеу жүйелеріне келіп тіреледі. Және де математика біздің өміріміздің көптеген салаларында да аса маңызды рөлге ие. Өндірістің көптеген салалары, экономика, жаңа технологиялар, ақпараттық жүйелер, өзге де толып жатқан салалар есептеулерсіз өз істерін жүргізе алмақ емес. Яғни, оқушы мектептен математиканың өзегін танып, өзіне сіңіріп алмайынша қай салада болмасын білікті маман бола алмайды.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы білім мен іскерліктің болуы, олардың шығармашылдық жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні оқушылардың өз ойын  қысқа, дәл және дұрыс айта білуіне мүмкіндік туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнің оқушылармен шығармашылдықпен жұмыс істеуінің жемісі. Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру өзінің шеберлігі мен ізденімпаздығына, сабақты қызықты,  тартымды өткізу мүмкіндігінің белсенділігіне және сабақтың әр түрлі әдіс-тәсілдерін  орынды қолдана білуінде.

Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызығып, оның құпияларын білсем деген оқушы оны тереңдете оқуға  ұмтылыс жасайды. Пәнге қызығушылығы бар оқушының білім сапасы жоғары болатындығы белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлану белсенділігін арттырып, білуге, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақтың мақсатына жетеді.

Математикаға қызығушылық тудырудың басты кезеңдерінің бірі – тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту сабақтары.  Бұл сабақтарда олардың білімін өздігінен жұмыс істеуге  арнап, алдарына белгілі мақсат қойып, қайталау сабақтарын жарыс, ойын түрінде ұйымдастырып жүрмін. Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құруда  ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор екендігі мәлім.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру  шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық  материялды базасының жабдықталуы да әсер етеді.  Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны  жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне  жарата білу керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа қажетті электронды оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі – оқу процесін жетілдіру жолында  ең озық  әдістемелер іздестіріп, оқу орындары әр түрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеудеміз. Балаларымыздың жетістіктері жаман емес. Оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған.

Елбасымыздың қолдауымен “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен Ақмола обылысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық окургі, Қаражар ауылында еңбек етіп жатырмын. “Мектептің жаны – мүғалім” деп, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алу барысында ұстаз қауымының алатын орыны ерекше.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.