Home » Мақалалар » Ата-ананың бойындағы функционалдық сауаттылық әсері.

Ата-ананың бойындағы функционалдық сауаттылық әсері.

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық білім беру ұйымдарында  «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры»

аясында өткізілген 1-4 сыныптарының арасындағы оқу сауаттылық апталығы

Оқушылардың фунуционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған  Қарағанды облысы білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастырумен  барлық білім ұйымдарында Оқу  сауаттылығы апталығының  білім сапасын арттыруға пайдасы зор .

Бастауыш сынып оқушылары арасында 17-21 қаңтар аралығында оқу сауаттылығы апталығы өтті. Апталықтың ашылуы ұймдастырылды. Бірлестік  жетекшілері  оқушыларды апталық жоспарымен таныстырып, апталыққа сәттілік тіледі.«Біз бақытты ұрпақпыз» атты тақырыпта 1-4 сыныптар арасында сынып сағаты өтті. Онда оқушылар жыр шашуларын айтып, көрініс қойып, пікір алмасты.Ы.Алтынсарин. «Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша Бестік диктант.«Жас жұлдыз»Танымдық ток-шоуы, «Ой мен ойын» өткізілді. Сайыс «Менің отбасым және кітап»  ата-анамен жұыстарын жандандырды. «Менің отбасым және кітап» фотоакциясы ұйымдастырылды. Республикалық және халықаралық кітап басып шығару мұражайларына, көпшілік кітапханаларына сырттай экурсиялары ұйымдастырылды. Апталықты  қорытындылау экскурсия арқылы оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп, оқуға құштарлығын арттырды.Басқа білім беру ұйымдарында осындай жұмыс түрлері түрлендіріп ұйымдастырылды. Мысалы «Біз бақытты ұрпақпыз» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында челлендж өткізілді. 1-сыныптан Өлкебай Ясина М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін, 2-сыныптан Әбілқадыр Іңкәр М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін, 3-сыныптан  Оңғар Әдемі  А. Асылбектің «Сәулетті біздің Алматы» өлеңін, Спатаев Ғибраттың Т.Молдағаливтің «Қазақ деген халықтың баласымын» өлеңін,  4-сыныптан Серікова Ділназ М.Мақатаевтың  «Анашым» өлеңін, Қазыкен Әнуар  М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін оқыды. С.Шаймерденовтің «Ысқақтың мінезі» әңгімесі бойынша 2-4 сыныптар арасында бестік диктант жазды. С.Шаймерденовтің   «Ысқақтың мінезі» әңгімесі бойынша 3-сынып оқушылары қойылым қойды.С.Шаймерденовтің «Ысқақтың мінезі» әңгімесі бойынша 4-сынып оқушылары кейіпкерге хат жазды. 1-сынып оқушылары «Жас жұлдыз» танымдық ток-шоу өткізді. Сынып оқушылары ән айтып өз өнерлерін көрсетті.«Жаңылтпаштан жаңылма» 2-4 сыныптар арасында жаңылпаштан сайыс өтті. Сайыс жеңімпазы 3-сынып оқушысы  Дәулетханқызы Сезім «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны 2-4 сыныптар арасында өткізілді. Ойын жеңімпазы  4-сынып оқушысы  Қазыкен Әнуар «Сен білесің бе?» 3-сынып  оқушылары арасында жаңылтпаштар сайысы өтті. Сайыс жеңімпазы Дәулетханқызы Сезім 21 қаңтар күні «Кітап –өмір ұстазы» (Қазақстан мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай) буктрейлер 4- сыныптан Елдос Ғибадат қатысты.«Билер қазақ елінде» (Қазыбек бидің 355 жыл толуына орай)  3-сынып оқушылары сахналық қойылым қойды.«Кітап алмастыру» акциясы отбасымен буккросинг (А.Сейдімбек шығармалары) 2-сыныптан  Елдос Әдемі қатысты. 22 қаңтар күні «Толағай» мультфильмі көрсетіліп, талдау жұмыстары жүргізілді. Ертегі желісі бойынша оқушылар сурет байқауы ұйымдастырылды.  Қазіргі заман талабы, ұрпақтарымыздың саналы, сапалы білім алуына ұстаздар қауымының еңбегі зор.

К.М.Ашикбекова
Жаңаарқа аудандық
білім бөлімінің
әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.