Қарағанды обылысы
Нұра ауданы Нұра кенті
КМҚК «Балбөбек»бөбекжайының әдіскері:
Рахимжанова Бота Сарсембековна
«Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек», — деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, дүниеге есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы, дүниетанымы, көзқарасы арманы болады.
Әр адамға жауапты кезең – мамандық таңдау. Өз мамандығыңды таңдап, сол бағытта оқып, жұмыс істегенге не жетсін?! Мәңгілік елдің кемел келешегінің жарқын болуы ол арыстандай айбатты жастардың қолында. Ұрпақтың қонған тұғыры мықты, самғар қиясы биік, барар өрісі кең болғанда ғана еліміздің болашағы нық болмақ. Бұл армандар біліммен ғана өлшеніп, білімді адам ғана осындай мақсатқа қол жеткізері анық. Білімді адам ғана биікке самғап, алысқа ұзай алады.
Адамның осындай мақсатқа жетуіне таңдаған мамандығы жеткізері анық.
Менің мамандығым — мұғалім. Бұл ұлағатты, мәртебелі сөзге — үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол жауапкершілік — адамның бағдарын, бағытын жасаушы. Мен үлгі тұтар ұстазбын, келешек ұрпақтың үлгі тұтар сәулетшісімін. Мен өз шәкірттерімді Егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шығуына өз үлесімді қосамын.
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ алып келген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз». Мұғалімнің қадірі туралы қазақтың данагөй батыры Бауыржан Момышұлы осылай айтқан еді.
Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің діңгегі, түп тамыры мен жүрегі. Барлық мамандықтардың ішіндегі жан-жақты біліктілікті, шеберлікті, икемділікті, мейірімділікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететінде мамандық ол-ұстаздық. Олай дейтінім бүгінгі ұстаз жан-жақты, жаңашыл болуы тиіс, шәкіртіне білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайына тәрбиелеуі тиіс.
Ұстаз ретінде мен ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр әл Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін шығарған емеспін. Басты өмірлік мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.
Мен – ХХІ ғасырдың ұстазымын, Егеменді елдің ұстазы. Шәкірттеріме үнемі «Шәкірт — өзінің ұстазына асып түсуге талпыну керек» деген Леонардо да Винчидің сөзін айтып отырмын. Не үшін? Өйткені, мен де жақсы ұстаз атанып, тәрбие мен білім берген ұстаздарымның алдында мәртебем биік болғанын қалаймын. Балаларға үйрету арқылы өзімді де үйретемін.
Мұғалімнің ең басты міндеті— қазіргі заман талабына сай, жас ұрпақты мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлей білетін, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігі мол етіп тәрбиелеу.
«Әрбір бала – жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!», — деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, әрбір баланың жарқын болашағын жасауға біздер мұғалімдер міндеттіміз. Мен өз мамандығымды жақсы көретіндіктен де, оның мәртебесі мені алаңдатады. Мұғалімнің мәртебесін биікке асқақтатып, биікке шығара алсақ, міне сонда ғана алдымызға қойған міндеттер, мақсаттарымыз жүзеге аспақ. Баланы шын көңіліңмен жақсы көру керек, сырласа білуіміз керек. Баланың көңілін аудару үшін, әрбір сабағымызды қызықты мерекелік іс-шара қылып өткізуіміз керек, баланы ойната отырып оқыту керек, шешімін таба алмаған сұрақтардың жауабын баламен бірге іздеуге арланбау керек, біріккен еңбектің қадірі әрқашан да есте сақтау керек. Баланың алдында айқын, әсерлі сөйлеуге дағдылану керек, істейтін іс те, түр-әлпет те ұқыпты, жинақы, тартымды болу қажет. Баланың бойынан кемшілік емес, жетістік іздеу керек, жақсы істерді дер кезінде бағалап, қолпаштап, ынталандыру керек.
«Жақсы ұстаз — жақсы шәкірт жасайды» демекші, ұстаз деген ардақты мамандықты таңдағаным – соларды құрмет тұтқаным, батылдығым, табандылығым болар?!
Бұл жөнінде Қaзaқстaн Рeспубликaсының Пpeзидeнті Н.Нaзapбaeв “…Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу игepу жәнe жeтілдіpу — бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің, сіздepдің eншілepіңіз”, – дeп aтaп көpсeтті. Сондықтaн дa қapaпaйым мeктeп мұғaлімі peтіндe мaғaн, мeнің әpіптeстepімe Қaзaқстaнның болaшaғын қaлыптaстыpу жолындa үлкeн міндeттep жүктeлді.
Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.
Итальян дәрігер-психологы Мария Монтессори: баланың табиғи дамуына жағдай туғызуымыз керек, мұғалім тек бағыттаушы»- деген ұстанымды басшылыққа алдым. Болашақта осы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, өзіне сенімсіз оқушыларды жеке тұлға ретінде сезінуге ат салысамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасы призеденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2.»Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық.III (негізгі) деңгей.Үшінші басылым