Home » Мақалалар »  Балалар жылы

 Балалар жылы

Аширбекова Макпал Болатбековна      
Жетісу ауданы
№110 мектеп-гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Балалар жылы

Халықтың әлеументтік жағдайын жақсартуда, деңгейін көтеруде оқтын-оқтын қабылданатын мемлекеттік бағдарламалар өте маңызды. Соның бірі биыл «Балалар жылы» Отбасы күні арнайы белгіленіп,  ұрпағымыздың салауаттылығына мемлекеттік деңгейде қолдаулар көрсетіліп отыр. Атаулы мерекелер секілді, биыл елімізде  бұл мерекелер өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Әртүрлі деңгейдегі балаларға арналған іс-шаралар денсаулық, экономикалық-әлеументтік салалар мен қатар білім саласында да бастама алды. БалаFest фестивалі аясында «Кітап — білім бұлағы» атты байқауы өтті. Бұл шара Алматы қаласы  Жетісу ауданы бойынша № 110 мектеп-гимназияда ұйымдастырылып, өте жоғарғы деңгейде өз мәресіне жетті. Балалардың іс-шараға деген қызығушылығын, дайындықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ болмысының түрлі қырын қалыптастырып, дамытуда бұл бастама айтарлықтай зор үлесін қосып, отыр десем артық айтпағаным болар. «Балалар жылы» бағдарламасының негізгі мақсаты. ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланып,  ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асуда. Ауқымды-ауқымды ұрпағымыздың тірлшіліне, бүгініне мән беру, ұлтымыздың ата дәстүрі. Бүгінгі мәселесі және жалғасы. Президент бас болып, егемендік елдігіміздегі қолға алынған ұрпағымызға деген  қамқорлық деп білеміз. Бүгінгі салауатты салты бар, білімді баланың, ертеңгі өмір мәнін білетін, егемендігіміздің тірегі, өз өмірінің тірегі болары анық.

One comment

  1. Гулмадина

    Өте керемет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.