Нигметова Бибитгул Айткалиевна
Жаңақала колледжі
Жаңақала ауданы
Батыс Қазақстан облысы
«Өзгелерге жарқыраймын деп, өзім жанып кетемін»
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу және де бойында позитивтік өмірлік ұстанымын қалыптастыру, психикалық саулығын сақтау және нығайтуға жағдай жасау, адамтанудың құрамдас бөлігі ретіндегі психологиялық денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру.
Барысы: Психолог сөзі:
Қайырлы күн! Құрметті: әріптестер! Бүгінгі «Өзгелерге жарқыраймын деп, өзім жанып кетемін» атты психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер!
Мұғалімдер себеттен жеміс-жидектерді таңдап алынады.( соңынан жемістер арқылы мінездеме беру)
- «Таныс болайық!» тренинг. Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу. (әріпті таңдау арқылы өлең шығару) педагогикалық шеберлік таныту.
- «Менің мінезім» әдістемесі. Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Сол төрт бөлікке бір-бірден берілген атауларын жазу. Төмендегі:
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа, Жылан, Балық.
Соңында Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.
Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- би өрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
- «Жеті қадам» тренингі мұнда таңдаған әрпі бойынша жеті керемет, жақсы тілек айту. Кәники, кім батыл, кімнің ойы жүйрік? Жаттығудан кейін талқылау? Сізге қиын болды ма?
- «Табиғат мінезі» жаттығуы.Қане, бәріміз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша, ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, аяқ астынан жеңіл жел соқты.Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипайсыз.Жел күшейді- енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.Кенет, боран басталды- енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.Содан кейін, аяқ астынан жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады- енді қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жәймен ұрамыз.Бір кезде қатты жауын жауды- біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.Аяқ астынан бұршақ жауды- арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Бір-бірімізбен құшақтасамыз.
- 0
5.«Өзің туралы білгің келе ме?» әдістеме. Суреттен не байқадыңыз? Әр адам өзінше өзгеше тұлға. Қысқаша тест арқылы өзі туралы қызық та пайдалы ақпаратқа қанық болу мүмкіндігін ұсынамыз. Суреттен не көріп тұрсыз? Қара мысық -сіз өзіңізді барынша жоғары ұстайсыз. Асығыс шешім қабылдайсыз, істі түбіне дейін қазбалауды аса ұната бермейсіз. Бірақ биікке қол созасыз. Сізе аздап тереңнен ойлай және мұқият болу жетіспейді. Жауапкершілікті сезініп, салмақты болуға тырысыңыз. Әйтпесе діттеген жеріңізге жетуіңізге екіталай. Тышқан -аса мұқият, ойшыл жансыз, шешім қабылдауда жеті өлшеп, бір кесесіз. Сіздің бір ғана кемшілігіңіз – өзіңізге еркіндік бермейсіз. Алайда өмір тек жұмыс істеу мен алға қойған міндетті орындаудан құралмайды. Браз уақытты демалысқа да арнаңыз. Әйтпесе уақытынан бұрын өмірден өтіп кетуіңіз де ғажап емес. Ақ-қара жолақ- сіз үшін өмір тек ақ пен қарадан ғана тұрады. Сіз өз қиялыңыздағы идеалдарға ғана сенесіз. Жұмыста да барлығы қалтқысыз орындалуын қалайсыз. Бар мәселе осыда, ештеңе де соңына дейін жасалмайды. Өмірде ақ пен қарадан өзге реңктер де бар екеніне сене алмайсыз.
6.«Сіздің болашағыңыз» психологиялық тест. Болашақты болжау туралы жорамалдарға сенесіз бе? Алайда байқап көріңіз. Мүмкін, болашағыңызға қатысты түрткі боларлық жайлар айтылып қалар.
Алдымен көзіңізді жұмып, жарқын болашағыңызды елестетіңіз. Қайда отырғаныңызды да естен шығарыңыз. Әбден босаңсығасын көзіңізді ашып, суретке қарағанда ең алғаш көзіңізге не түсті?
Лампа. Егер көзіңізді ашқанда бірден лампа көрінсе, жақын арада бастамаларыңыз бен істеріңіз оңтайлы шешімін табады, барлығын қалай орындау керек екенін түсінесіз. Басыңызға жаңа сәтті идеялар келіп, қызықты жоба қолға аласыз. Отбасыңыз да шатыққа кенеледі. Қандай жағдай болса да алдыңыздан тек шың күтіп тұр.
Ағаш. Бұл ақылдылық пен дәуірдің белгісі. Сізге әлдекім ойламаған жерден кезігіп, өмірдегі ең құнды кеңеспен бөлісуі мүмкін. Бұл адамның жеке тұлғалығы сіздің көзіңізді ашып, жаңа әлемге жетелейді.
Аспан. Көз ұшындағы болашақта сізге жағымсыз адамның атын білесіз.
Балықшы. Қазір өміріңізде маңызды қадамдар күтіп тұр. Сізден асқан жауапкершілік пен күш-жігерді талап етеді. Бірақ қорықпаңыз. Белгілі бір жағдайларда табандылық танытып, сынақтардан сүрінбей өте білсеңіз, қармаққа алтын балық түсіретін күн алыс емес.
Тренинг басталмас бұрын таңдаған, «Сіз таңдаған сүйікті жемісіңіз» сөйлесін! тест жауабы:
3Сүйікті жемісіңіз арқылы өзіңіздің мінез сипатыңызды анықтауға болатынын білесіз бе? Сіз ұнатқан жеміс сіз жайында шындықты ашып айтады. Сүйікті жемісіңізді таңдап, берілген сипатталамаларға назар салыңыз.
Өрік- өрікті сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батылсыз санай алады, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, қасыңыз да бар. Жалпы сізді өнерге жақын адам десе болады.
Алма- алманы таңдайтын жанды дәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындарды әрине басшылық да жақсы көреді. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап қалатын жағдайлар да кездеседі.
Шие- жемісін сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Шиені сүйіп жейтіндер – жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.
Құлпынай. Құлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.
Жүзім. Жүзімнің түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек.
Ананас. Экзотикалық жеміске құмар жандар барлық әдемі заттарды ұнатады. Мұндай кісі тіпті әдемі сөйлеуге де дағдыланған. Осының арқасында қоршаған ортаның назарында болып, басқалар арасында үлкен абыройға ие.
Алмұрт- алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды.
7.«Күн шуағы» тренингі.
Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату. Әрбір қатысушыларға дайындалған күннің бейнесі бар парағы беріледі. Күннің сәулесіне қатысушылар бір -біріне өз тілектерін жазады.
Қорытынды: Бүгінгі өткен психологиялық тренингке қатысқандарыңыз үшін ризамын, рахмет! Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Қатысушылар смайл кейпінде қолдарын көтереді. Сау болыңыздар!