Түркістан облысы
Кентау қаласы
әл-Фараби атындағы
№14 эстетикалық –лингвистикалық
бағытындағы мектеп-гимназиясының
директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары Джумабаева Альмира Нагашалиевна.
Мамандығым қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
«Отан отбасынан басталады» -десекте , ал әрбір отанның ұйытқысы,берекесі болатын –әйел адам.Ұлттың адаспай , ұлт болып қалуы, ырғақтың дамуы, ел болашағы, ел ертеңі жастарға өзінің аналық махаббатын, мейрімі мен тәрбиесін беретін ол-Ана.
Бүгінгі үлбіреген жас қыздар міне осындай ел ұрпағын өсіретін, үлкен жауапкершілікті көтеретін болашақ –Ана. Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді.Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген.
« Қыз өссе –елдің көркі» дегендей қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі.Осындай әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу,адамгершілік,имандылық,эстетикалық тәрбие беру мақсатында әл-Фараби атындағы №14 эстетикалық –лингвистикалық бағытындағы мектеп-гимназиясында «Асылым қыздар қоғамдық ұйымы» қыздармен сырласу, пікір алмасу кешін өткізіп тұрады.
«Асылым қыздар қоғамдық ұйымының» жетекшісі А.Джумабаеваның ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 қыркүйек күні 6,7.8,9,10,11-сынып оқушыларымен «Жақсы қыз –ата-ана мақтанышы» тақырыбында Кентау қаласының әжелер алқаларымен пікір алмасу кешін өткізді.
Пікір алмасу кешінде қыз бала тәрбиесі, клубтың негізгі мақсаты жайлы айтып өтті.Қыз тәрбиесі жайлы баяндамалар оқылып,видеороликтер көрсетілді.Келген қонақтар мен ата-аналарға сұрақтар қойылып,қыздар өз ойларымен бөлісті.пікір алмасу өте тартымды,қызықты өтті. Қыздарымыздың ақылды,үлгілі,мейірімді,инабатты болуы алдымен ата-анасынан,екіншіден білім ордасынан басталады. Қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем,сұлу да көрікті,әдемі де ажарлы қыздар көп болсын!Сондықтан да қыздарды аялай білейік!