Home » Мақалалар » Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Искакова Жанар Толеубековна
 тарих пәні мұғалімі Қарқаралы қаласы
 М. Бәпиұлы атындағы №44 мектеп
жалпы білім беретін тірек мектебі (РО)
 жанындағы  интенат КММ 

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылымиəдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Бүгінгі күні мұғалімнен шығармашылық ізденістер және білім саласының құзырлы тұлғасының зертеушілік білігі мен щығармашылық қабілеттерінің үйлесімділігі талап етіледі. Осы үдеден шыққанда ғана бүгінгі ұстаз — заман талабына жауап беретін, жаңаша ойлай біліп, өзінің де, өзгенің де жан – жақты дамуына үлес қоса отырып, жұршылық пен ынтымақтастық орнатуға икемді, шығармашыл тұлға болып қалыптасады.

          Тақырыптың өзектілігі.

Оқытудың өзекті мәселесі «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» сауалының біріне Жалпыға білім беретін Мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «Қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығын іздеу керек екені белгілі. Сонымен қатар заман талабына лайықталған қазіргі мұғалім – кәсіптік даярлығы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны өзінің нақты дәрісі үстінде тиімді пайдалана білетін, жан – жақты дамыған шығармашыл тұлға.

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.

Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында   болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.

Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен — тарихтағы ең ұлы істердің бірі» — деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.

Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.

Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға болады. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру-баланың өзін-өзі дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Орыстың ұлы педогогы В.А.Сухомлинский «Мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығырмашылық, еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу, бұл-тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеру деген сөз»,-деп атап көрсетеді. Қазіргі таңдағы оқыту мақсаты — оқушының танымдық тәжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал, көмек көрсету.

Өркениетті ел қатарына қосылудың кілті – білімде болса, білімнің көзі — мектепте екенін ұмытпайық. Мектептің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.

ХХІ ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, оны қолданыста кең пайдалана білуі керек.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды — ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
  2. Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы».Білім кілті.[№1, 2006]
  3. Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. [№1, 2007]
  4. Дәулетов Н. «Бала қабілетіне қарай білім беру – бұл өмір талабы». Егемен Қазақстан. [19 қазан,2005]
  5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі,1992 kaz-news.ru | ekhut.ru | omsk-media.ru | samara-press.ru | ufa-press.ru
  6. Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кріспе. Оқу құралы.: А.2009ж

Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

  1. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.

8. Роль учителя в программе нравственно- духовного образования «Самопознание», Алматы, 2013 ж.
9. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.