Түркістан облысы
Сарыағаш қаласы
ЖШС «Ару Барс» тәрбиешісі
Анарбаева Асем Ерғалиқызы
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу балалардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Балалар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Оқу қызметін тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, қызғылықты да тартымды өткізу тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды.
Қазіргі технологиялардың жан — жақты тараған түрінің бірі «Тәй-тәй» технологиясы. Осы технология бойынша ЖШС «Ару Барс» бақшасының директоры Р.С.Абилова балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі,тартымды материалдар ашық қолжетімділікте пайдаланатын шағын орталықтар дайындады, ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.
Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. «Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді.
ЖШС «Ару Барс» тәрбиешісі Анарбаева Асем Ерғалиқызы «Тәй-тәй» технологиясы бойынша «Біз бақытты баламыз» тақырыбында ашық оқу қызметін жүргізді. Оқу қызметі үш орталықтан тұрды. Олар өнер орталығы, білім орталығы, математика орталығы болып, балалар үшке бөлініп берілген тапсырманы жүйелі орындап шықты.
Менің ойымша балабақшада жұмыс істейтін әр бір тәрбиешіде тәжірбие қорында бала тұлғасын дамытуға бағытталған көптеген әдіс, тәсілдер бар.Осы орайда көптеген шығармашыл педагагторды шыңдап, биік шыңған жетеленген, барлық жағдайды жасап берген балабақша директоры Р.С.Абиловаға айтар алғысым шексіз.
Ендеше білімі терең бүлдіршіндеріміз көбейіп, педагогтардың ісіне нұр жаусын демекпін!
Педагог психолог:Б.А.Досалиева