БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН, ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Избасаров Ербол Хусаинович,
«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының инновациялық білім беру және педагогикалық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Қазіргі уақыт шындығы мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру тәсілдеріне елеулі түзетулер енгізді. Мемлекетіміздің педагогтері қысқа уақыт аралығында өз жұмыстарына өзгертулер енгізуге мәжбүр болды, жаңа on-line форматында оқытуға көшті, АКТ құзыреттілігін меңгерді, сандық білім беру кеңістігінде еркін бағдарлануға, оқылатын материал қызықты және түсінікті түрде құруға үйренді. Осы кезде педагогтерге дайын on-line сервистер көмек болды. Педагог on-line сервистердің негізгі бағыттарының маңыздылығын білу және түсіну ғана емес, оларды өз пәнін оқыту процесінде тиімді тәсілдерін қолдану жағдайынан да қалды.
Желілік сервистер оқушылармен топтық, сонымен бірге жеке жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал етеді. Осы жерде қандай on-line сервистерді қолдануға болатындығы туралы мәлімет бере кетсек:
Powtoonhttps://www.powtoon.com
Slideshttps://slides.com
Microsoft PowerPoint
Vismehttps://www.visme.co
oCam Screen Recorderhttps://ocam-screen-recorder.ru/
Screencast-o-matichttps://screencast-o-matic.com
Movavihttps://www.movavi.ru
Piktocharthttps://piktochart.com
Quizizzhttps://quizizz.com
Sli.dohttps://www.sli.do
LearningApps.orghttps://learningapps.org/
Flippityhttps://www.flippity.net
Classtime https://classtime.com
Kahoot https://getkahoot.com
Socrative https://www.socrative.com/
Көрсетілген on-line сервистерді топтарға бөліп көрсетсек: Бірінші топ – Оқу таныстырылымдары мен инфографикаларды жасауға арналған ресурстар. Бұл ресурстар Сізге анимацияланған таныстырылымдар, инфографика, диаграммалар, графиктер, буклеттер, плакаттар, интеллект-карталар және т.б. құрастыруға көмектеседі.
Canva https://www.canva.com
Visme https://www.visme.co
Powtoon https://www.powtoon.com
Piktochart https://piktochart.com
Slides https://slides.com
Microsoft PowerPoint
Екінші топ — Бейнесабақтар мен скринкаст жасауға арналған ресурстар. Олар тез және сапалы кез келген әрекеттегі бейнежазбалар жасауға, сонымен бірге қолда бар бейнематериалдарды редакциялауға көмектеседі.
Сіздер қалай ойлайсыздар, оларға қай сервистер жатады?
oCam Screen Recorder https://ocam-screen-recorder.ru/
Screencast-o-matic https://screencast-o-matic.com
Movavi https://www.movavi.ru
Үшінші топ – Интерактивті тапсырмаларды құруға арналған ресурстар. Бұл ресурстар оқыту үшін әртүрлі интерактивті тапсырмаларды құруға, сонымен бірге оқу процесіне талдау жүргізуге және жеке тәсілдердің стратегиясын іске асыруға арналған. Оларға келесі сервистерді жатқызуға болады.
LearningApps.org https://learningapps.org/
Flippity https://www.flippity.net
Classtime https://classtime.com
Және төртінші топ – кері байланысты ұйымдастыру мен бағалау үшін ресурстар. Берілген ресурстар білім алушылармен кері байланыс жүргізуге арналған. Бұл бағдарламалар:
Kahoot https://getkahoot.com
Quizizz https://quizizz.com
Sli.do https://www.sli.do
Socrative https://www.socrative.com/
Шартты топтастыруды ескере отырып, оқу материалдарын құрастыруға құралдарды таңдау кезінде келесілерді назарға алу керек:
Біріншіден, сервистердің қолжетімділігі, яғни сервистің ресурстарына кедергісіз қол жеткізу. Қолданыстағы аккаунт көмегімен немесе әлеуметтік желілермен рұқсат етіген аккаунтты қолдану арқылы тек кіруді орындау, қажет болған жағдайда тіркеуді өту талап етіледі.
Екіншіден, мультимедиялық деңгейі, әртүрлі форматтағы ақпаратпен бір мезгілде жұмыс жасауға мүмкіндік беруі: текст, сурет, аудио, бейне.
Үшіншіден, бұл қолданудағы қарапайымдылық. Көптеген желілік сервистердің интуитивті түсінікті интерфейстері бар, сол себепті олардың қолданушылары ІТ-мамандар болмаса да болады.