Home » Ашық сабақтар » «Топжарған»  білім сайысы

«Топжарған»  білім сайысы

Темірбек Жүргенов атындағы
№ 80 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі 
Аймашова Гулжанат Дуйсебаевна

Тақырыбы: «Топжарған»  білім сайысы

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Бастауыш сынып оқушыларын көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын ашық айта білуге баулу.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: шар,слайд,презентация,парақша;

Ұйымдастыру кезеңі:

(шардың түсі арқылы топқа бөлу)

Қызыл шар: «Ақылдылар» тобы

Көк шар:  «Талаптылар» тобы

       Құрметті  бүгінгі «Топжарған» білім сайысына қатысып отырған қадірменді әріптестер,ұстаздар қауымы,қонақтар!

Жаңа апта басталғаннан бері , мектебімізде бастауыш сыныптар апталығында әр түрлі іс-шаралар,қызықты ойындар,көрмелер,сайыстар көптеп өткізілуде.Осындай іс-шараны өткізудің бір үлесі бізге де тиіп отыр.  Сол себепті де 2 –ші сынып оқушылары арасында  өткізгелі отырған  «Топ- жарған»  топтық сайысына қош келдіңіздер!!!

       Сонымен сайысқа қатысып, бақ сынағалы отырған оқушыла -рымызды ортаға шақырамыз.

   Қайсар Қанат,ақылды Аяжан,сабырлы Сәбит….

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп ,сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Шеберлікті ,білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ –қазы алқасы,

Әділ қазы беріңіздер!!!

(Әділқазылар алқасымен  таныстыру)

Сайысты бастамас бұрын сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. Білім орталығы (математика пәні бойынша жұппен жұмыс)

2.Тіл орталығы (қазақ тілі пәні бойынша топпен жұмыс)

3.Ойнап өс те ,ойлап өс (әдебиеттік оқу пәнінен сұрақ –жауап,жеке сайыскерлерге)

Топ бойынша І ,ІІ орындар беріледі және сайыскерлердің ішінен дара шауып,оқ бойы озы шыққан білімділігімен,шапшаңдығымен дараланған сайыскерімізге «Топжарған» номинациясы беріледі.

Сонымен сайыскерлеріміз екі топ бойынша бақ сынайтын болады.

Сайысымыздың 1 кезеңі:

«Білім» орталығы бөлімінде  матаематика пәнінен есеп беріледі және тапсырманы жұппен орындайды. Бұл кезеңдегі тапсырма санына орай әр дұрыс жауапқа  1 балл беріледі.

1 жұп

Бір ғасырда неше жыл бар?

15+57=

21:3=

1 м  =? см

2 жұп

Бір жылда неше ай бар?

25+47=

36:6=

1 сағ. 20 мин-40 мин =

3 жұп

Бір аптада неше күн бар?

23+58  =

81:9  =

2 сағ.30 мин-1сағ.20 мин  =            мин

4 жұп

Бір жылда неше ай бар?

6*9 =

1 сағ. =           мин.

102-13 =         

5 жұп

3 ғасырда неше жыл бар?

98-67 =

2 м 5 см – 50 см  =       см

72:8 = 

6 жұп

Бір тәулікте неше сағат бар?

63:7  =

98-19  =

12 дм =

Жарайсыңдар ,балалар!

Келесі кезеңге көшейік .

Келесі кезеңіміз «Тіл орталығы» (қазақ тілі пәні бойынша топпен жұмыс) болады. Бұл сайыста топтың жұмысын бағалайтын боламыз.

Оқушыларға  үлестірмелер таратылады. Зат есім мен етістікті өз орнына  орналастыру.

Топтың жұмысы 10 балдық жүйемен бағаланады.

«Ақылдылар» тобы:

Тақта,бүркіт,дәптер,парақ,балық,қолғап

Ойнады,оқыды,жүрді,жинады,апарды,отырды.

«Тапқырлар» тобы:

Оқушы,кітап,ойыншық,орындық,киім,доп.

Сөндірді,ластады,шақырды,кісінеді,боздады,қозылады.

Керемет балалар ,қазақ тілі пәнінен тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.

Сайысымыздың соңғы кезегіне де келіп жеттік.

Жұппен жұмыс әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады және үш жұптың балы топқа есептеледі.

Бұл кезеңнің ерекшелігі барлық оқушыға әдебиет пәнінен сайыскерлерге жеке 1 сұрақтан қойылады.Бұл жеке тапсырма. Әр оқушыға жеке 5 балл қойылады.

«Ойнап өс те ,ойлап өс!» (әдебиеттік оқу пәнінен сұрақ –жауап,жеке жұмыс)

кезеңін бастаймыз.

Сәттілік білімпаздар!!!

Сергіту сәті

Сайыс басталмас бұрын берілген екі  түсті шарларын жақсы тілектер айтып отырып үрлейді және жаман қасиеттер шығып кетсін деген ниетпен шарды ұшырып жібереді.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз.

Қорытынды:

Ішкі жан дүниесін нұр шалған адам ұғымтал,білімдар,іскер,еңбекқор келеді.

Ол нұрдың аты оқу,ғылымға құмарту,білім теру.Білімін үздіксіз іздеу ғана адамды тоқтаусыз өсіреді.Осыны ұмытпаған адам ұтады, әрқашанда от жүректі ,намысшыл азамат,отаншыл болыңдар.Өнерлерің өрге жүзіп,білім биігінен көріне берулеріңе тілектеспін.

Марапаттарыңыз құтты болсын, білімпаздар!!! Осымен 2-ші сыныптар арасында өткізген «Топжарған» білім сайысы өз мәресіне жетті.Қош -сау болыңыздар!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.