Home » Мақалалар » «Салт – дәстүрім салтанатым»

«Салт – дәстүрім салтанатым»

Көктем жетті көл — көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып – дегендей  Наурыз мерекесі де келіп жетті. Бірақ  жер анамыз  әлі мұз  көрпесін лақтырмады, әлде қимастық па, көктемнің келуін сағынышпен күтсін деді ме әйтеуір қыстың ызғары әлі де сезілуде. Күннің суықтығына қарамастан  бүкіл қазақ халқы наурыз мерекесін  мәре- сәре сағынышпен  тойлауда.  Нұр – Сұлтан қаласы №85 мектеп- лицейі  ұжымы да Наурыз мерекесін концерттік бағдарламаларымен, ұлттық ойындармен ата- бабамыздан, ұрпақтан- ұрпаққа  жалғасып келе жатқан сал –дәстүрімізді қайта жаңғыртып сахналық қойылым көрсетуден сыныпаралық сайыстар өткізіп  өте тамаша көңіл –күйде  қарсы алдық.

Оқушыларымызға  Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы іс- шарамызға 2900 оқушы тартылды.  «Қош, келдің әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, спорт залда дене шынықтыру пәні ұстаздары 1-5 сынып оқушыларына  ұлттық ойындардан әр түрлі сайыстар өткізді,  6-10 сынып оқушылары арасында мектебіміздің акт залында «Салт – дәстүрім салтанатым»  тақырыбында салт –дәстүрлерімізді дәріптеуден сахналық қойылым көрсетуден  сайыс өткізілді.

«Тұсау кесер» дәстүрін  «Бас жүлдені» жеңіп алған 8 «Г»сынып  оқушылары мағынасын аша түсті,ала жіпті не үшін қолданамыз барлығын түсіндіре отыра баланың тұсауын кесті. Жетекшісі Тоғанбекова Асемгул Адильбекқызы, мектебіміз аралас болғандықтан орыс сынып оқушыларын қазақша сөйлетіп, тілдері келмей жатса да намысқа тырысып мақал-мәтелдер, тақпақ айтып жатқан  1 оынды жеңіп алған 8 «Ж»сынып оқушылары , жетекшісі Ахметова Роза Мұхтарқызы, Умиров Бағлан Бердібайұлы, Ингебаева Жамалхан Әлдібайқызы, Амангельдиева Айгул Кабдешқызы, Шарипова Қарлығаш Аманжолқызы, Есенова Майра Мейрамбекызы, Утебаева Гулжан Кадырғалиқызы т.б ұстаздардың  оқушылармен еңбегі жарқырап көрінді. Сол сияқты «Бесікке салу»,  «Шілдехана», «Сырға салу», «Дәм таттыру», «Жөн -жоралғылар» тағы да басқа сал –дәстүрлер көрсетілді. Бір қуанарлығы оқушыларымыз екі жылғы пандемиядан кейін іс- шараларды, ән айтуды, би билеуді сағынып қалғаны көрініп ақ тұрды.

Сонымен қатар мектебіміздің спорт залында қазақтың ұлттық ойындары  насихатталды.  Ата-бабаларымыздың қалдырған осынау мұрасына ісімізбен адалдық танытсақ, әрине, өзімізге пайда. Оқушыларымызға қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдылықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомдалып шынығуын қажет етуін осы сайыс кезінде тағы да бір сезіндіре білді. Асық атудан  Республикалық, қалалық, сайыстардың «Бас жүлде» жеңімпаздары  дене шынықтыру мұғалімі Оралбек Ақтлеуов , «Бес тас» ойынының қалалық жеңімпаздарын жаттықтырушы дене шынықтыру мұғалімі Спанов Қанат, баскетболдан қалалық сайыстың жеңімпаздарын шығарып жүрген дене шынықтыру мұғалімі Асқар Серікжан, қазақша күресті насихаттап  жүрген Сабитов Құмар т.б ұстаздарымыздың оқушылармен  еңбегі ұшан теңіз.  Қазақтың құйқылжыта салған  әндерін, мың бұралған билерін, күмбірлеген күйлерін нақышына келтіре орындаған оқушылардың жетекшілері Дина Киркимбаева, Назым Тұрысбаева, Ерлан Ахметов, Айгул Асылбекқызы, Ниханбаева Қарлыға сынды ұстаздарымыз концерттік бағдарламамен отырған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Міне, осындай ұлттық құндылықтарымзды болашақ жас ұрпақтың бойына сіңірудегі атқарылып жатқан іс- шараларымыз өте көп.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жолдауында айтқандай «Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін  киелі парыз. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды  бірге өркендетейік, ағайын!

Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!

Нұр — Сұлтан қаласы
Шейх Тәмим бен Хамад әл Тән атындағы
№85 мектеп лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  Жетпысбаева Назым Базылбекқызы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

css.php