Home » Жаңалықтар » 1 сәуір — ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІНЕ байқау жарияланады

1 сәуір — ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІНЕ байқау жарияланады

«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Қазақ жігіттері» меценаттар клубы және «Сайыпқыран», «Білім айнасы», «Қазақ газеттері» ақпараттық сайттары, Қарағанды облысының Азаматтық кеңесі қоғамдық бірлестігі, Бірінші Қарағанды телеарнасы ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде қазақтың дарынды композиторы, әрі дирижері Н.Тілендиевтің туған күніне орай белгіленген 1 сәуір – Қазақ өнері күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында ең үздік құттықтауға республикалық байқау жариялайды.
Бұл үшін сіз келесі шаттарды орындауыңыз керек. 1. өзіңіздің құттықтауыңызды видеоға жазып, оны фб-дағы «Qazaq club» жаңалықтары тобына жариялауыңыз керек. Ең көп лүпіл жинаған және ең мазмұнды құттықтауға жүлделеріміз бар. Сондай – ақ ұжымдық құттықтаулар да қабылданады.
1 орын – 7000 теңге және естелік сыйлықтар.
2 орын – 3000 теңге және естелік сыйлықтар.
3 орын – 1000 теңге және естелік сыйлықтар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

css.php