Home » Мақалалар » Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – қазақ тілі мен әдебиеті сабағында

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – қазақ тілі мен әдебиеті сабағында

Ақмола облысы, Каменка агротехникалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
 Битемір Айнаш Бескемпірқызы

Мақсаты: Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта ұтымды қолдана отырып, студенттерді өз бетінше ізденіс жұмыстарына дағдыландыру; теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Міндеттері:

  • студенттердің танымдық қабілеттері артады;
  • ойлау дағдылары мен шығармашылық қабілеттері дамиды;
  • білім алушылардың өз бетінше білім алуына көмектеседі.

Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты – педагогтердің біліктілігін арттыру. Бұл бағдарлама жеті модульдерден тұрады. Оқытудың өзі бір ғылым демекші, осы мақаламда төртінші модульге, яғни оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модуліне кеңірек тоқталып өткім келеді. Осы төртінші модульді жүзеге асыру мақсатында көптеген ізденіс жұмыстарын жүргіздім. Мақаламда жасаған жұмыстарымды көрсетіп, өз тәжірибеммен бөліскелі отырмын. Дәлірек айтқанда, мақаламда қамтылған жұмыстарымның барлығы оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға арналады.

Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек», — деп Жүсіпбек Аймауытов өз еңбегінде жазғандай, студенттердің қызығушылықтарын оятып, оларды жалықтырып алмау мақсатында әрбір сабағымды жаңаша, қызықты әрі мәнді етіп өткізуге тырысамын. Ол үшін әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды алдын ала жинақтап, сұрыптай отырып талдап, одан кейін ғана тәжірибеден өткіземін.

Төмендегі сайттарда әртүрлі тапсырмаларды студенттермен бірге  өзіміз жасап, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  ұтымды қолданып келеміз.

«LearningApps» сайты                             «Wordwall» сайты

«Plicers» сайты                                 «Kahoot» сайты

«Qr mania» сайты                               «Flippity» сайты

«Survio» сайты                                  «Quizlet» сайты

«Fleshcards» сайты                         «Telegram» сайты

«Tarsia marker» сайты                  «Spiral Festisite» сайты

Цифрлық білім беру оқытушыға не береді?

  1. Сабақ беру әдісі өзгереді, яғни сабақ қызықты өтеді; 2. Сабақ қызықты болғандықтан, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтары оянады;                                                                                3.Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары да артады.                                  4. Білімдерін қысқа уақытта бағалайды, уақыт тиімді пайдаланылады;                     5. Білім алушылардың білім сапасы артады;                                                                                6. Білімді кез-келген уақытта бекітеді, қорытындылайды.                                 7.Студенттің даму деңгейі үнемі бақылауда болады.

Білім алушыларға не береді?

1.Оқуға деген қызығушылықтарын тудырады;                                          2.Шығармашылық шеберліктері артады;                                                                                   3. Өз білімдеріне сенушілік қалыптасады;                                                                             4. Ақпараттарды ұзақ есте сақтайды;                                                                                                                               5. Іздену,  зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйренеді.                                                       6. Функционалдық сауаттылығы  қалыптасады.

Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам басып келеді. Біліктілігіміз бен шеберлігімізді ұштастыра отырып, жас ұрпақты бүкіл әлемді мойындататын рухани биікке көтеру — біздің міндетіміз.

Қазіргі заман оқытушысы жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген білімді де білікті болуы қажет деп ойлаймын.

Мақаламды қазақтың көрнекті ғалымы, ұлы педагог Ахмет Байтұрсынұлының мына сөздерімен аяқтағым келеді: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу… Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек».

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.