2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Демеушілердің қайырымдылық жасап, ізгі амал көрсетуі оқушы жанына қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет.«Жақсылық қылсаң- жасыр, Жақсылық көрсең- асыр»-дегендей,қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.«Вайнах» мешіті және ата-аналар демеушілік танытып, 36 оқушыға мектеп формасы, 20 оқушыға мектепке қажетті құрал- жабдықтар әперді.192 оқушы бюджет есебінен мектеп формасымен қамтылды.Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз…
Князова Макпал Қамбарбековна
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
№ 198 мектептің әлеуметтік педагогы