Home » Айтарым бар » 4-5 жастағы балаларды тірі табиғатпен таныстыру үдерісі — адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу

4-5 жастағы балаларды тірі табиғатпен таныстыру үдерісі — адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы
КМҚК «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі
Чанакова Назерке Нуртаевна

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінің сан алуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсуіне ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат — бұл әртүрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл — балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында «Білім туралы» Заңның қабылдануы ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі ұйымдардағы баланы тәрбиелеу мен қарапайым білім түрі меңгертудің мазмұнын жаңартуды міндеттейді. Себебі бойында ұлттық сезім, ұлттық болмыс нышандары орныққан, өз Отанының, туған жерінің табиғатын, оның байлығын жаңашырлықпен қорғап, аялай білетін жастарды тәрбиелеу — балабақшадағы үзіліссіз тәрбилеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ процесс. Осыған орай Республикамызда мектепке дейінгі ұйымдарында жүргізіліп келе жатқан экологиялық тәрбие жұмысының мазмұны уақыт талабына сай жаңаша сипат алуда [1].

Мектепке дейінгі тәрбие саласында, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы қағидаларға тоқталғанда, табиғат заңдылықтарын күнделікті тіршілік әрекеттеріндегі қарапайым ұғымдар арқылы түсіндіріп, жеткізу ұсынылады. Ал табиғат қорғау Заңына сәйкес еліміздің «Білім туралы» Заңында: «Бала тәрбиесіндегі басты міндет — жаратылыстану және техникалық пәндер мазмүнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас үрпаққа экологиялық тэрбие беру процесін жетілдіріп, жүзеге асыру» — деп көрсетілген болатын [2].

Балалар екі жастан бастап жеті жасқа дейінгі аралықта жас ерекшелігіне орай табиғат жайындағы ұғымдармен әжептеуір танысады, бірақ табиғаттың тылсым құбылыстарын түгел білу қиын, адам табиғат тамашаларын өмір бойы үйренеді десе де болады. Балабақшадағы сәбилерді жан-жақты дамыту үшін, өлі және тірі табиғаттың әсерін, жыл мезгілдеріне орай қалай құбылатынын, табиғаттағы өзгерістердің адам еңбегіне қалай әсер ететінін, жыл бойындағы маусымдарда табиғатты қалай қорғаудың жолдарын үйрету белгіленген. Бала өзін табиғаттың бір бөлігі екенін, табиғатсыз өмір жоқ екенін түсініп, оған ұқыптылықпен қарауға, табиғатты қорғауға қатысуы тиіс. Балаға алдымен табиғат пайда болғанын, табиғатты терең түсінбеген баланың тілі де кеш шығатынын, жан-жақты дамығанымен кейбір кемшілігі көрініп тұратынын сезіндіру артық емес [3].

Зерттеу жұмысының объектісі – 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу ерекшеліктері.

Зерттеу пәні – 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу жолдарын қарастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты – 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. 4-5 жастағы балаларда оқыту мен тәрбиелеуде табиғатпен танысу процесінде теориялық негіздерін қалыптастыру.
  2. Ересек және мектепалды топ балаларда сабақтан тыс табиғатпен таныстыруда адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын қарастыру.
  3. Мектеп жасына дейінгі балаларды тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің жолдары сипаттау.
  4. 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің үрдісін, формаларын дамыту және зерттеу.
  5. 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен таныстыру процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің әдістерін қалыптастыру бойынша іздену жұмыстарын көрсету.

Зерттеу әдістері: 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуде дидактикалық ой дамыту ойындары қолданылды.

Зерттеу нәтижесінің тәжірибелік мәнділігі: зерттеу жұмысындағы еңбектерді мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешілерге және осы мамандық бойынша білім алатын студенттерге пайдалануға болады.

 

1 ЕРЕСЕК ЖӘНЕ МЕКТЕПАЛДЫ ТОП БАЛАЛАРДА ТІРІ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСУ ПРОЦЕСІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМДЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1   4-5 жастағы балаларда оқыту мен тәрбиелеуде табиғатпен танысу процесінде теориялық негіздерін қалыптастыру

 

1.2 Ересек және мектепалды топ балаларда сабақтан тыс табиғатпен таныстыруда адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің педагогикалық шарттары

 

2   4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ТІРІ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМДЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің жолдары

 

2.2 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің үрдісін, формаларын дамыту және  зерттеу

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған ортаның, табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты жұмыстар осылайша жыл бойы үзіліссіз жүргізіле берді. Туған елін, табиғатын қадірлейтін, аялайтын жас ұрпақтың қалыптасуында қоршаған ортамен таныстыру жұмысы мен экологиялық тәрбие рөлі зор демекпіз. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Сондықтан да адам сол табиғатты таза сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, кең байлықтарын барынша мұқият пайдаланып, табиғатқа зиян келтірмеуге тырысуда. Балалар үшін табиғат — әртүрлі табиғат құбылыстарды танудың бірден бір жолы. Табиғаттың сұлулығы, кереметтігі барлық адам баласына өте қажетті дүние. Бұл — дүниежүзілік мәселе. Қазақстанның өзін алып қарасақ, экологиялық жағынан көп зардап шеккен жерлер өте көп. Осылардың бірі, Арал теңізі, Балқаш өзені, Семей палигонының салдары сияқты т.б. шешімі табылмаған мәселелер көп. Табиғаттық қорғаудың керек екенін біз балаларға мектеп жасынан бастап түсіндіруіміз қажет. Табиғатты қорғауға, аялауға, балаларда үйрету керек.

Жер — біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз. Сондықтан табиғатты тепе – теңдікте сақтауымыз қажет.

Табиғатқа қамқорлық, ұқыптылық, табиғатқа деген мейірімділік топсаяхат кезінде іс жүзінде орындалды. Табиғатқа қамқорлықтың пайдасын дәлелді түрде түсінген бала әр табиғи объектіні қоғаудың маңызын біліп, ол білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өзіне-өзі басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етті.

Мектепке дейінгі бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғат пен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екені мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынадай мақсат тұрады:балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын өсімдіктерін таныту қорғауға әсемділігін көруге сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Сондықтан балалабақшаның алға қойған міндеттері.

— Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.

— Мектепке дейінгілердің экологиялық көзқарастарын кеңейту және жүйелеу.

— Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

— Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Бірінші тараудың қорытындысы бойынша ересек және мектепалды топ балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу жүйесінің қалыптасуы атты тарау бойынша 4-5 жастағы балаларда оқыту мен тәрбиелеуде табиғатпен танысу процесінде теориялық негіздерін қалыптастыру және ересек және мектепалды топ балаларда сабақтан тыс табиғатпен таныстыруда адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің педагогикалық шарттары туралы қарастырылды.

4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен таныстыру процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің әдістемелік негіздері атты екінші тарауы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің жолдары атты тарауда 4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеудің үрдісін, формаларын дамыту, зерттеу қалыптастыру бойынша іздену жұмыстары жүргізілді.

Қорыта келгенде баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанын кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс.

Балалардың өлі және тірі табиғат туралы білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл — ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыттық. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиеледік. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастырдық. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттырдық, бірлікке, татулыққа тәрбиеледік. Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып, сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттырдық, достыққа тәрбиеледік.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысы.
  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. – ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы.
  3. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы. Күші жойылды — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.
  4. Қасымбеков Ж.А., Жаздықбаева М.Б. «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесі». Түркістан 2012 ж.
  5. С. Николаева Е. Клемяшова. Природа как основа формирования духовности с детства: эколого-духовное воспитание. // Экология. Новые подходы. 2020. — №11, — С. 32-36.
  6. Онғарбай A.H., Аруова А.М. Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы жанұяның ролі // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы. — Атырау, 2018. — № 1(48). — 26-32 б.
  7. Токарев А.А., Иванова В.В., Сидорова А.В. Экологическое воспитание дошкольников в условиях ДОУ // Молодой ученый. 2012. — №8. — С. 376-377.
  8. Есенжолова Т.Е. Балабакшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі // Бала мен балабақша журналы №6 -№7. — 2012.
  9. Узганова Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігі балабақша отбасының ынтымақтасығында. // Алдаспан танымдық журнал №7. 2018.
  10. Альжанова А.Н. Балабақшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығымен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі. // Алдаспан танымдық журнал №8. 2018.
  11. Нурпейсова Р. Ауамен таныстыру. // Дошкольное образование и воспитание. -№4 (53) 2020. – 9-11б.
  12. Суюмбаева Г.Б. Табиғат құбылыстарының ерекшеліктері неде Жаңбыр. // Дошкольное образование и воспитание. -№5 (54) 2020. – 9-10б.
  13. Оспанова Б.К. Патриотичское воспитание как необходимое средство воспитания подрастающего поколения // Дошкольное образование и воспитание. -№1 (44) 2019. – 22-23б.
  14. Нуртаева А.Р. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа деген қызығушылығын ояту үшін әдіс тәсілдер мен жобаларды дамыту. https://bilimger.kz/92575/ — 2021.
  15. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы.- Астана, 2012.-88б.
  16. Мектепке дейінгі кіші жастағы (5 жастан бастап 6жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы – Астана, 2013.-89б.
  17. Онғарбай A.H., Аруова А.М. Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы жанұяның ролі // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы. — Атырау, 2018. — № 1(48). — 26-32 б.
  18. Қазанғапова Т.С., Таджибаева Ж.С. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлері. http://conferences.neasmo.org.ua/ — 2020.
  19. Турабаева Г.К. и др. Экологическое воспитание младших школьников // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2014. – № 5 – С. 156-158.
  20. Серебрякова Т.А.Теория и методика экологического образования детей дошкольного возраста: учебник для студ. учреждений высш. проф. образования / Т.А.Серебрякова. — 5-е изд., испр. и доп. — М.: Издательский центр «Академия», 2013. — 224 с.
  21. Бекетова Т.И. Экологическое образование и воспитание учащихся // Дошкольное образование и воспитание. №2. — 2014.
  22. Вахрушев А. А., Бурский О. В., Раутиан А. С. Окружающий мир. 2 класс. В 2 частях. Часть 1. Наша планета Земля. – М.: Сфера, 2013. – 122 с.
  23. Мұратова Ә.М. Қасымова А.Е. «Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәніненоқу-әдістемелік кешен / Мұратова Ә.М. Қасымова А.Е. — Өскемен, ЖШС «ШҚПҚ АРГО», 2018. — 157 б.
  24. Алипбаева Г. А., Нурова А. К. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құралы / – Қостанай: ҚМПУ баспасы, 2019. – 135 б.
  25. Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формалары. https://ulagat.com/2020/08/14
  26. Козлова С. Мектепке дейінгі педагогика: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы / С.А.Козлова, Т.А. Куликова. — 15-басылым, өңделген және толықтырылған. — М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. — 432 б.
  27. 2018-2019 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хат.
  28. Балалық шақ: мектепке дейінгі білім беру / ғылыми білім берудің шамамен жалпы білім беретін бағдарламасы. ред. Гогоберидзе А.Г., Бабаева Т.И., Михайлова З.А. — Санкт-Петербург, 2013.
  29. Бритвина Е.В. Жаратылыстану. Əдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4–5 жас) педагогтеріне арналған. Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 122 б.
  30. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 107 б.

Қосымша 1

4-5 жастағы балаларда тірі табиғатпен танысу процесінде адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуде ой дамыту ойындары

  1. «Бұл қай кезде болады?» ойыны.

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.

Ойынның шарты: жауап берген балаға сақина беріледі. Жүргізушінің сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктері ататқызылады.

Ойынның барысы: Жүргізушінің қойған сұрақтарына балалар ойланып, дұрыс жауап береді.

  1. Балалар, қай кезде қызыл, сары жапырақтар көп болады? /балалардың жауабы/.
  2. Қай кезде жеміс-жидектер жиналады? /балалардың жауабы/.

Балалардың жауаптарына қарап, табиғат құбылыстары мен еңбек түрлерінің қай жыл мезгіліне байланысты екенін анықтай алатындықтарын бағалауға болады.

Жүргізуші: Енді мен жыл мезгілдерін атаймын. Ал, сендер соған байланысты бұл кезде не болатынын, адамдар немен айналасатынын айтасыңдар. Мысалы: Көктем деймін де, сақинаны Әйгерімге беремін. Әйгерім тез ойланып, көктемде не болатынын айтады.

Әйгерімнің жауабы: Көктемде қар ериді. Әйгерім сақинаның қасындағы отырған балаға береді. Ол да көктемнің бір белгісін атайды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын шартын бала толық меңгергенде ғана ойын басталады. Қиналған балаға тәрбиеші бағыттаушы сұрақтармен көмектесіп отырады.

  1. «Жақсы және жаман істерді тауып көр»

Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Балалар берілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман, жақсы іс-әрекеттер екенін түсіндіреді.

Көрнекі құрал: жаман және жақсы істерді бейнелейтін іс-әрекеттерден көрініс беретін мазмұнды суреттер.

Ойынның барысы:

  1. Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың іс-әрекеттегі суреті.
  2. Ағаштағы құстың ұясын баланың іс-әрекеттегі суреті.
  3. Әкесімен ағаш отырғызып жүрген баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
  4. Құстарға ұйя жасап ағашқа іліп жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
  5. Гүлдерге су құйып, қамқорлық жасаған қыздың әрекетін бейнелейтін сурет.
  6. Ағаш бұтағына қонған торғайды рогаткамен атқалы тұрған баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
  7. Далада өсіп, айналаға көрік, сән берген гүлдерді бейберекет жұлып жүрген баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет.
  8. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беріп тұрған баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет.

 

  1. «Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрлілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.

Көрнекті құралдар: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің суреттері.

Ойынның барысы: балаларға жақсы көрінетін жерге бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктер аралас салынған сурет ілінеді. Жүргізуші балалардан бөлме өсімдігін көрсетуін сұрайды. Бір бала шығып бөлмеде өсетін өсімдіктерді көрсетеді. Екінші бала дәрілік өсімдіктерді көрсетеді. Балалардан қай өсімдік қандай мақсатта өсірілетінін сұрайды. Ойын осылайша жалғаса береді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

css.php