Шаздан Орынбасар Бахытжанұлы
Алматы қаласы Жетісу ауданы
№177 ЖББ мектебі ДТЖЖО
Алматы қаласы Білім басқармасының 2022 «Балалар жылын» жоғары деңгейде атап өту мақсатындағы жоспары негізінде мамыр айының
20 жұлдызы күні Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектепте Алматы «БалаFEST» балалар фестивалі аясындағы «Жасыл Алматы» байқауының АУДАНДЫҚ кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты: Қаланың оң имиджін қалыптастыру және балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
-балалардың шығармашылығын дамыту және танымал ету;
-патриоттық тәрбиені дамыту;
-Алматы қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру;
-экологиялық жауапты мінез
-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, табиғатты құрметтеу;
-экологиялық және табиғатты қорғау іс-әрекеттерінде тәжірибе жинақтау.
Мектеп оқушыларының дизайн саласындағы шығармашылық белсенділігін арттыру, экологиялық мәдениет деңгейін көтеру, оқушылардың тиімді әлеуметтенуі бойынша практикалық іс-әрекеттері мен қала ортасының экологиялық сапасын жақсартудағы өте ауқымды жоба екені сөзсіз. Білім алушылардың назарын мемлекеттік экологиялық саясаттың міндеттеріне, Алматы қаласының қазіргі экологиялық проблемаларына, инновациялық тәжірибеге және оларды шешу перспективаларына аудару, мектеп оқушыларының жеке жауапкершілігінен басталатыны анық. Сондықтан да аймақтың табиғи, энергетикалық және басқа да ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру саласында білім алушылардың мемлекеттік, қоғамдықжеке ұйымдармен, әлеуметтік әріптестігін ынталандыру басты міндеттердің бірі болмақ.
Байқауға жас санаттары бойынша білім беру ұйымдарының 5-17 жас аралығындағы балалар топтары мен жеке қатысушылар ереже талаптарын сақтай отырып қатысты. Ауданымыздың 21 мектебінен командалар мен оқушылар қатысып, 10 бағыт бойынша 120 білім алушы өз мектептерінің намысын қорғады. Ең үздік деп танылған командалар мен оқушылар іріктеліп, қалалық кезеңге жолдама алды.
Қорыта айтқанда, жасыл ел жасампаз жастардың басын біріктірген мекен. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда, аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы болмақ, ал жастар дегеніміз, ол біздің көз алдымызда өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз. М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет сөзі дәлме-дәл айтылғандай.