Бекеш Мадина
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«Смағұл Сәдуақасұлы атындағы
№78 мектеп – гимназиясы»
Бастауыш сыныып мұғалімі
Зейін- адамның психикалық іс- әрекетінің белгілі нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны өте маңызды. Әсіресе, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі сабақта дұрыстап зейін қоймаудан болады.Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.Егер оқушыға белгілі бір пән қызықсыз болса, ол тақырыпта оқушы сабаққа мүлем зейін қоймауы мүмкін. Баланың оқудағы және басқа іс-әрекеттегі жетістіктері көбінесе оның зейіні тұрақты қалыптасуына байланысты және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге жол ашады. Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы – жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген.
Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсе. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ әуен, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.Сабақтың басында немесе ортасында нейрогимнасикалық жаттығулар жасау өте пайдалы.
Баланы үстелге отырғызыңыз. Жаттығу кезінде екі қолмен бірдей жұмыс жасалады. Алдымен алақанмен, одан соң алақан қырымен, соңында жұдырықпен үстел бетін кезектестіре бір-бір реттен ұрғылауға тиіс. Бастапқыда асықпай жасап, біршама жаттыққан соң жылдамдықты арттыра түсу қажет.Дұрыс ұйымдастырылған жұмыста мұғалім оқушылардың еріксіз де, ерікті зейінін де пайдаланады. Егер ол тек ерікті зейінді тәрбиелеуге ұмтылса, оқу процесі оқушының үлкен тұрақты шиеленісімен байланысты болады және ешқандай қуанышсыз, қызықсыз, ауыр жұмысқа айналады. Мұндай жұмыс жиіркенішті тудыруы мүмкін.Бірақ егер мұғалім өз алдына тек ойын-сауықты, еріксіз назар аудартуды мақсат етіп қойса, онда оқушы мектепте өмірдің қиындықтарына дайындалмайды, оның бойында қажетті төзімділік, ерік-жігер қалыптаспайды. Балалардың жұмысын зейіннің екі түрін де тартатындай етіп ұйымдастырып, мүмкіндігінше кезектесіп, еріктіден кейінгі зейінді оята отырып, мұғалім оқу-тәрбие мәселелерін де ойдағыдай шеше алады.Сондықтан оқушының зейінін дамыту үшін әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар жасау керек.Мысалы. Цифрларды белгілі бір ретпен бөлу,жасырынған заттарды табу,белгі қою, графикалық диктант,пазл,айырмашылығын тап , толықтырып суретін сал, лабиринт, шульте кестесі т.б
Цифрларды белгілі бір ретпен бөлу
Сол жақтағы кестеде 1-ден 40-қа дейін 25 сан бар.Оларды оң жақтағы бос кестеде сол жақ жоғарғы шаршыдан бастап өсу ретімен қайта жазу керек