Home » Мақалалар » Критериалды бағалау жайында алған білімдегі кезеңдерді ой елегінен  өткізу

Критериалды бағалау жайында алған білімдегі кезеңдерді ой елегінен  өткізу

Шакир Зағилаш Байбатшақызы,
Астана қаласы әкімдігінің
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицей» КММ
 физика пәні мұғалімі 

«Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан қажеттілік» дейді Гарвард университетінің нақылдары­ның бірі.

Адам жаяу жолға шығатын болса,біраз жүргеннен кейін артына бұрылып қарайды. Бұрылып қарау себебі  «жол мұраты- жету» дегендей қаншасын жүрдім қаншасы қалды екен деп қарайды. Дәл сол сияқты менде сабақ берудегі оқушы білімін бағалауға бір үлкен өзгеріс енгізіп жатқан «критериалды бағалау» жолын жүріп өттім. Бағдарлама курсын толық аяқтап, курста алған білімім, сабақ берудегі критериалды бағалау әдіс-тәсілі жайлы ой елегінен өткізіп отырған сәтім. Жол жүріп келген адам да барар жеріне жеткен соң, жолда не көрген, не білгенін айтып немесе ой елегінен өткізіп отырады ғой. Шынымды айтсам-оқу әдісіне енгізіліп жатқан бұл өзгеріс- дер кезінде өте кең ойланып,жас ұрпақтың білім алуына,тәрбиесіне өзгеріс қажет боп тұрған кезде енгізіліп жатқан сияқты. Жоғарғы оқу орныны жақсы бітіріп, бір мамандық алып шыққан жастарымыз бірден жұмысқа араласып кете алмайды. Оны көптеген себептері бар екен. Сол себептерді мен осы бағдарлама аясында түсінген тәріздімін. Енді қазір осы оқудан кейін, мендегі қалыптасқан ойды айтсам – білім емес, дағды жетіспейді екен. Білім жеткілікті, бірақ дұрыс берілмейді екен. «Тиімді оқу мен оқыту» бағдарламасындағы  7 модульдің түйінді идеясының тереңдігіне бойлау үшін әлі біраз уақыт керек сияқты. ХХІ ғасыр дағдысын толық меңгерген бала шынымен- ақ мықты маман болып, тіпті еліміздің дамуына зор үлес қосатыны даусыз. Қазір еліміздегі білімді деген жастардың инженерлік білімі жоқ десек қате айтпаймыз. Ол оның алған білімін қолдана алмайтындығының кепілі. Бұл да еліміздің дамуына  жетіспей жатқан білім саласының бір  түрі деп ойлаймын. Мен сабақ беріп жүргенде, ойымда әркез оқушыларды қалай ойлатсам екен, өз беттерімен қалай жұмыс істете аламын деп, өзімше түрлі әдіс қолданып жүретінмін, бірақ оның нағыз тиімді жолын таба алмайтынмын. Енді ойласам, ол білім елімізде әлі жүзеге аспаған кездер екен.

Ендігі кезекте сабақ беру әдісіме көптеген өзгерістер енгізу мүмкіндігіне ие болған тәріздімін. Әсіресе оқушы білімін бағалауда.Не  нәрсенің бағасы жеткілікті бағаланбаса,онда сенімсіздік ,немқұрайлылық пайда болады емес пе…Дәл сол сияқты білімде де оқушы білімінің бағасы нақты болғаны, әділ болғаны білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер әкелу ықтималдылығы жоғары. Қалыптастырушы бағалау өзінің аты айтып тұрғандай жетелей отырып,мақсатқа жеткенше бұрынғыдай бағамен тоқтатып  тастамай,білім қалыптастыруы ұнады.Дескриптордың мұғалім оқушы,ата-ана арасындағы сенімділікк әкелетінін түсіндім.  Егер де осы тиімді оқу мен оқыту бағдарламасы мектептерде жеткілікті дәрежеде қолданыла басталса, жас ұрпақтың келешегі жарқын болары сөзсіз. Жас ұрпақ болашағы жарқын дегеніміз – еліміздің болашағы кемелді екендігінің дәлелі. Сындарлы оқу теориясының мағынасына үңілсек, терең білім алып, оны барлық жерде қолдана алсақ дамудың сатысы  емей немене?! Білім саласына келген өзгеріс – дамудың  баспалдағы екеніне сөзсіз сенемін. Критеариалды бағалау курсын оқыған кездегі менің сезінгенім:

Әдісі екен оқытудың шын жаңалау

Неткен әділ едің сен бұл бағалау

Дескриптор қадаммен бал жинатып

Дегізбейсің бағаға бұл сараңдау.

 

Жетелеттің қалыптастырып білім

Жинақтаттың азайтып баға жүгін

Ұстаздар — ау осыны үйренгенде

Бірлесіп болдық сапа беретұғын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.