Home » Мақалалар » «Абайдың қарасөздері»

«Абайдың қарасөздері»

Астана қаласы әкімдігінің
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
№11 мектеп –лицей»  КММ
Айтжанова Диана Бауыржанқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыстың  мақсаты:

1.Абайдың қарасөзін оқушыларға асылдандыра жеткізу.

  1. Абайдың дана екендігін қарасөздері арқылы ашу.
  2. Оқушыларды қара сөздермен таныстыра отырып, ойлап талқылауға баулу, тәрбиелік мәнін аңғарту.

Көрнекілігі:

  1. Абайдың портреті.

2.Аристотель, А.Македонский суреті.

  1. Абай энциклопедиясы, кәртішкелер.
  2. Интерактивті тақта.
  3. Ғаламтордан алған ақпарат /Македонский жорықтары, Аристотель туралы/

Қолданылатын  әдісі, тәсілдері:

  1. Баяндау әдісі. 2. Сұрақ-жауап әдісі. 3. Сұхбат түріндегі сұрақ-жауап. 4. Салыстыру, қорытынды жасау. 5. Проблемалық зерттеу.

Сыныптан тыс жұмыс  формасы:

Жалпы сыныптық тапсырма, топтық тапсырмалар танымдық іздендіруші жұмыстар.

Өткізу барысы

I.Ұйымдастыру.

Алдымен сынып Абайдың адамгершілік кодексі болатын бес

асыл іске бөлінеді. Олар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Сынып

талапкерлер, еңбекқорлар, тереңойшылдар, қанағатшылдар және рақымшылдар болып бес топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарына сай жұмыс істейді.

Ең бірінші,  үш сұрақ қойылады да, сол сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар ынталандыру әдісі арқылы »шығыстанушы», «батыстанушы» және »абайтанушы» деген атаққа ие болатыны айтылады.

Мұғалім сұрағы:

Абай »Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды деген пікірді кім қалай түсіндірер екен?

«Еңбек» тобының жауабы:

Абай Құнанбаев медреседе оқығанда білім нәрін шығыс поэзиясынан алды. Шығыс  классиктері : Фердауси, Науои, Низами т.б. Өз дастандарында атақты грек қолбасшысы А.Македонский туралы аңыздарды шығармаларына арқау еткен, мадақтаған. Мысалы, Фердоуси »Шахнамә», »Искәндәр-нәмә» Жолиди, Искандәр даналығы» атты еңбектер жазған. Ендеше, Абай шығыс поэзиясымен терең сусындағандықтан, өз поэмасының өзегін одан алды.

2 Сұрақ: Балалар, сонда »Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана  сүйеніп жазылған ба?

«Талап» тобының жауабы:

Жоқ. Мен қарсы жауап қайырамын.

Белгілі  ақын 60-жылдары батыстың ақындары мен философтарының

еңбектеріне ден қойып оқыған. Оған дәлел сөз, өз сөзі. »Шығысым  батыс боп кетті» деуі. Ақын өз шығармасында тарихи  деректерді батыс философы Дрэпердің »История умственного  развития Европы» атты еңбегінен алған шығар. Өйткені Дрэпер»Александр Македонский- это искатель приключении, осущест- вляя номерения отца своего, Филиппа начал свое выступление с крайне ничтожными средствами» деп жазды. Дрэпер әйгілі  философ Аристотельді мақтаса, Абай Аристотель даналығына, ақыл сөзіне сүйсінеді. Олай болса, Абай поэмасы Ескендір қасиетін ашуда батыс ғалымдарының идеясымен үндес

3 Сұрақ:

Абай шығармасындағы өзіндік ерекшелік неде? Абай жасаған Ескендір бейнесінің маңызы неде?

«Тереңойшылдар» жауабы:

Абай Ескендірді тарихқа, оның шын өмірі мен әрекеттеріне жақындатты. Шығыс әдебиетінде Ескендір мадақталып, »патшаның патшасы» деп суреттелсе, дана ақын оның жауыздық, тойымсыздық қасиеттерін сынға алды. /Оқушылар ақынның көтеріп отырған әлеуметтік мәселесін айқындап »Ескендір бейнесін қорытындылап берді./

Қорытынды сөз:

Ойларын дәлелмен пысықтаған балалар «Шығыстанушы», »Батыстанушы»,  »Абайтанушы» төсбелгісі беріледі.атағы.

/А.Македонский жорықтары, әрі өз суреті мен белгілі философ Сократ шәкірті- Аристотель суреті көрсетіледі/.

  1. Жүргізуші — Балалар, дана Абай »Ескендір» поэмасын бізге не үшін , неге жазды?

Тереңойшылдар жауабы: Абай »Ескендір» поэмасын бізге қанағатшыл, рақымшыл болуды, терең ойлауды, адам бойында ар-ождан, ұят,  ынсап сияқты асыл қасиеттер әр уақыт болу керектігін үлгі тұтып жазды.Біздерге  кісілік мұратқа жетелейтін қанағат атты сипатты дәріптеп, өмірімізге  серік етуді қалайды.

2 . Жүргізуші      Балалар, бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы Абайдың қарасөзі болғандықтан, ең әуелі қарасөз туралы ойларымызды ортаға салайық. Қане, ғаламтордан қарасөздң анықтамасын кім жылдам табар екен.

«Топ» жауабы.  Сөздік жұмыс:

Қарасөз дегеніміз-көркем әдебиеттің бір саласы, өлең сөзден айырмасы онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей белгілі өлшем жоқ./Балаларға бір-ақ

рет оқып шығады.  Әр топ тізбектеп жазады да, ойларын жинақтайды/

  1. Жүргізуші- Абай қарасөзінің ерекшелігі неде?Энциклопедиядан жауабын салыстырыңдар

«Қанағатшыл» тобының салыстыру жауабы :Абай қарасөзінің ерекшелігі нақыл, әңгіме түрінде келгендігінде, сюжеті,кейіпкері жоқтығында, түрлі өмір құбылыстары, қоғамдық мәселелер жайлы ой толғау ретінде келетіндігінде

2 . Жүргізуші   Абай қарасөзін  Л.Толстойдың »Круг чтения»  шығармасымен ерекшелігін ажыратыңыздар

Айырмашылықты табу

Белгілі орыс жазушысы Л.Толстой еңбегінде ойшыл адамдардың толғауын келтіреді де, өз ойын келтірмейді, ал дана Абай өз толғауын, тұжырымдап-түсінідіреді, түсінігін әңгімелесіп отырғандай өткізеді.

Интерактивті тақтамен жұмыс:

Хронологиялық таблица арқылы Абай қарасөздері 1890-1898 жылдар аралығында жазылған деп көрсетіледі де, қысқаша түсініктеме тақтада беріледі.

1 сөзі. Абайдың жазуға қалай кіріскені туралы.

2 сөзі. Халықтарды салыстырады /ноғай, татар, сарт, өзбек/.

3 сөзі.  Қазақ сахарасын билейтін әкімдер, билер, соттар туралы /Герценнің

»Былое думасында» жазылған соттар пікірін қайталайды/.

4 сөзі. Күлкі туралы.

5, 24- мақалдарды сынайды.

6-дан бастап ой қайталанып отырады. Олар үгіт, өсиет, сын туралы

7 сөз. Жас бала психологиясы. Үлкеннің надандығы, сол жақсы баланы  жаман тәрбиемен бұзатындығы туралы.

6,№,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,42,43- өсиет, үгіт, ой сын туралы. Оқушы-

оларға интерактивті тақтадағы түсініктемені қарап шығу тапсырылады. Екі-үш оқып естеріне сақтайды. Не бір-біріне айтады, яғни топтық жұмыс, оның ішінде жұптық жұмыс жүргізіледі.Осыдан кейін тақтадағы сөздердің мәнін ашуға өздерін тартамын. Мысалға алдынан танысуға берілген қара сөздің бірі 37 сөз алынады. Адам баласын аздыратын надандық, еріншектік, залалдық деп оқып шығады. Оқығаннан кейін үш жаман қасиеттің мағынасын  өздеріне ашқызамын.

«Рақымшылдар» тобының  жауабы:

Надандық оқу-білімінің жоқтығы. Дүниедегі еш нәрсені оқусыз, білімсіз түсініп болмайды. Оқымасақ, білімсіз болсақ хайуанмен тең болғанымыз.

Еріншектік-жақсы өмір сүрудің дұшпаны, өнердің дұшпаны. Еріншіктіктен,

талапсыздық, кедейлік туады, ұятсыздық шығады.

Залалдық адам баласына қастық жасау, біреудің бағына, малына күндестік қылу,

көз аларту. Адам баласы бір-біріне қонақ, бірінсіз бірінің күші жоқ болғандықтан,

залалдық, қастық жасамау керек, себебі сол адам түбінде бәрібір жалғыз қалады.

  1. Жүргізуші- Сонда Абайдың мақсаты, тілегі не?

Жалпы сынып жауабы:

Абайдың мақсат, тілегі »нұрлы ақылды, ыстық қайратты, жылы жүректі’» адам тәрбиелеу.

/Балалар баяндау әдісі арқылы, сөздік жұмыс арқылы, мәселе қою арқылы өздері іздене отырып, жаңа сабақты жеңіл түсінді, ойларын ұштады. Алдын ала ұлы Абайдың қара сөзімен таныстығы бар екенін көрсете білді.

Бой жазу әдісі:

Күйтабақтан жеңіл музыка ойнайды 7 оқушы шығады да музыка әуенімен билейді. Аздан соң магнитафон сөндіремін, »2» деп айтамын. 2 санын

айтқанда бір-бірімен 2 бала құшақтасып тұрып қалады. Артық қалған бала Абайдың кез-келген қарасөзін жатқа,  не түсінігін айтып беру қажет. Осылай 3-4 рет музыка қойылып, сөндіріліп артық қалған бала өзінің білетін қара сөзін айтып қорғап шығу керек. Қарасөз айтқан баланың еңбегі бағаланады.Осылай Абай Құнанбаевтың қарасөз тақырыбына арналған бірінші сағаты көңілді аяқталады.

Мұғалім сөзі: Сонымен балалар, бүгін  біз кімнің қарасөзімен таныстық? Қарасөздер мағынасы идеясы не?

Жауап, кері байланыс:

— Біз бүгін белгілі ұлы ақын  XIX ғасыр алып тұлғасы, поэзия сұңқары болған

Абай Құнанбаевтың қарасөздерімен таныстық. Ол 1890-1898 жылдар аралығында жазылған екен. Абай қарасөздері құдіретті мұсылман қауымының қадірлейтін құраны сияқты. Қарасөз өмірден алынған, мысалдармен берілген өзі бізге сұрақ қояды әрі өзі жауап береді. Бізге терең өсиет, озғын ойлар айтып, санамызға құяды.

  • Үйге: Абайдың 37,38,1,4,5,24 сөздерін оқу, түсіну, салыстырып келу. Топтастыру сратегиясына, берілген қара сөздер бойынша вендиограммасын жасап келу.

29 комментариев

  1. Салтанат

    Жарайсың. Керемет

  2. Өте керемет маман. Алдағы уақытта да сізге сәттілік тілеймін.

  3. Тамаша! Қаламыңыз мұқалмасын, Диана Бауыржанқызы! Қара сөздердің терең мағынасын, жан — жақты түрде осы оқу жоспары арқылы түсіндіруге болады деп есептеймін.

  4. Еңбегіңнің жемісін көр

  5. Бибінұр

    👏👏👏 молодец

  6. 👍 ал сәттілік

  7. Білікті маман!

  8. Жас та болса өте алғыр әлі тапқыр. Ұстаздық жолың ашық болсын. Оқуда озат шәкірттерің көп болсын. Біліміңді әрдайым жетілдіріп отыр. Жарайсың. Осы қалпыңнан тайма

  9. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Керемет ұстазсыз, жарайсыз 👍

  10. Сәттілік серік болсын сізге Диана Бауыржанқызы!

  11. Шығармашылық табыс тілейміз. Қаламыңыздан шыққан туындыларыңыз көбейе берсін

  12. Нургуль

    Браво, жарайсың !

  13. Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман👏🏻

  14. Қаламқас

    Диана Бауыржанқызы еңбегің өрге жүзсін!!
    Биік белестерді бағындыра бер!

  15. Өте құнды мағлұмат

  16. Ұлболсын

    Оқып шығатын керектіні алатын екен

  17. Диана жарайсың жетістіктерін коп болсын

  18. Бауыржан

    Бәрекелді, жарайсың

  19. Дильназ

    Күштіі молодец

  20. Өте жақсы жазылған

  21. Білімді және білікті жас маманды қолдаймыз әрдайым

  22. Диана, давай сәттілік. Молодец

  23. Тамаша!!!!

  24. Кунсулу Ганиевна

    Диана Бауыржанқызы біздің 71 мектеп-лицейінің түлегі. Жарайсыз!!! Қаламыңыз мұқалмасын. Жас маманды қолдаймн. Білікті де кемеңгер ұстаз болыңыз.

  25. Кешегі шәкір, бүгінгі ұстаз болып отыр. Керемет жетістік. Жарайсың. Үздік ұстаз үздік маман бол

  26. Диан, супер

  27. Жасұлан

    Сәттілік саған

  28. Керемет өз ісінің маманы, тек алға

  29. Керемет жазылған жәнеде сізге сәттілік!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.