Home » Мақалалар » Сөйлемді талдау жолдары

Сөйлемді талдау жолдары

Астана қаласы әкімдігінің
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
№11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абдрахманова Айнамгуль Жумагазыевна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ тілі — оқушыға болашақта қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту барасында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілерімен дұрыс қарым — қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қолыптастыру мәселерін шешу міндеті тұрады.

Тілдің дұрыстығын, әсемдігін,нақтылай айтсақ, тіл мәдениетін, алдымен сөз мәдениетін, яғни мағыналарын түсініп, орнымен қолдануға, түсінікті де, әдемі етіп жазуға немесе сөйлеуге, сөздерді қиыстырып, үндестіріп дүрыс айтуға, қатесіз сауатты жазуға үйрету оқытушының міндеті.

Сабақта дамыта оқыту технологиясы бойынша, нені дамыту керек?
деген бағытта жұмыстарды жоспарладым.

Жаттығу арқылы ең бірінші оқушының сезімін, түйсігін оятып, оны қабылдауын, зейінін, еске ұстауын әр түрлі жұмыстар арқылы жүзеге асырамын.

Жаттығу оқушыны ойлантуға, қиялдауға, болжау қабілеттерін арттыруға жол ашады.

Талдау жұмыстары арқылы оқушы оқу іс — әрекетін қалыптасырып, өз бетінше әр сөзге талдау жасауға дағдыланып, машықтанады.

Сол себепті осы фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік
талдау жасаудың бірыңғай жобасын ұсынып отырмын. Осы
әдістемелік әзірлеме әріптестерге, шәкірттерге қазақ тілін меңгеруде
үлкен көмек көрсетер.

 

1.Фонетикалық талдау.

Талдау реті:

  1. Сөзді буынға бөл, буындардың түрін ата.
  2. Сөз қүрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
  3. Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына жататынын анықта.
  4. Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
  5. Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?

 

Талдау үлгісі:

Құлыншақ – кұ — лын — шақ, үш буынды:

1- ашық, 2,3 — бітеу буын.

қ- дауыссыз, қатаң

ұ- дауысты, жуан, қысаң, еріндік

л — дауыссыз, үнді

ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік

н — дауыссыз, үнді

ш — дауыссыз, қатаң

а — дауысты, жуан, ашық, езулік

қ — дауыссыз, қатаң

Сөзде 8 дыбыс, 8 әріп бар.

 

а) Сөздің 1 — буынындағы ұ  ерінді дауыстының әсерінен 2 –буындағы ы дыбысы ұ болып айтылады: құ- лұн — шақ.

ә) Сөздің үш буынындағы да дауысты дыбыстардың жуан болуы үндестік заңына жатады.

 

  1. Лексикалық талдау.

Талдау реті:

  1. Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрағанын анықта.
  2. Сол сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта

(тура ма, әлде ауыспалы ма).

  1. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап.

 

Талдау үлгісі:

Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.

жылы— жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы

мағынада.

жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним;
жылы— суық – антоним;

жылы— жалпылама қолданылатын сөз.

 

Сөз мағыналарының шартты белгілері омоним о↔о синоним о≈оантоним о→←о

 

З.Сөзді құрамына қарай талдау.

 

Талдау реті:

  1. Сөздің қай сөз табына жататынын анықта; сөздің түрленетін я түрленбейтінін дәлелде.
  2. Түрленетін сөздегі негіз бен қосымшаны ажырат; түрленбейтін сөздердің бәрі де негізгі түбір болып есептеледі.
  3. Сол сөз түбірінен тарайтын түбірлес сөздерді көрсет.
  4. Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат: жататынын дәлелде.
  5. Сөз құрамындағы бөліктерді тиісті шартты белгілермен көрсет.

Талдау үлгісі:

ұтылды— етістік, түраленетін сөз табы.

Ұт – түбір, -ыл – ырықсыз етіс жұрнағы,-ды – жіктік жалғауының III
жағы.

 

  1. Сөздерді сөзжасам тұрғысынан талдау.

 

Талдау реті:

  1. Сөздің лексикалық мағынасын түсіндір.
  2. Осы сөзден өрбитін түбірлес сөздерді ата.
  3. Сөз жасауға тірек болған түбірді көрсет.
  4. Жаңа сөз жасауға негіз болған тәсілді анықта.

 

Талдау үлгісі:

а) құсша – құс секілді

құсша, құстай- сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы жасалған.

ә) білезік – «білекке тағатын әшекей зат» білезік – білек+жүзік – сөздердің бірігуі арқылы жасалған.

 

Туынды сөздердің шартты белгілері:

Туынды сөз — о Δ

Біріккен сөз — оо немесе оо

Қос сөз — о — о

Қысқарған сөз –оооо

Тіркескен сөз – о  о

 

  1. Морфологиялық талдау.

Талдау реті:

  1. Сөз табы. Жалпы мағынасы.
  2. Морфологиялық белгілері.

Бастапқытұлғасы. Тұрақты белгілері. Тұрақсыз белгілері.

  1. Синтаксистік қызметі.

 

Зат есім

  1. Жалпы мағынасы.
  2. Морфологиялық белгілері.

Бастапқы тұлғасы (атау септігіндегі, жекеше түрі).
Тұрақты белгілері:

а) жалқы есім және жалпы есім.

ә)-деректі және дерексіз.

б) дара және жинақтау.

Тұрақсыз белгілері:

а) көптеу
ә) септелу

б) тәуелдену

в) жіктелу

  1. Синтаксистік қызметі.

 

Талдау үлгісі:

Еңлік жанының сезім тамшылары тек ақ өлеңге ғана сияды (Б.Кәрібаева).

жанының — зат есім, ұғым атауы бастапқы тұлғасы — жан (не?).

Тұрақты белгісі: жалпы есім, дерексіз.

Тұрақсыз белгісі: тәуелдік жалғауының III жағы, ілік септігінің жалғауы.

Синтаксистік қызметі: кімнің? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.

 

  1. Синтаксистік талдау.

6.1. Сөйлем мүшелеріне талдау.

 

  1. Сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта.
  2. Сөйлемнен, ең алдымен, баяндауышты тап (қазақ тілінде
    баяндауыштың орны тұрақты екенін ескер). Баяндауыштын астын
    екі сыз.
  3. Баяндауыш арқылы бастауышты тап. Бастауыштың астын бір
    сызықпен белгіле.
  4. Ары қарай сөйлем талдау жүйесі сөйлемнің соңынан алға қарай
    жүргізіледі.

Ескер: 1. Қай сөйлем мүшесін анықтағанда да оған
қойылатын сұрақты сөйлемдегі ойға негіздей отырып, жүйелі түрде
жаса.

  1. Оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма және одағай сөздер) сөйлем мүшесі болмайды.

 

Талдау үлгісі:

Торы атын желдірте жапқанқарт шопан екі қызға тез жетті.

 

Сөйлем мүшелерін белгілеудің шарттары:

Бастауыш __Б

Баяндауыш__б

Анықтауыш__а

Толықтауыш__т

Пысықтауыш__п

 

6.2. Жай сөйлемді талдау.
Талдау реті.

  1. Сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта.
  2. Сөйлемнің түрін анықта:

 

  • айтылу сазына қарай
  • құралымына қарай
  • сөйлем мүшелерің қатысына қарай

 

  1. Сөйлемдегі тұрлаулы,   тұрлаусыз   мүшелерді   тауып,   шартты белгілермен көрсет.
  2. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер барболса, оларға түсінік бер.
  3. Сөйлемді сызбамен көрсет.

 

6.3. Құрмалас сөйлемді талдау.

Талдау реті.

  1. Сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта.
  2. Сөйлемнің түрін анықта:

 

  • айтылу сазына қарай
  • құрылымына қарай
  • мағынасына қарай   (құрмаластың   қай   түріне   жатады: қарсылықты, шартты, түсіндірмелі және т. б.)

—  жасалу тәсіліне қарай (салаласып тұр ма, сабақтасып тұр ма;
қандай жолмен құрмаласып тұр)

—   құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемнің  құрамын сызбаға түсір.

Сөздік:

арасында-между

буын- слог

бөлу-делить

басқа тілден енген — слова, заимствованные с других языков

екпін — ударение

кездесу — встречаться

ауыспалымағына- переносное значение

анықта- выяви

жазылу — написание

карама-карсы -противоположное

құрама -состав

қолданылатын сөз — используемое слово

мағына-значение

ұқсас -сходное

тура -прямое

 

Қолданылған әдебиеттер:

«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы.

С. Дүкенбаев. Ә. Садуақасова. Қазақ тілі.

One comment

  1. Апайымыз өте керемет жан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.