Ешенова Баян Кадыркешовна
Павлодар қаласының
Әлихан Бөкейхан атындағы
лицей-мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғы шарттары тұрғаны баршамызға аян. Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми-зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі.
Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы – оқушылардың танымдық ізденістерін дамыту.
Конфуций былай деген екен: «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау».
Жоғарыда атап өткендей қазіргі сабақтың құрылымын негіздеуде 3 негізгі бөлімді қарастырады.
* «Проблеманы айқындау» кезеңі
* «Проблеманы шешу» кезеңі
* «Проблема шешімін қолдану» кезеңі
Осы кезеңдер арқылы оқушылардың танымдық ізденістері сабақ кезеңдерінің үш сатысын тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Бастауыш сыныптарда технологияландыруда интербелсенді тәсілдер пайдаланудың маңызы зор. Ол – өнімді білім беру іс-әрекетінде, оқушылардың белсенділігін өз бетінше, топтық, ұжымдық жұмыс істеуінде пайдалы. Ең бастысы, қандай тәсілді сабақтың қай кезеңінде қалай қолдану керектігіне баса назар аудару керек.
Енді әр кезеңдерге тоқталып өтсек. Ең бірінші кезең «Проблеманы айқындау» кезеңі. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Бұл кезеңдегі мұғалімнің басты мақсаты — оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «Не білемін?» , «Не білгім келеді?» , «Жаңа білімнің маған берері қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
«Проблеманы айқындау» кезеңінде мынадай ережелерді ұстану қажет.
* Проблемаларды негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау.
* Бір де бір идеяны жалған деп танымау.
* Кез келген идеяны жалғастыруға ұмтылу.
*Оқушылардың толықтай ашылуы үшін әрдайым қолпаштап, ынталандырып отыру.
* Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар келтіру жұмыстары аяқталған соң ғана бастау.
Проблеманы айқындау кезеңінде пайдаланылатын әдіс тәсілдер.
* Қарама-қарсы бағлауға негізделген диалог.
* Синектика
* Тура, жеке, символикалық, фантастикалық аналогия,
* Кластерлер
* Атаулар кестесі
* Атаулар туралы 3 сұрақ.
* Ойлан. Жұптас. Пікірлес
* Т-кестесі
* Оңай және қиын сұрақтар кестесі.
*«Мишық» әдісі тағы басқа әдістермен бұл әдістер ой қозғауға негізделген.
Мұндағы әдістердің ең басты қағидаты идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы, оқушылар өз ойдағыларын еш күмәнданбай /жауаптарының дұрыс-бұрыстығы, қажет-қажет еместігі / келтіре беруі керек. Осы кезде «Жасасын ,қате!» деген ұранды ұстанған дұрыс. Себебі, тек ештеңе жасамаған адам ғана қателеспейді.
Сабақтың екінші кезең «Проблеманы шешу» кезеңі . Сабақтың бұл кезеңінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді әдістерін ұсынып , олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы жаңа пікір қалыптастырады. Оқушылар бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін, түсінемін, игеремін?» «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?» «Бұл мәлімет туралы менің ойым, түсінгенім қандай?» деген сауалдарға жауап береді.
Проблеманы шешу кезеңінде пайдаланылатын әдіс тәсілдер.
* Білемін, білгім келеді, білдім әдісі * Аялдама әдісі.
* Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою әдісі * Егерде әдісі
* Бірін-бірі оқыту әдісі * Қос жазба күнделігі әдісі
* Сұрақтар кестесі * Жигсо әдісі
* 5+5+1 әдісі
Сабақтың үшінші кезеңі «Проблема шешімін қолдану» кезеңі. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасып, талқылау ұйымдастырылады. Оқушылар осы сабақта білгендері мен үйренгендерін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуде қолданады. Бұл кезеңде оқушылар «не білдім/ үйрендім?» «Бұл не үшін керек?» , «Тағы да не білгім келеді?» бағалау деген сұрақтарына жауап беру керек.
«Проблема шешімін қолдану» кезеңінде пайдаланылатын әдіс тәсілдер.
* Шағын топтағы дөңгелек үстел * Пікірталас * Үш қадамды сұхбат
* 6 неліктен? * Постер құрастыру * Үлкен шеңбер * Қос шеңбер * Аквариум
* Галереяны шарлау әдістерін пайдаланған өте тиімді.
Мұндағы әдістердің ең басты қағидаты тақырып бойынша мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігінен игеріп және бірін-бірі оқыту керек. Осы кезде «Түсіндірген сайын, өзіңде түсіне бересің» деген ұранды ұстанған дұрыс. Себебі, ойлану –тегін шаруа емес!
Бұдан екі мың жыл бұрын көне латындар «Үйрете отырып үйренемін!» деп бекер айтпаған болар. Американ зерттеушісі Вильям Глассер «Біз білімнің 10 пайызын оқығанда, 20 пайызын тыңдағанда, 30 пайызын көзбен көргенде, 50 пайызын көзімізбен көріп, тыңдағанда, 70 пайызын пікір таластырғанда, 80 пайызын тәжірибе жасағанда, 90 пайызын басқаларды үйреткенде» деген екен.Ұстаздың басты мақсаты –шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу деп тұжырымдамаға тұрарлық. Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек.
Адам қашан терең ойлай бастайды? Бірінші мезетте оның алдында дайын жауап жоқ қандай да бір мәселе немесе әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда. Міне осы кезде ойлау, сыни көзқарас пайда болады. Альберт Эйнштейн: «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» — деп айтқандай, өзімізді дәстүрлі сабақтан алшақтатып, сабаққа жаңаша бір көзқараспен қарау, әр сабағымызды өткізген соң сабағымда болған тиімді жақтарын одан әрі жетілдіріп, тиімсіз жақтарының болу себептерін анықтап, келесі сабақта оның шешу жолдарын таба білуге бағытталуымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Peters, S. Ойын арқылы математиканы үйрену
- Игенбаева Б.Қ. Аринова Г.К. «12 жылдық білім беру жағдайында оқыту әдістері технологиялары (әдістемелік құрал)» Астана 2016ж
- Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныпта қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер.