Азимбаева Асия Джамбулатовна
Павлодар қаласының
Әлихан Бөкейхан атындағы
лицей – мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу, оларды қолдану ерекше орын алады. Әр сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық – адамдардың мәдени, әлеуметтік, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни қазіргі жаңа заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай әрдайым білімін жетілдіріп отыруы.
Математикалық сауаттылық – математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын білу, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеруі. Ой-өрісі, ақыл-санасы кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны өте маңызды. Біздің заманымызда математика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өздігінен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы өте зор. Бүгінгі күнде математика пәнін нәтижелі, сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған маңызды мәселелердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау кезінде, бала өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы жеткілікті болып, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір, ойын айтуға машықтанады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі математика пәнін оқытуда ерекше орын алатынын атап айтқан жөн. Жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы математиканы оқытудың мазмұнын сапалы жүзеге асыру тиімді. Математика сабағында оқушылар өз бетінше білу дағдыларын дамыту маңызды іс-әрекеттің бірі. Тапсырмаларды өздігінен тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру үшін жаңа технологиялар әдістерін кеңінен таңдап, қолдану қажет. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әртүрлі стратегияларын қолдану, өздігінен жұмыс істеу факторы – есептерді өзі шығара білу. Шапшаңдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру мақсатында шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа заман оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, ойларын еркін айтуға, балаларды шығармашылыққа, қысқа уақытта шешім қабылдауға көмектесетін ең тиімді технологияның бірі болып табылады. Бұл технологияны пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен пән мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының ерекше өзгергенін байқайды. Сын тұрғысынан ойлау әдісі математика сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойын еркін және дәл тұжырым жасауға үйретеді. Пікір қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни тұрғыда қарап көрген-білгенін талдап, реттеп, салыстырып, зерделеп, жүйелеп білмегенін өзі реттеп, дәлелдеп, тұжырымдар жасауға бағыттайды. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық тұжырым жасауға тырысады.
Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сараланған жаттығуларды орындауда жаңа технологияларды, әдістерді қолданудың маңыздылығы көп. Оны айта кетсек, жеке, жұптық немесе топтық жұмыстарда әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады. Теориялық негізін есеп түрінде игеру математикада оқушының ойын жинақтайды, икемділік, терең қызығушылық, жинақылық, жүйелік сияқты қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қоса, есептер, түрлі жаттығулар, математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару — оқу және кәсіптік іс-әрекеттің негізгі түрі. Әрбір есептің өзіне сай әдістемелік мақсаты болады. Сондықтан оқушы есепті шапшаң, оны қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылуға қарағанда, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен керекті қорытынды жасай алуға тырысуы керек. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні де өте зор.
Есеп шығару оқушының бойында төзімділік пен табандылықты қалыптастырады. Керекті шешімді іздеп жазудың, сызудың ықшамдылығы мен мұқияттығын керек етеді. Математикалық ойлаудың ерекше стиліне тәрбиелейді:
— талқылаудың, формальдік-логикалық сұлбасын сақтауға (талдауға, құруға, дәлелдеуге, зерттеуге);
— ойдың ықшамдығына;
-ойлау барысының нақтылығына;
— математикалық символиканы дәл қолдануға.
Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:
- Есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;
- Есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;
- Есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы;
- Есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;
- Есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;
- Есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;
Осының барлығында да математикалық ойлаудың негізгі түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру керек.
Ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар арқылы мүмкіндігінше игерумен қатар функционалдық сауаттылығы да қалыптасады.
Қазіргі ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалану, оқушының білім сапасын шығармашылық ретінде арттыру – өмір талабының бірі. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы сабақта проблемалық ситуациялар енгізіп, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өздігінен тақырыпты түсінуге мүмкіндігінше жағдай туғызады, танымдық қызметін игеріп, нәтижеге жетелеп отырады. Сабақ соңында оқушылар өздері қорытынды шығарып, практикалық-шығармашылық жұмыстармен бекітеді.
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізінде, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлінеді. Осы аралықта бастауыш сыныпқа арналған «Логикалық математика» есептерінің маңызы зор.
№ 1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 4 уыс ұн жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады? (3,125 кг)
№ 2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? (332 сағ)
№ 3. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты. Келесі күні осы тауарын 4000 қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге сатса, делдал осы саудада қанша пайда не шығын көрді? (1000 тг пайда)
№ 4. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)
№ 5. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде есек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, есек те бар? (30)
Әртүрлі қызықты есептер бала ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде логикалық есептерінің де маңызы зор. Осының дәлелі ретінде айтылғандай бірнеше есептерді орындап, ойлау қабілеттерін тексеруге де болады.
Бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса жалықпай, үлкен міндетпен, алдымызға келген оқушыларымызға олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, кемел білім беру үшін аянбай еңбек ету.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың жоғарыға дамыған кезеңі, біз мұғалімдер, сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі, біз оқушы тағдырына, жалпы адам тағдырына жауаптымыз деп есептеу керекпіз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмысын жүргізуіміз керек:
- Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр бөлімі, әр бөлігі, тақырыбы бойынша «білу-түсіну-қолдану-тұжырымдау» жүйелі деңгейлік тапсырмаларымен жұмыс жасауды күшейтуіміз керек;
- Сабақта практикалық-шығармашылық есептерді, әртүрлі форматтағы тест жұмыстарын, стандартты емес жағдайларда білімді пайдалануға негізделген, қызықты есептер шығартуымыз керек;
- Әртүрлі таңдау курстарында алған білімдерін математика сабақтарында өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйретуіміз керек;
- Белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағыттап, үйретуіміз керек.
Қорытындылай айтсақ, бүгінгі заман талабы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Педагогтің сабақ беру шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті негіздесе, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі педагог оқытқан оқушы – өмірде өз жолынан адаспай, білімді азамат болып қалыптасады. Бұл педагог үшін маңызды, яғни жұмысының жемісі, әр педагог осыған ұмтылса алдымыздағы оқушымыз, болашақтың жұлдызы.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мектеп оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 2. PISA халықаралық зерттеу. Әдістемелік құрал — Астана ,ҰББСБО, 2013 |
- Садыбекова Ж. Оқу- тәрбие үрдісінде ақпараттық коммуникацияны қолдану қажеттілігі. №4, 2008
- Ералиева М.Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп -2006.№5