Home » Мақалалар » Жас ұрпақтың бойына салт-дәстүр, этномәдениет құндылықтарын сіңіру

Жас ұрпақтың бойына салт-дәстүр, этномәдениет құндылықтарын сіңіру

Жуманбаева Меруерт Калиоллаевна
Павлодар қаласының  
Әлихан Бөкейхан атындағы
лицей-мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып жүрген өзекжарды  мәселелердің бірі – ұлттық білім беру.  «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының  арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,  баланы  сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» — деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген. Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.

Этномәдени білім беру дегеніміз  жас ұрпақтың бойына шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер, ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты, Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты  ғасырлар  қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша  уақыт өтсе де тот баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына. Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке  инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған. Олай болса, бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет. Халық батыры Бауыржан Момышұлы  айтқандай «өткенін білмеген, одан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз».

Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамымыздағы өзгерістер еліміздің әулеметтік-экономикалық жақтарын түгел қамтыды  сонымен   қоса сана сезімімізге көптеген өзгеріс болуына әсер етті. Сол өзгерістерді дұрыс жолға бағыттауда білім беру саласының  ықпалы зор. «Тәрбиесіз берген білім — адамзаттың қас жауы» — деп Әбу Насыр Әл Фараби ғұламамыз айтып кеткендей, қазіргі білім  ұлттық  бағытта болмаса, шығар нәтиже  теріс болмақ. Сондықтан да, этно мәдени білім бере отырып, білім саласының алдында  педагогиканың жақсы үлгілерін сақтай отырып, қазіргі қоғамға қажетті, ұлттық мүддені жоғары қоя алатын, барлық құндылықтарды сақтай отырып, жаһандану заманында ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.  «Бұлай тәрбиеленген жас қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады»  — деген Міржақып Дулатов.

Қазіргі білім саласында этномәдени білім мен тәрбиені сабақтарымызда да жүйелі пайдаланып, оқушының бойына сіңіруге кеңінен болады. «Шілдехана», «Тұсау кесу», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық ойындар», «Зергерлік бұйымдар», «Бесік жыры» ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, оқу мен тәрбиеде қолға алып  жас ұрпақтың бойына сіңіруге көмектесу, жас ұрпаққа ұлттық дәстүрінде білім беріп, тәрбиелеу қазіргі білім саласының  басты міндеті. Өз сыныбымда сабақ өткізу барысында да салт дәстүрлерімізді оқушының бойына сіңіру мақсатында түрлі ұлттық ойындар мен  дәстүрлермен де таныстырып, оны іс жүзіне асырудамын. Қаламыздағы Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражайына саяхаттқа барып ұлттық аспаптармен танысып, сол аспаптармен мұражай жетекшісі өнер көрсетіп, әр аспаптың үнімен таныстырып түсінік  беріп өтті. Өйткені тек білімді адам ғана басқаның мәдениетін, өз төл тарихы мен мәдениетін бағалай алады, өз халқының ажырымас бөлігі екенін сезініп, халық  мәдениетінің  қажеттілігін өтей алады. Ал этномәдени білім  жеке тұлғаның этномәдени ерекшеліктерінің  қалыптасуына және оқу мен тәрбиенің  ұлттық жүйесін дамытуға негіз болады .

«Қыз қуу»

«Арқан тартыс»

« Бәйге»

«Тұсау кесу»

Біз халықтық тәлімнің ақ уыз шырынан нәр беретін текті тәрбиеге қол жеткізетін ұлттық қазына, рухани байлық атты қасиеттерімізді үнемі назарда ұстауымыз керек. Бұлардың бәрі жас ұрпаққа үйренумен , таныммен , тағлыммен келеді. Сондықтан да, қазіргі оқуымыз да, тәрбиеміз де этномәдени тұрғыда болуы керек деп есептеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.