Қазіргі таңда білім беру жүйесінің алдында үлкен бәсекелестік тұр. Білімді жаттанды түрде қолдану тиімсіз екеніне көзіміз жетті. Әлем көшіне ілескіміз келсе, халықаралық стандарттарға сай болу керекпіз. Соған байланысты 2009 жылдан бері Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді. 3 жылда бір болатын зерттеу нәтижесі жылдан-жылға көтеріліп келеді. Бұл зерттеуге 15 жастағы оқушылар, яғни 8-сынып оқушылары қатысады. Зерттеудің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Біз өзіміздің педагогикалық тәжірибемізді пайдалана отырып, 8-сынып оқушыларына арналған «Оқу сауаттылық» факультатив курсының бағдарламасын жасадық. Сабақ барысында «оқылым» дағдысын меңгерту кезінде ұтымды қолдандық. Аталмыш бағдарлама оқушыларды PISA халықаралық зерттеуіне дайындық тұрғыда пайдалануға өте тиімді екенін байқадық.
Оқушылардың қызығушылығын танытатын тапсырмалар жинағын құрастырдым. Диаграммалы, графиктік, суретті мәтіндерді оқудың өз ерекшеліктерімен оқушылар танысып, мәтіннен алған ақпаратты қалай өмірде қолдануға болатыны туралы ойлантуы өте құнды дүние деп білем. Оқушыларды білу, түсіну деңгейінен синтездеу, қолдану деңгейіне жетелейді. Қазіргі таңда «Оқу сауаттылығы» тапсырмаларына кеңінен көңіл бөлініп отырса да, оқушылар ҰБТ форматындағы оқу сауаттылығымен шатыстырады. 15 жасар оқушыларға (8-сынып) арналған PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылық тапсырмаларының өз ерекшеліктері бар.Арнайы жасалған бағдарламада бұл ерекшеліктер айқын байқалады.
PISA апробациялық зерттеуіне қатысу-білім алушылардың өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде өздігінен іздену, талдау жасау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Іс-тәжірибемізді пайымдай келе, 8-сыныптарға арналған «Оқу сауаттылығы» бағдарламасы оқушыларды PISA зерттеуіне дайындауына тиімді әсер ететіні анық.
№24 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері,
Жаңабек Дана Әкімжанқызы,
Тиынтай Айгүл.