Кішкентай кезімізден ажелеріміз ертегі айтып, бізді кітапқа баулап өсірді. Қазіргі таңда кітап оқу, біздің ой-өрісімізді өсіру барысында және балалармен ара-қатынасымызды жақындастыруда әсері зор. Елбасымыз “Кітап-ең сабырлы ұстаз” деп бір-ақ ауыз сөзбен кітап құндылығына баға берген. Кітап оқу, ол адамның ой-өрісін, болашаққа деген көз қарасын, өмірге деген құлшынысын арттыра отырып, алдағы үлкен арман-мұраттарға жолы ашылады десем қателеспеймін. Жәнеде өмірде басты құндылық дүние мүлік емес, бүгінгі күнмен өмір сүрмей, болашағыңды ойлай жүру. Осы ойды түйе келе мен сіздерге оқыған бірден-бір оқулығым Сәуле Досжанованың “Үлкен үйдегі үрей” атты роман туындысы.
С.Досжан бұл –шытырман оқиғаның астарында шындық һәм тағылымды тәрбие жатыр. Автор бұл оқиғаны аяқ-асты жаза салмай, үш жыл бойы зерттеп, тіпті отбасысымен бірге осы өмірде өткен оқиғаның қайда болғанын сол үйге барып көрген. Автор өткен ғасырдағы нәзік жандылардың басынан өткерген қиындықтары мен психологиясын көркем суреттеп, қазіргі заманның қыз-келіншектеріне соны ұғындырғысы келеді. Бұл шығармашылығындағы негізгі кейіпкер — әйел, тақырыбы — заман. Романда адамдар арасындағы аса күрделі қарым-қатынасты сипаттайды. Байлық пен кедейлік, махаббат пен зұлымдық , мейірімділік пен тәкаппарлық, адалдық пен пендешілік хақында сыр шертеді. Романда қазақ пен татар ұлтының мінез құлығыда баяндалады. Қазақтар саудаға шорқақ, алдына келген адамды қолтықтап, үйіне қонуға шақырады. Ал, татарларды әу бастан сауданың жілігін шағып, майын ішкендерін көрсеткен. Тегі татар Арслан қазақтың байлығына қызығып, әрі бәйбішесі сүйдіре алмаған кішкентай сәби иісін аңсап, қазақ қызын тоқалдыққа алғысы келеді. Ел аралап, ат шаптырып бойжетіп отырған Хадиша есімді аруға көзі түседі. Хадиша сол шаңыраққа тоқал болып түседі. Уақыт өте келе сол кезде өткен қиыншылықтан өзінің Алла қосқан жарын таңдамай, ақша,байлық, ашкөздікке бой алдырып, жарын өлтіріп, сол тұрып жатқан үйінің жертөлесіне денесін тығып койған. Өмірінің соңына дейін сол қателігімен өмір сүріп, көз алдына күйеуінің сұлбасы көрініп, сол сұлбаның арқасынан еріп, ес түссіз жоғалып кететкен! Бұл жерде менің айтпағым, біреуге жасаған жамандығың қаншама айлар, жылдар өтседе өз басыңа айналып келетіндігі көрсетілген. Арслан тек қана нәзік жанды әйелдерге ғана тиісетін. Ол Арсланның Хадишаға кек сақтап қалуынан болуы мүмкін болатын! Хадишаның бұл жасағаны тек өзінің ғана емес, басқа да отбасыларға көптеген кайғы қасірет әкелген. Бірақ Арсыланның мәйітін тауып, құран оқып жерлеген соң марқұмның жаны жәй табады. Міне, осылайша қалай, не жасасаңда шындықтың беті ашылмай қалмайтындығы бейнеленген. Бұл кітапта ешкімге жамандық ойламай, көз бояйтын дүние қоңыз байлыққа қызықпай, адам болып өмір сүруге шақырады.
Шымкент қ.
№ 52 мектеп-лицейінің
орыс тілі пән мұғалімі
Тенебаева Қарлығаш Абдалиевна