Бокеева Шынар Нурланкызы
« Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі»
«Топқайың орта мектебі» КММ шағын орталықтың тәрбиешісі
(Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу-қызметінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Нұр-Сұлтанға саяхат».
Мақсаты: Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының көркейген, гүлденген бейнесін балаларға көрсету. Балалардың туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Патриоттыққа тәрбиелеу.
Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдана отырып, балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, көркемдік эстетикалық талғамын, ой-қиялын дамыту.
Ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір-бірімен ақылдаса, келісе отырып, қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру.
Еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту, Астана көрінісінің әсемділігін, сұлулығын сезіндіру. Бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, ойыншық поезд, түрлі түсті асықтар.
Әдісі: саяхаттау, түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, топтық жұмыс жасау, пенамен сүрет салу әдісі (пена гуашь, кылқалам)
Барысы: Музыка залы әсем безендірілген, теледидарда Астана туралы видеоролик жүріп тұрады.
Балалар бөлмеге кіріп, ортаға дөңгелене тұрады.
Қазақстан Республикасының Әнүраны
Балалар бір қатарға тұрып әнұран орындайды.
Мотивациялық қозғаушы: топта ҰОҚ психологиялық ахуал туғызу.
Болсын кіші – бойымыз
Биікке ұшу – ойымыз
Біз бақытты баламыз
Қазақ елінде тұрамыз.
Тәрбиеші: сұрақтар:
- Біздін еліміз қалай аталады?
- Еліміздің ордасы қай қала?
- Елбасымыз кім?
- Президентіміз кім?
Балалар, бүгінгі күніміз ерекше болғалы тұр, себебі бүгін біз бас қаламызға Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа барамыз.
— Ал саяхатқа шығу үшін бізге не керек?
- Көлік
- Дұрыс, балалар. Олай болса, көлігімізге отырып саяхатқа шығайық.
1-ші аялдама — Нұр-Сұлтан қаласы.
Балалар, міне біз Нұр-Сұлтан қаласына да жеттік.
1 аялдама. «Бәйтерек».
Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында «Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы — Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі — 97 метр. «Бәйтерек» монументін салу идеясының авторы – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
2 аялдама «Хан шатыры»
Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, концерт алаңы бар. Қала тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
— Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Саяхат сендерге ұнады ма?
Ал қазір балалар саяхатта не көргенімізді қағаз бетіне салайық.
Шығармашылық орталығы. Пена әдісімен көлемді сүрет салу. Ватман бетінде бәйтерек, ханшатыр, ту, кемпірқосақ, гүлдерді қылқаламмен пенамен бояту. Балаларға түстердің атын айтқызу. Бояуға қөмектесу.
Сергітү сәті.
Тәрбиеші: Біз ойнайтын дөңгелек,
Өзгелерден тым бөлек.
Асық ойының ойнайық,
Қызығына тоймайық.
Ойын: «Асық». Түрлі түсті асықтарды түстер бойынша іріктеп, көлемі бойынша жинақтап, үлкенге кішілерді жіпке өткізеді.
Қорытынды. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз соңына жетті. Нұр-Сұлтан қаласы туралы көп жаңа мәліметтерді білдік. Қайталап айтайық. Екі топтың жұмыстарын көрейік.
Балалардың жұмыстарын бағалау. Мақтау. Мадақтау