Имаш Аяжан Сейдуллақызы
Ш.Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг
университеті,
7М01101 – Педагогика және психология
мамандығының 2 курс магистранты
Тірек сөздер: девиантты мінез-құлық, девиация, әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Социологиялык зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана-сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты (ауытқыған) не делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. Девиацияның барлык формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық, мәдени және де басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп тұр, өйткені мұнда коғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері тиісті нәтиже бермеуде. Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік экономикалык шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың жүйесі бәсеңдеуде.
Осылайша, кұкық бұзушылық — бұл қоғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіндер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен таргедиялардың бейнесі. Қылмыс — адам кеселінің бейнесі. Оны бүгінге дейін бір де бір қоғам кұрта алмай келеді.
Жеке тұлға аймағына жататын делинквентті мінез-кұлықтың себептеріне, оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты. Аз көңіл бөлініп отырған жоқ.
Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының бірнеше себептері бар:
- Әлеуметтік теңсіздік – жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, жемқорлық т.б.
- Моральдық этикалық фактор қоғамның моральдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы. Қоғам өмірін ақшаның билеуі, барлығы сатылады, барлығын сатып алуға болады. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі. Бүкіл аралық қайырымдылық «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі;
- Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б. Осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді.
Қылмыскердің ішкі әлемінде «қажеттілік кысым» сипатындағы өзіндік психологиялық жүйе іске асады. Осы қажеттілік қылмыскердің белгілі бір мақсатқа бағытталған мінезін қалыптастырады. Ғалымдар қажеттіліктердің түрткісі ретінде қажеттіліктердің тізімін анықтайды:
— Доминанттық (басқаларға бақылау жасауға және олардың мінез құлығын басқаруға ұмтылу);
— Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету, құрту үрдісі);
— Басқаларды жоққа шығару, сыртқа тебу;
— Автономия (барлық шектеуден қашу);
— Бейімделу, ырыққа көну;
— Ойын қажеттілігі (шындықтан бас тарту);
— Эгоизм, нарциссизм (өзін-өзі жақсы көру, өз мүддесін басқалардан жоғары қою);
— Қамқоршы іздеу;
— Жазадан қашу (қоғамды, үлкендерді айыптау).
Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің негізгі 3 түрі бар:
- Жүйелі қылмыскер тип
- Кездейсоқ типтер
- Жағдайға байланысты қылмыскер (қылмысқа дейінгі адамгершілігінің бұзылуы)
- Ал екі типтің біріншісіне есейген рецидивистер (75), ал екіншісіне -ұзақ уақыт бойы оқымағандар мен жұмыс істемейтіндер, маскүнемдер жатады.
Ғалымдар қылмыстық-құқықтық жауапкершілік неғұрлым тиімді болып есептелетін жағдайларды көрсетеді:
— жазалауды қолдану сәті жақындаған сайын, оның мәні қарқындырақ;
— субъект жазадан кұтылмайтындай болған сайын, жазалаудың ескерту рөлі күштірек;
— жазалаудың ынталандыру күші, қылмыскерлерге оны қолданғанда, көп нәрседен айырылса, жоғарырақ болады
— жазалаудың превентивті себебінің табысты болуы мінез-құлықтың жасырын формаларының таралу дәрежесі мен тұрақтылығына байланыста болады;
— превентивті себептердің табыстылығы тыйым салынған жазалау санкциясының сыйымдылығына байланысты болады;
— жазалаудың себепті әсерінің дәрежесі субъектінің тыйым салынған, әрекеті мен қаншалықты өзіне сай, қалаулы және қажетті деп есептеуіне байланысты болады.
Соңында, мінез-құлыққа кұқықтық бакылау жасау жүйесінің мәні элеуметтік ауытқуды бейтараптауға не жоюға байланысты. Бірақ әлеуметтік ауытқулардың алдын алудың әлеуметтік мүмкіндігі көп жағдайларға байланысты. Жекелей алғанда, девиантты мінез-құлыққа не жататыны, не жатпайтындығы сан рет өзгеріске түсіп, азамзат тарихында әртүрлі бағаланып келеді.