Жуматаева Асем Каупышевна
Бражанова Ғалия Амантаевана
Қарағанды қаласы
«Балдаурен» бөбекжайы» КМҚК
тәрбиешілері
(Ересек тобының наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік кеші)
Балалар залға музыка әуенімен бірінің артынан бірі кіреді де, шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші ұлттық киімде.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сүйікті балалар!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Айлин: Жылдың басы — Наурыз,
Жердің басы — Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр-әніміз.
Қорлан: Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
Қызғалдақ: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Айсұлтан: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Раяна: С празником Наурыз мы поздравляем
Всех сидящих здесь людей,
Счастья, радости, добра желаем.
И заманчивых идей.
Өлең орындалады: «Наурыз»
Алдар көсе: (қазақша ертегі кейіпкері)
Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме, достар
Біздің халық үшін….
Наурыз жылдың басы.
Наурыз мерекесін тойлай отырып,
Салт-дәстүрімізді тойлаймыз
Наурыз мерекесімен құттықтаймын мен баршанызды.
Мен сіздерге бақыт, қуаныш, көктемгі жылулық тілеймін.
Мені кім шақырды?
Бәлкім мені біреу күтті ме?
Сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?
Балалар: Алдар көсе
Алдар көсе: Мен ертегілердің басты кейіпкерімін. Мен ойнағанды, көңіл көтергенді жақсы көремін.
Жүргізуші: Алдар көсе, біз де көңіл көтергенді жақсы көреміз. Біз бүгін барлығымыз Наурыз мерекесін тойлауға жиналдық. Мереке баршаның көңілін көтерсін.
Алдар көсе: Ендіше, кәнекей бәріміз көңіл көтерейік. Үлкен шеңбер жасаймыз, сосын отырамыз.
Ойын: «Қамшымен»
Балалар өз орындарына отырады.
Алдар көсе: Сендер қандай көңілді балаларсыңдар. Менде асықтар бар.Тағы да ойын ойнағыларын келеді ме?
Балалар: Ия
Алдар көсе: Онда сендердің қандай мерген екендерінді тексеретін боламын.
Ойын: «Кім мергендік танытады, сол женеді»
Жүргізуші: Біз мерген ғана емес, батыл әрі күштіміз.
Алдар көсе: Қанекей, мен көрейін. Менде арқан бар. Сенденр мені жеңе алсыңдар ма? Қазір көреміз.
Ойын: «Арқан тартыс»
Алдар көсе: Жарайсыңдар,балалар.
Жүргізуші: Алдар көсе, бәлкім сен ойын ойнап шаршаған шығарсың.
Алдар көсе: Ия, мен ойнап, көп жүгіргеннен шаршадым.
Жүргізуші: Алдар көсе, сіз демалып отыра тұрыңыз. Біздің балалардың сізге дайындаған тақпақтары бар, айтып берсін.
Малика: Наурыз — весенний парздник,
Наурыз — повсюду смех и веселье,
Мы пришли сегодня в садик,
Чтобы весну поздравить с днем рождения!
Әмина: Күн шуағын шашады,
Жауын да жауып алады
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
Адина.С: Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.
Өлең: «Көктем»
Алдар көсе: Қандай талатты балалар. Тақпақ айтады, өлең айтады, ойын ойнайды! Тағы да қандай өнерлерің бар?.
Жүргізуші: Алдар көсе, ал сен біздің балалармен оркестр ойнай аласың ба?
Алдар көсе: Оркестрде ойнау…….Музыкалық аспапты беріңдер көрейін.
Оркестр: «Қарлығаш»
Алдар көсе: Рахмет сендерге балалар. Мерекені көңілді өткіздік. Мен басқа да балабақшаға барып, балалардың көңілін көтеруім керек. Ал, енді менің қайтатын уақытым болды. Хош, сау болыңдар, балалар. Келесі жылы кездескенше.
Жүргізуші: Ал,балалар Наурыз мерекесін ары қарай жалғастырайық.
Жалпы би: «Көктемгі полька»
Жүргізуші: Сендердің тапқырлықтарыңды тексеретін ойын ойнайық. Егер келісетін болсаңдар онда қолымызды шапалақтаймыз. Ал, егер келіспейтін болсаңдар, онда аяқтарыңмен топылдатамыз.
- Наурыз – барша қазақтардың мерекесі? (шапалақтайды)
- Қазақтың ұлттық тағамы – хачапури (топылдатады)
- Қазақстанда қызғалдақ гүлі өседі…. (шапалақтайды)
- Маслинца мерекесінде бауырсақ пісіреді.. (топылдайды)
- Француздар бешпармақ жейді… (топылдатады)
- Қазақтар – қонақжай халық… (шапалақтайды)
- Қымызды сиырдың сүтінен жасайды… (топылдатады)
- Наурыз бірліктің, татулықтың және көктемнің мерекесі… (шапалақтайды)
Жүргізуші: Бүгін біз Наурыз тойын тойладық…
Би-биледік,ән салдық,ойнадық….
Наурыз бізге шаттық сыйлады….
Наурыз бәрімізге нұр сыйлады.