Адамзат баласы өзінің жүріп өткен жолдарымен ұрпақтарына үлгі болады. Олардың еткен еңбегі мен араласқан ортасы, жасаған игі істері, адамгершілік қасиеттері балаларына, немерелеріне өнеге. Сондай өмірі өнегеге толы жандардың бірі — Тұрғанбаева Тоғжан Рахметуллақызы.
Ол 1959 жылы 17 қазан күні Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген.Бала кезінен еңбекқор , өрімдей жас қыз әр іске қабілетті болып өсті. Мейірімді, балажандығы бір бөлек қасиет. Ата-анасы бала кезінен әр іске сабырлықпен қарап, төзімділікке үйретті. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде үй шаруасын тап-тұйнақтай етіп атқаратын. Үй шаруасындағы тірліктің көптігіне қарамастан оқуға да аса көңіл бөлді. Ойынның соңына көп түсіп кетпейтін, сабақтан бос кезінде көбіне әр түрлі пайдалы істермен шұғылданатын. Мектепті ойдағыдай бітіріп, алғашқы еңбек жолын 1977 жылы Қорғантұз орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде бастаған. Ұстаздық ұстанымның құпиясы салмақтылықтан сая тапқан сабырлылықта дер едім. Жұмысқа жаңадан араласқан жас ұстаз қай істе болсын Абай айтқандай «Ақырын жүріп, анық басты» негізге алып, өз ісіне деген жауапкершілікті бір сәтсе болса да босаңсытпай, шәкірттеріне білгенін «үйретуден жалықпауды» әдетіне айналдырған абзал ұстаз бола білді. Жас маман болған соң сабаққа кіру, тәжірбие алмасу сияқты қажетті міндеттерді атқаруға тиістісің.Ол орыс тілі сабағына сыныпқа кіргенде оқытушылық міндетті орындау үшін емес, ойға жиған, жүрекке түйген білік – білімнің жарығын шашу үшін кіретін. Дәріс оқу, көп адамға дәрісханаға кіріп, шамасы келсе, оңды солды сөйлеп кету, шамасы келмесе, алдындағы ақ қағаздан ежіктеп оқу беру болып көрінетіні рас. Бірақ Тоғжан Рахметтуллақызы үшін бұл мүлдем басқаша еді. Ол өзіне үміттене қараған шәкіртерінің жүрегіне жетер, көңіліне қонар, есінде қалар сөз тауып, сол арқылы оның ойын тербетіп, жан жүрегін әлдилеп, орыс тілі сабағын өзінің ар-ұжданының адалдығымен атқарып шығады. 1978-1983 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуын үздік тәмамдайды. 1983-2009 жылдары Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмысқа орналасады. Жас маман болса да дәріс берген әр сабағында өзіндік атмесферасын орнатып, оқушыларға тамаша көңіл-күй сыйлауға тырысатын. Ұстаздық жүгі ауыр, жауапкершілігі зор жұмыс. Дәріс пен сабақты былай қойғанда , күнде сан түрлі мінезбен таталасып, сан тағдырдың тілек-тынысына куә боласың. Оны дәріптеп, солды сынап, талап қойып, бәрінің көңілін таба біліп, орайына жағу оңай шаруа емес. Әрбір шәкіртінің сенімді серігіне айнуға тырысатын Тоғжан Рахметуллақызы көзі көреген, көңілі ояу жан. Өзінің еңбекқорлығы, жан-жақты ашықтығы, ұйымдастырушылық қабілеті, ұжым мүшелерімен емін-еркін араласуы алдағы қызметіне жол ашылуына сеп болады. 2009-2011 жылдары №8 ЖББМ директорының бейін бойынша оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыларды білдірмей жетелеп, байқатпай бағыт – бағдар береді. Әр кез ізденуден жалықпайтын кейіпкердің жаңалыққа жаны құмар. Оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп беру, оны өмірге дайындау мәселесі ол үшін негізгі ұстаным болды. 2011-2018 жылдары қызметі өрістеп, Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып жұмысқа тұрады. Ата –бабаның өсиет қылып қалдырған мұрасы «Әділ бол, адал бол!» деген қағидасын өмір бойы бұлжытпай орындауға тарысқан Тоғжан Рахметуллақызы қызметі қанша жерден өссе де адалдықтан бір қадам аттаған емес. Ол қызметімен қатар өзінің жанұясын, жолдасымен балаларының сүйеніші болды. Ақылын ортаға салып бар білгенін, тапқан –таянғанын солардың болашағына жұмсады. Ұрпағын тәрбиелеп, солардың болашақта білікті маман болуларына серпін береді. Ой-өрісі кең, терең білімді, әр оқиғаға, әр адамның сөзі мен ісіне, қоғамдағы не саясаттағы әрбір өзгеріске өз өлшемі, өз түсінігі мен шешешімі анық, сенімді басшы қызмет болатындығына достары нық сеніммен қарайтын. Жан-жақты терең, эрудиясы мол, салмақты, өте мәдениетті, өз ойын ұсыныс пікірлерін анық мағынасына жеткізіп айтатын жиі сөзі «Адам мақсатына тек қана еңбекпен жетеді.Еңбексіз ештеңе жоқ». 2019 жылдан бері №69 Жалпы білім беретін орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Сол мектептің ірі де іргелі өкілі болды. Осы уақыт аралығында жүздеген шәкірттерді тәрбиелеп, кәсіби деңгейдегі байқаулардан да, оқушы жетістігімен де кемелденіп, педагог-шебер біліктілігін иеленді. Түрлі республикалық, халықаралық деңгейдегі газет-журналдарға 40-тан аса мақалалары жарияланды. 6 әдістемелік құрал, 3 электронды кітаптың авторы .Түймедей жақсылық жасаған адамдарды есінен шығарған емес. Жарқылдаған мінезі айналасына шуағын төгіп тұратын осынау кеңпейіл ниетіне бұйырған лайықты марапат деп білеміз.
«Болат пышақ қан тұбінде жатпайды» дегендей, елдің елеулі азаматшасына айналып, келін болып түскен жерін өркендетіп, қазір өздері ата-әже болған шаңырақта төрт перзентінен 5 немере сүйіп отыр. Балалары түрлі мамандықтың иегері, ананың тәрбиесін көрген, жастайынан еңбекқор, ізденгіш болып өсті. Оқытушы ұстаз ретінде қанат қақтырған шәкірттері қазіргі таңда өмірден өз несібесін алып, ел үшін еңбек етіп жүр. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді», – деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан Тоғжан Рахметуллақызын өз тұғырынан түспей, шәкірт тәрбиелеуде үлес қосуына тілекшіміз. Ортамызда 100 жасап, немере-шөбелерінің қызығын көрсін!
Жұбаналы Рахман Айтуғанұлы
№69 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәні мұғалімі