Шымкент қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы
№65 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы
Бахадур Ардақ Нұрланқызы
Бүгінгі күні еліміздің мектептерінде кең қолданыстағы жаңартылған бағдарлама аясында сабақтарды құрастыруда рефлексия туралы және сабақты талдау сұрақтары мәселелері қарастырылады.Сабақта ұстанатын негізгі дидактикалық идеялар келтіріліп,ынтымақтастық ортасын құру мәселесі ,мұғалім мен оқушылардың рөлдері мен әрекеттері,тапсырманы орындаудың толық технологиясы секілді ұғымдар айқындалады.Оқушылардан рефлексияны тиімді дұрыс жүргізу,мұғалім өз сабағына талдау жүргізудің тиімділігін айқындау.
«Кәсіби даму тәжірибе+рефлексия» деген формула мұғалімнің негізгі міндеттері мен жұмыс ретін нақты көрсетеді.Әр сабағынан кейін мұғалім өзінің және оқушылардың әркеттерін талдап,олардың жақсы және жақсартуға тұрарлық жақтарын айқындап,келесі сабаққа өзгерістерді енгізіп отырса –ол үнемі даму үстінде болады.Ал кәсіби біліктілігін күнделікті түрде,тұрақты үзбей,толасыз дамыту-әр мұғалімнің ең басты міндеті.В.Сухомлинский айтқандай,мұғалім үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады.Дәл осы секілді оқушылар да рефлексия арқылы үйренеді,білімін толықтырады,дамытады.Кешегі білім беру жүйесінің мақсаты білімді тұлға қалыптастыру еді,ал бүгінде басты мақсат рефлексияшыл тұлғаны өсіру болып табылады.Өйткені адамның өзіне бағытталған ойы тұлғаны үнемі өз әркеттерін жанжақты талдауға,таразы басына қойып бағалауға жетелейді.ал бұл өз кезегінде адамды жаман пиғылдар мен әркеттерден арылтады.Адам осылайша жетіле береді,дами түседі.Сондықтан да оқушыларды бүкіл сабақ бойы рефлексия жасауға ұйымдастырып отырған абзал.Олардың әрбір орындаған тапсырмасы да,бүкіл сабақта рефлексиялық әрекеттермен аяқталғаны дұрыс.Сайып келгенде,рефлексияның баламасы «қорытындылау»,нәтижесін айқындау болатын шығар.Осыған сәйкес сабақтағы әрекеттер де, сабақтың өзі де қорытындыланып,оның нақты нәтижелері топ ішінде не бүкіл сыныппен талқылануы қажет:
-Қалай орындадық?Жақсы мен жақсартатын жақтары қандай?Неліктен олай болды?
-Не білдік? Бұл бізге не берді? Өстік пе дамыдық па?
-Бұны қалай дамыту керек? Енді не істеу керек?
Рефлексияның жалпылама пікір немесе тілек түрінде болмағаны жөн (сол себепті де кең таралған «екі жұлдыз,бір тілек» деген рефлексия тәсілін «екі жұлдыз,бір ұсыныс» деп өзгерткен дұрыс.Егер оқушылар ауызша не жазбаша тапсырмада сабақ ұнады,жақсы өтті,көп нәрсе білдім,қызық өтті,құнды деректер алдық,осындай тапсырмалар (немесе сабақтар) көп болса екен деген еш дерексіз ,дәлелсіз жалаң сөздерді келтіру сыңайында өз ойларын білдірсе,онда рефлексияның төмен деңгейде болғандығын мойындау керек.
Немесе оқушылар бірін-бірі бағалағанда не 5 балдық жүйе бойынша,не бағдаршам түстерін,не бас бармағын қолданады.Алайда олардан егерде «неліктен (неге) бұлай бағаладың? Қандай дәлелдерің бар? Бағаны дұрыс қойдым деп есептейсіз бе? деп сұрамасаң,балалар өз бағасына ешқашан жауап бермейтіндіктерін біліп,бірін-бірі қалай болса солай бағалайды емес пе? «Айтады демесін» деп.
Сабақтарда бұл секілді ештеңе білдірмейтін сөздерге жол бермеу керек.Мұғалім ондай жауаптарға шүйлігіп,оқушыларды сұрақтар астына алу керек: «Неліктен олай ойлайсыздар? Бұл айтқандарыңызды қалайша дәлелдейсіздер? Не үшін бұлай жасадыңыздар?Қалайша деп ойлайсыз?» деп қадалған жерінен қан алмай,оқушыларды орнына тыныш отырғызбауы керек.Сонда оқушылар шынайы,толыққанды рефлексиясын нақты дәлелдерден құрап,талдау түрінде келтірлері мүмкін:
-«Маған сабақ ұнады,өйткені,біріншіден….,екіншіден…..,үшішіден….,»
-«Мен көп нәрсені білдім.Мысалы,біріншіден….,екіншіден…..,үшіншіден…,»
-«Сабақ қызық өтті,өйткені біріншіден…,екіншіден…,үшіншіден…,»
-«Мен сабақта құнды деректер алдым,мәселен,біріншіден….,екіншіден…,үшіншіден…»
— «Мен бүгін өзімді мынау үшін мақтар едім ……»
-«Осы сабақтан кейін мен өз білімімді мына тұрғыда жақсартуым керек:…..»
-«Осындай сабақтар көп болса екен,өйткені,біріншіден…,екіншіден…,»
Осылайша оқушылар ештеңе білдіртпейтін пікір мен тілек айтпай,дәлелдерге негізделген талдау жасауға ,өз ой пікірлерін дәйектеуге,тұжырымдауға үйренеді.Яғни,әр сабақта әр оқушының рефлексиясын тудыру-мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.