«Шебердің қолы ортақ,шешеннің сөзі ортақ»деген сөз бар халқымда.Бала тәрбиелеу мәселесіне келсек, айтылған сөздің де, оқыған мәліметтің, әрекет пен соңғы нәтиже-харакеттің де алатын орындары айрықша. Хакім Абай
43-қара сөзінде «тән мен жан» тәрбиесі жайында жүрекке, санаңа тоқып алуға тиісті ақыл-кеңес дейміз бе, ғибратты өсиет дейміз бе — осыны керемет ашып жазған « Адамзаттың ақылманы, сөзі өтімді…» Абай даналығына көңіл бөлсең: «Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды.
«Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес,» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, Абай ұлттың кеселіне-дауа, келешегіне бағыт көрсетті. Халыққа өзін-өзі таңдаудың сара жолын айқындап берді.Ұлт ұрпағын тәрбиелеуде тәрбиенің әр саласын, адам болудың,елді, елдікті қорғау үшін адам болып қалыптасудың шиырлы жолдарын ашып берген ұлы ойшыл, философ дананың сөзін есте сақтап жүру абзал. «Естілердің сөзін ескеріп жүрсең, өзің де есті боласың»-деген сөзін тәрбиеленушінің жадына сіңір. Бала тәрбиесіне келгенде, тәрбиенің сан сала тараптары бар. Ал менің айтпақшы мәселем- балаға елжандылық сезімді, бір сөзбен айтқанда, Отанды сүю, қорғау, өркениетінің дамуына әркімнің қосар еңбек үлесі жайында болмақ.
Қазіргі тәрбиеленуші шәкірттеріміз- егеменді елдің ертеңінің ерлері, қорғаушысы, қорғаны болуы үшін бүгінде олардың бойына қандай игі, ізгілікті, нұрлы қасиеттерді қалайша дарытып, үйрете білуіміз қажет.Қайдан, небір асыл тәрбиені алуымыз, ескеруіміз абзал? Қайсысын алсақ дүрыс болар?
-Тектілікке тәрбиелейтін тұжырым- ата-баба салтымен бе?
-«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» Н.Ә. Назарбаев жобасымен бе?
-Тағылымды тарихтан қадау-қадау әңгіме айту арқылы ма?
Бұл үш арна — бар қасиеттердің бастау негізі, тәрбие арқауы.
«Адам капиталы болар ұрпақты тәрбиелеу- өзге тәрбиелердің ішіндегі адамшылдықтың асқар шыңы-өз Отанын жан-тәнімен сүю,»-деген В.Г. Белинский пікірін алғым келеді. Бұл тәрбие жөнінде бүкіл дүние жүзінің ғұламалары,қайраткер ойшылдары да жеріне жеткізе ашып жазған.
Тағы да В.Г. Белинский ойына ойысайық « Адам, ең алдымен, өз елінің перзенті, өзінің туған жерінің мүддесіне жан-жүрегімен берілген азамат болып табылады». Бұндай ой-пікірлерді де қазақ халқының ұлылары да ертеден айтқан. «Қанына тартпағанның қары сынсын»,Отанды сүю –иманнан т.б.» мақал-мәтелдер ер жігітке артқан парыз сияқты, ата-бабадан қалған аманат деп сезінесіз.
Сондай елін сүйген, елі сүйген, халқына қорған , даңқына сүйсінген Ұлы дала Елінің аптал перзенттері көптеп болған.
Қанша ғасыр өтсе де,ел бағына туған ерлерінің атақ-даңқын, ерліктерін елі ұмытқан жоқ,сүйсінген. Әрқашан ондай ерлерді елі ұлықтайды.
Жас ұрпаққа отансүйгіштік, елжандылық сезімді тәрбиелеу қазіргі таңда оңай емес.Баланы жастайынан сезіммен тәрбиелеген абзал. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. «Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу-сатқындықтың белгісі» деген Б. Момышұлының дана сөзін талқылау, басты тақырып етіп алу- тәрбиешінің парызды міндеті.Ұлыларымыздың туған жеріне, елі үшін олардың сіңірген еңбектері, республика мәртебесін тіктеп ұстап, әлемге танытарлық игі істері, ғылыми жаңалықтары, жер қойнауындағы тұнып тұрған қазба байлықтарды ашып, Одақ көлемі үшін тың игіліктер-байлықтар ашқан қазақстандық ғалымдардың өнегелі өмірлері мен ғибратты да жанқиярлық еңбектерін зор мақтанышпен айтып беру-зор ғанибет! Осындай ұлы буын өкілдері қазақ атын, Қазақстан атын төрткүл дүниеге паш етті. Мәңгілік Ел жадында жүрудің, қадірлі азамат атанудың сыры ашылғандай.
«Кейінгіге ісің мен сөзің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең» (Абай)
дегендей, үлгі болар өмірің қалады.
Ыбрай Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ- гимназия интернаты
Жармагамбетова Дина Конакбаевна тәрбиеші