Қашқынбай Дәрмен Нүргелдіұлы
Ш.Есенов атындағы
Каспий технологиялар
және инжиниринг университетінің
2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.д., доцент Айджанова З.Ж.
Конфликт термині қазақ тілінде қақтығыс, ерегесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыстың мынадай түрлерін атауға болады: «тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар, басшы-бағынушылар» арасындағы қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.
Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады.
Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.
Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары, әкелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар.
Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе. Мұнда басқарудың стилі, басшының абыройы, сый-құрметі, ұжымда әлеуметтік-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.
Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері объектив және субъектив түрде кездеседі.
Объектив себептер: Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;
«Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;
«Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар;
Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет;
Басшының сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т.б.
Субъектив себептер: Басқарушыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т.б;
Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т.б.);
Қақтығыстың тұлғалық себептері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы).
Ол себептер төмендегідей:
Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;
Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы;
Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;
Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы);
Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою;
Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т.б.
Қақтығыстарды шешу бейбіт жолмен аяқталуына ықпал ететін әдістер мен процестер ретінде тұжырымдалған жанжал және жазалау. Белгіленген топ мүшелері топтардың қақтығыстарын басқа топтарға өздерінің қарама-қайшылықты себептері немесе идеологиялары туралы ақпаратты белсенді түрде жеткізу арқылы шешуге тырысады (мысалы, ниеттер, белгілі бір нанымдарды ұстау себептері) және ұжымдық қатынастар келіссөздер. Шешімділіктің өлшемдері қақтығыстың өңделу жолымен жанжалдың өлшемдеріне параллель болады. Когнитивтік шешім — бұл пікірталастардың конфликті түсіну және көзқарасы, сенімдері, көзқарастары, түсініктері мен көзқарастары. Эмоционалды шешім — бұл диспутанттардың жанжалға, эмоционалды энергияға деген көзқарасы. Мінез-құлықты шешу дауласушылардың қалай әрекет ететіндігін, олардың мінез-құлқын көрсетеді. Сайып келгенде, жанжалдарды шешудің көптеген әдістері мен процедуралары бар, соның ішінде келіссөздер, медитация, медиация-арбитраж, дипломатияжәне шығармашылық бейбітшілік құру.
Термин жанжалды шешу — мен ауыстырыла отырып қолданылуы мүмкін дауларды шешу, мұнда төрелік және сот процестері сыни тұрғыдан қатысады. Конфликтілерді шешу тұжырымдамасы жанжалды тараптардың тиімді шешілуіне ықпал ету мақсатында зорлық-зомбылықсыз қарсылық шараларын қолдануды толығымен қамтиды.