Home » Мақалалар » Құт, береке бастауы — Наурыз!

Құт, береке бастауы — Наурыз!

Юнусова Назгуль Смагуловна
Алматы облысы Көксу ауданы,
Айнабұлақ бекеті
«Кәусар» бөбекжай-
балабақшасы» КМҚК
тәрбиешісі

 2022 жылғы18 наурызда «Кәусар»  бөбекжай — балабақшасында «Құт, береке бастауы — Наурыз!» атты  ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік мерекеге сай безендірілген акт залында ұйымдастырылды.

Ертеңгіліктің мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. 22 Наурыз  күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.

Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу. Мереке балабақша меңгерушісі Айнұр Төлеуқызының жүрекжарды құттықтау сөзінен бастау  алып, бүлдіршіндердің мерекелік ертеңгілігіне ұласты. Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!» әнін орындап, ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды  Наурыз  әжеміздің шашуымен  ашылды. Балалардың орындауында «Наурыз» әні, ұлдарымыздың орындауында  «Жігіттер» биі, тобымыздың тәрбиеленушісі Мейрімбектің орындауында «Мен қазақпын» әні орындалды. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы — әжеміз наурыз көже құрамымен таныстырып өтті.

Балаларымыздың орындауында «Төрлет Наурыз» әні орындалып, салт дәстүрді насихаттау мақсатында той одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғасын тапты. Наурыз мейрамында дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып, кезекті ардақты әжелеріміздің «Дастархан» әнімен жалғасын тапты.

Халқымыздың ұлттық ойынының  керемет түрі  «Асық ату», «Қыз қуу» ойыны ойнатылды. Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында кеңінен қолданылуда. Қыздарымыз «Тостаған биін» ,мың бұрала билеп, «Алтыбақан»  ойының ойнап,  балаларымыз «Қара жорға» биін келген қонақтармен бірге орындады. Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер, — дегендей   мейрамға  арнайы келген әжелеріміз, ата-аналарымыз құттықтау сөз алып,  алғыстарын айтып, науыз көжеден дәм татты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.