Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«Балдәурен» бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиешісі
Рсаева Гульшат Удашкевна
(Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы)
Бірінші кіші сәбилер тобы
Тақырыбы: Түрлі- түсті дөңгелектер
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорикалық тәрбие
Мақсаты: Балаларға түстерді таныстыру, атауларын дұрыс атауға үйрету, түсі бойынша айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсетіп түсіндіру.
Әдіс тәсілдері: сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру, ойын әрекеті.
Көрнекіліктері: түрлі-түсті доптар және дөңгелектер, жемістер, қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарашықтар.
— Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қане, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
— Балалар, көңіл күйіміз қалай?
— Жақсы, тамаша!
«Мотивациялық қозғаушы» кезеңі
Балалар, сендер менің қолымда не көріп тұрсыңдар?
— Балалардың жауабы: түрлі-түсті дөңгелектер
Тақтаға түрлі-түсті дөңгелектер ілінеді.
Түрлі- түстерге тоқталу.
Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын артады.
— Кәнекей, қайталап жіберейікші (қайталау), (қызыл, жасыл, көк, сары)
Енді, балалар мен сендермен мынадай ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:«Түстерді ажырат»
Мына доптарды түс-түстеріне қарап, мына тұрған шарашықтарға жинаймыз.
Мысалы: қызыл түсті шарашыққа, қызыл түсті допты, ал, жасыл түсті шарашыққа, жасыл түсті доптарды жинаймыз т.б.
— Жарайсыңдар, балалар!
— Топқа таласа сөйлеп Маша мен аю кіреді. Маша мен аю (кіреді)
Қолдарындағы доптардың үлкен кішісін айыра алмай, балалардан көмек сұрайды
— Сәлемітсіздер ме, балалар!
— Балалар, сендер бізге көмектесесіңдер ме? Иә
Мына доптардың үлкенін аюға, ал, кішкентайын маған жинап беріндерші. (Маша айтады).
Балалар үлкен допты аюға, кішкентай допты Машаға жинап береді.
— Жарайсыңдар, балалар, сендерге көп-көп рахмет!
Ал, балалар, сау болыңдар! (Маша мен аю кетеді)
Сергіту сәті:
Доп – доп,
Топ – топ.
Доп – жоқ,
Қап — қап.
Ал енді орнымызға отырайық.
— Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Бірақ бұл ойынды ойнамас бұрын, мен сендерден жемістердің атауларын сұрағым келіп тұр.
Бұл не? (алма, алмұрт, құлпынай, банан т.б.)
Балалар жемістердін атауларын айтып береді.
Ойын: Дидактикалақ ойын.
Сипап, сезу арқылы жемістердің атын атау, түсін айту және де жемістердің ішінде қайсысы дөңгелектергі ұқсайтынын айтып береді.
Балалардың жауабы:
Қортынды:
- Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? — Иә ұнады.
- Біз бүгінгі оқу қызметінде нелерді қайталадық.
- Түрлі-түсті дөңгелектерді және түстерді
Жарайсыңдар, балалар! Балаларды мадақтау.
Ал, енді қонақтармен қоштасайық
Балдай тітті баламыз,
Ақылдымыз данамыз
Ойын менен өседі
Ойымызбен санамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: түстерді, дөңгелектерді
Түсінеді: Доптар арқылы түстерді, ойын арқылы топтастыруды.
Қолданады: түрлі-түсті түстерді ажыратып, қолдана алады.