Жундибаева Риза Канапияновна
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы Шәкәрім атындағы
үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Отбасы — тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды өте жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу, пікірлесу.
Міндеті: 1. Отбасының негізгі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Қажетті құралдар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті тақта.
Барысы: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Отбасы — өмір аясы» атты отырысқа хош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойымызды ортаға салу. Мектептегі ата-анамен жұмыстың мақсаты:
Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру. |
Ата – анамен жұмыстың мақсаты |
Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау |
Отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту |
Мектеппен қарым – қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. |
Алдымен, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата-аналар, қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз – көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. Барлығымыз өз есімінің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.
Мысалы, мен жайдары Жадырамын.
Тренинг ережесі:
- Тыңдай білу;
- Сөзді бөлмеу;
- Белсенділік;
- Шығармашылық;
- Сыйластық;
- Бірігіп жұмыс істеу;
- Түсіністік қарым-қатынас;
Топқа бөлу: Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлу.
1- бөлім. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді,бақыт әкеледі.
А.С.Макаренко.
Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?
Жауапты сызба түрінде беру керек.
Дайындалу уақыты: 5 минут. Екі топтан екі кісі шығып қорғайды.
2-бөлім. Бала – ата-аналар өмірінің жалғасы.
Тапсырма: Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек? (5 минут). Екі топ сызба түрінде жауап береді.
түсіну |
Яғни, бақытты отбасындағы тұлға үшін мына қасиеттер керек екен:
қадірлеу |
санасу |
жақсы көру |
мәпелеу |
бағалау |
тұлға |
ақылдасу |
— Енді кішкене сергіп алу үшін мен сіздерге «Оқып, талдап, ғибрат қыл» айдары бойынша әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар (Баяу музыка ойналады).
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.
— Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.
— Әкесі неге қарапайым талап қойды?
— Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
— Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
— Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
— Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма? Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ал ол сіздің балаңыздың бойында қаншалықты бар екенін білу үшін «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз. Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан-жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз ұлыңыз немесе қыздарыңыздың есімін жазып сипаттап беріңіз. (3 минут).
Қорытынды. Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар?
— Енді көңілімізді көтеру үшін «Ән айтайық» жаттығуын өткізейік.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» Н.Ә.Назарбаев
«Отбасылық оқиға» жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады. Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да, мұғалім оларға қандай да, бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады, мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды», оларға пікірталас жүргізу ұсынылады. Мұғалім көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалы, ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды: оқуға, саяхатқа, бір нарсе сатып алуға; басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.
Талқылаудан кейін, бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да, басқа тақырыпты талқылайды. Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы, анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді, өз шаруашылығымен айналысқысы келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені қалада жақсы жұмысы бар, үлкен ұлының да барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші ұлының барғысы келеді, өйткені ол жерде жазда шомылуға, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім, «ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма, келісімге келе алды ма, сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.
«Диаграмма құрастыру» жаттығуы
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
Ата-анаға:
- Ұйқыға
- Мектепке
- Отбасымен қарым-қатынасқа
- Үйірмеге
- Достарына
- Үй шаруасына
- Жалғыз болуға.
Диаграмманы қорытындылау
«Жақсы мен жаман қасиеттер» айдары.
Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.
— Маған қарап тұрған кім?
— Ол қандай адам?
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар (3 минут уақыт беріледі).
- Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар?
- Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
- Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
- Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.
Олай болса, келесі бөлім: «Тазарту».
Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім»
Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
Сонымен, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.
дамытушы шаралар |
Имандылыққа бет бұрған күнделікті балаларыңыз келіп жүрген ұзартылған күн тобындағы жұмысымыздың да алдына қойған мақсат-міндеттері бар. Оған қысқаша тоқталсақ:
ҰҚТ |
өзіндік даярлық |
өткен сабаққа шолу жасау |
үй тапсырмасын өз бетінше орындауға үйрету |
логикалық тапсырмалар |
үй тапсыпмасын орындау |
көркем жазу |
қосымша жұмыстар |
Қорытындылау. «Тілек шамы» ойыны.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.