Абдрахынова Назгүл Бақытнұрқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивесритеті
Түркология және тіл білімі кафедрасы,
Лингвистика мамандығы, 1-курс PhD докторанты
Ғылым теңізіндегі алып кеме
Ғылым айдынында тоқтаусыз жүзіп келе жатқан алып кемені немесе биікте самғай ұшқан алып қыранды көргендеріңіз бар ма?
Қыранның самғауы дегенде, ғылым, білім саласында орасан еңбек сіңірген, қабырғасынан қаншама ғылым майтамандары мен атақты жазушылар шыққан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы айтпақпыз.
Бүкілдүниежүзілік деңгейдегі алдыңғы қатарлы университеттермен бақталаса алатын, әлемдік жоғары оқу орындарының бірі емес, бірегейіне тең келер білім ордасы шәкірттеріне жоғары өркениетті білім бере отырып, бәсекеге қабілетті адам тұлғасын қалыптастыруды басты мақсат еткен оқу орыны. Қазіргі студентке бағытталған білім беруде оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, ғылым көкжиегінде еркін самғауға мүмкіндік беретін «қанат» бітіреді.
Әлемдік деңгейде аталып өтіп жатқан немесе еліміздің көрнекті ғылым қайраткерлерінің мерейтойлары мен ғылымға қосқан жаңалықтарының университетте аталып өтіп жататыны мәлім.
Қазақтың қара шаңырағына айналған білім ордасында професор, қазақ ұлттық психологиясына ерен еңбек сіңірген ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Құбығұл Жарықбаевтың туылғанына 95 жыл толуына байланысты мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында білім ордасында алғашқы рет «Жарықбаев оқулары» өткізілді.
Одан бөлек, үстіміздегі жылы бүкіл Қазақстан көлемінде тойланып жатқан үлкен іс-шара жазушы Шерхан Мұртазаның туылғанына 90 жыл толу құрметіне журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференцияда Шерағаның әріптестері, шәкірттері ыстық естеліктерімен бөлісті.
Қазақ ұлттық университетінің магистратура және докторантура түлектерін дайындауда, олардың ғылым саласында өз орындарын тауып «кірпіш болып қалануына» күш салатын, сонысымен қазақ ғылымына айтарлықтай үлес қосып отырғандығы аян. Оған дәлел, жыл сайынғы ғылым докторларын дайындауға бөлінетін грант санының көбейе түсуі. Шетелдің бірқатар университеттерімен үзеңгі теңестіре алатын сардарлы саясаты мен үздік, тың, жаңашыл идеяға толы бай технологиясы. Осы қатарда айта кетеріміз, түркітану және тіл теориясы кафедрасы. Кафедраның жыл сайын университет дамына қосар үлесі ұшан теңіз. Көптеген шетелдік ғалымдармен кездесу ұйымдастыруға ұйытқы болып, шәкірттер мен оқытушылар және ғалымдар ортасында алтын көпірге айналды.
Бүгінгі таңда Қазақтың қара шаңырағы дегенде ауыз толтырып айта алар белді білім ордаларының бірегейі деп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін айта аламыз. Осы оқу ордасының білімгерлері ертеңгі білікті маман, ұлтжанды азамат, жаңашыл ұстаз, атақты ғалым боларына нық сенімдіміз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивесритеті
Түркология және тіл білімі кафедрасы,
Лингвистика мамандығы ,1-курс PhD докторанты