Бейсова Маржан Бекдуллақызы
Нұр-Сұлтан қаласындағы
№ 66 «Толағай» балабақшасының
шағын орталық тәрбиешісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын екендігін педагогика және психология ғылымында мойындалып, білім беруде ойын оң нәтижесін беріп, оқу мен тәрбие мақсатында үйлесімді қолдануға тікелей байланысты екендігін дәлелденді. Осыған сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту мақсатында қолданылып жүрген технологиялар да жеткілікті.
Елімізде соңғы жылдары мектепке дейінгі мекемелерде қолданыста болып, балабақшаларда педагогикалық процеске өзімізідің ұлттық ойындарды кірістіру үрдіске айналып жатыр. Соның негізінде біздің балабақшамызда да бұл құндылықты қолға алып эксперимент алаңының тақырыбы осы ұлттық құндылық дәріптеу, қолдау, іске асыру болып табылады.
Асық ойыны бүгінгі балаларды дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал деп айтуға болады. Әрине, біздің алдынғы заманымызда асық ойыны балалардың күнделікті ойыны болып саналатын. Тәрбиелік мәні зор болып есептелген бұл асық ойыны біздің асыл мұрамыз. Асық ойыны арқылы баланың ептілігін, мергендігін, шапшаңдығын арттыруға септігін тигізеді. Топпен ойнайтын, жекпе-жек ойнайтын асық ойындарының түрлері баланың «алға» деген ұмтылысын, «бірінші боламын», «қатарымнан озамын» деген талпынысты бойына сіңіреді. Асық ойынының түрлері өте көп. Атап айтсақ, «Алаш ойыны», «Омпа», «Өріс ойыны», «Асықты тігіп ойнау», «Хан», «Ханталапай» т.б.
Балабақшамызда асық ойыны арқылы балаларды жан-жақты дамыту мақсатында күнделікті оқу іс-әрекетіне, ашық оқу қызметінде пайдаланып отырамыз. Асықты рет-ретімен санайды, математикадан логикалық тапсырмаларды орындайды, түрлі түсті асықтарды түстеріне қарай ажыратады, даярлық топтарда дауысты, дауыссыз дыбыстарты ажырату барысында көк асық, қызыл асықтарды пайдалана отырып тапсырмаларды орындайды. Өз тәжірибемде асық ойынының бір түрі «Шертпек» ойынын ашық оқу қызметіме қоса отырып, тиімді пайдала білдім. Мындағы мақсатым, балалардың қызығушылығын оятып, олардың мергендік, шыдамдылық қасиеттерін ұштастыра отырып, өз оқу қызметімде ұтымды пайдалана білдім. «Асықты жіпке тізу» «Асықпен із салу», «Асықпен құмда сурет салу», «Асықтан мозайка» құрастыру секілді түрлі дидактикалық ойындарды оқу қызметімде пайдаланып келемін. Бұл ойындар баланың қолмен жұмыс жасау барысында ұсақ моторикасы дамиды. Жұмыс жасау барысында балалардың саусықтары иілгіш болып, қолмен еркін жұмыс жасауға жаттығады. Ойында тапсырманы орындау арқылы баланың логикалық ойлауы, көзбен көру,қолмен ұстау арқылы есте сақтау қабілеті де дамиды. Асық ойынындарын пайдалана отырып тапсырма орындау барысында балалар шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиеленеді.
Қорыта айтқанда мектепке дейінгі мекемелерде бүлдіршіндерді отансүйгіштік негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға тәрбиелуге аса мән береміз. Сондықтан да ұлттық ойындарды жаңғыртып, асық ойындарын дәріптеп жүреміз. Ойындарды ары қарай дамытып, оны кеңінен пайдалану үстіндеміз.