Утебекова Жанат Шокибаевна
Алматы облысы Іле ауданы Жаңаталап ауылы
№25 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетінің
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай, ауылымыздың №25 орта мектебінде мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік шараға Ауғанстандағы ұрыс іс-қимылдарына қатысқан ардагерлер Каскарауов Даулет Сарезович, Жалеев Рамиль Назыфович шақырылды. «Мәңгілік Ел» болу үшін жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңызы ерекше. Ал осы бағытта ауған соғысы ардагерлерінің атқарған істері өте зор. Осыны біліп, естіп өскен мектебіміздің жас патриоттары өз кезегінде ардагерлерге жырдан шашу шашып, алғыстары мен жылы лебіздерін білдірді. Ауған соғысының ардагері де кездесу барысында патриотизмнің, Отанға адал қызмет етудің және әскери борышты орындауға әзір болудың маңызды екенін өскелең ұрпаққа ұғындыра білді.
Айта кетсек, Кеңес әскерлерінің соңғы легі Ауғанстаннан 1989 жылдың 15 ақпанында шығарылған болатын. Ресми статистика бойынша, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына 22 мыңға жуық қазақстандық қатысып, олардың 900-ден астамы қаза тауып, 21-і хабар-ошарсыз кеткен. 4 300-ден астамы қазақстандық жауынгер ордендерімен және медальдармен марапатталып, олардың алтауы Кеңес Одағының батыры, біреуі – Халық Қаһарманы атағын алған.
Ал бүгінде елімізде 15 мыңнан астам интернационалист-жауынгер тұрады. Олардың басым көпшілігі елдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмыстарына белсене атсалысады.
Біз де өз кезегімізде жат жерде намысты ту етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен ауған соғысының ардагерлеріне әрқашанда басымызды иіп, тағзым етеміз!