Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№77мектеп-гимназия
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Өзін-өзі тану мұғалімі
Исақова Нәркес Айтуғанқызы
Адамгершілік дегеніміз адам бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды тағы басқа адамдық асыл қасиеттерді игеру болып табылады.
Адамгершілік мәселесін адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның езінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой көтеру үдерісімен бірге пайда болған. Ендеше мораль туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басып қалдырған мұра тұрмақ қандай да бір із тау қиын.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен мұғалімдердің басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет. Қазақ халқы үшін адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқымыздың ауыз әдебиеттері мен салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы өте зор. Бұл ретте ағартушы ұстаз, педагог Ы.Алтынсариннің «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» деген сөзі еске түседі. Шынында да адамгершілікке баулуда басты рөл ата-ана мен еңбек екені жасырын емес. Себебі бала ата-анадан туып, өседі тәрбие алады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген. Отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сыйластық, мейірімділік пен махаббатты көріп өскен бала бойына адамгершілік қасиеттерді жинап өсері анық. Адам баласы тумасынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезден егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түралері отбасынан басталады. Адамгершілік ең алдымен әр баланың отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-ананы ренжітпеу әр баланың өмір бойғы міндеті.
Еңбек ете білу де адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралы. Баланы жастан еңбек етуге баулитын болсақ, онда ол бала еңбекпен жеткен әрбір нәтиженің қадірін біледі, оңай жерде дайын астың жоқ екенін түсінеді. Біреуге көмек көрсетуден қашпайды, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасауға үнемі дайын болады.
Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
Кешірімді болу, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік, рұқсат сұрау, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
Адамгершіліктің басты белгісі мәдениеттілік. Ол дегеніміз ең әуелі сәлемдесуден басталады. Амандасу бейбіт пейілділік, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі.
Адамгершілік тәрбие – тәрбие салаларының маңызды құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады. Мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік бір сөзбен адамгершілік қасиеттер деп аталады.
Қорта айтқанда, адамгершілік адамның өзіне қаламаған жаман әрекеттерді біреуге жасамайтын болса және өзіне тілеген жақсылықтарды басқаға да жасай алатын болса адамгершілік қасиет дегеніміз сол.