Нұр-Сұлтан қаласы
Ж.Жабаев атындағы
№4 мектеп — гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Мешелова Жалгас Жарасбаевна
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр — қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға сон- шалықты күш керек. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Біздің еліміздің жан — жақты дамуы көптеген ұлттар өкілдерінің тұрақтылығы және бейбітшілік тіршілік етуімен байланысты. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін Республика Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ардақтап, құрметтеуге тиіспіз. Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы — Қазақстан. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз -Қазақстан! Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші. Тұтқиылдан түскен мәлімет алаңға жастарды жинады. Аяз қысып, қаһарын төгіп тұрса да, жастар қатарын сиретпеді. Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты. Оларға жала жапты. Ұлтшыл, нашақор деп кінә тақты. Қазақ елі Қайрат, Ербол, Ләззат Сәбира сынды ер жүрек қыз — жігіттерінен айырылды. Егемендік үшін қан төккен аға — апаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз. Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Тәуелсіздік — ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік — арман! Мен осындай жалауы көкке көтерілген, бейбіт елде туып — өсіп жатқаныма қуанамын. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемелекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Қазақ елі — байтақ, бақытты ел. Мен өз еліме тыныштық, жақсылық тілеймін. Қазақстан бағың жансың мәңгілік!