Елімізде қазір білім саласына аса қатты көңіл бөлінуде. Биыл енді бiлiм және ғылым министрлігі хабарлауынша, IT саласына оқуға түсуге ниетті талапкерлер ҰБТ-да бұрынғыдай физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.
Тестілеудің міндетті пәндері: Қазақстан тарихы (15 тапсырма). Математикалық сауаттылық (15 тапсырма). Оқу сауаттылығы (20 тапсырма). ЖОО-да меңгеруді көздейтін мамандыққа байланысты тестілеуге қатысушылар 2 бейіндік пәнді (35 тапсырмадан) таңдай алады. «2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» пәнінен тест тапсырады деген шешім қабылданды.
Бүгінде бітіруші түлектер үшін Ұлттық Біріңғай Тестілеу өте маңызды рөл атқарады. Бұл жүйе білімді бағалаудың таптырмас әдісі деп айтпасақ та, белгілі қазақстандық ғалым, Асқар Жұмәділдаев әзірге бұдан артық жүйе ойлап табылған жоқтығын растайды. Емтиханға қарағанда тиімді, әрі әртүрлі тәсілдермен берілген жауап нұсқаларын таңдап алуға мүмкіндік бар. Енді, ҰБТ технологиясына, ұйымдастыруы мен өткізілуіне орай кейбір келеңсіз, жергілікті факторларды қатаң бақылау жылдан-жылға күшейтіліп жатыр.
Мен өзім де, 2021 жылдың бітіруші түлегі ретінде бұл шешімді құптаймын. Қазір IT-саласы әлемдегі ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі, тиісінше ол мамандыққа оқу да оңай емес. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда мектеп бітіруші түлектеріміздің биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізерімізді естен шығармау қажет деп санаймын!
Нарбекова Зере Нурланқызы
Халықаралық ақпараттық технологиялар
университетінің журналистика
факультеті бойынша 1 курс студенті