Жақсыгелдина Мейрамгүл Жақсыгелдықызы
«Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназия»ШЖҚ МКК
Астана қаласы
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі –жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.
Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда оқушылар белсенді болады, яғни оқушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, жұмыстанады. Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады. Қазіргі ақпараттық заманда оқушыларды таңғалдыру мүмкін емес жағдай. Сондықтан, осы кезеңге дейін АКТ-ны қолдану дегенде слайд, презентацияларды қолдану керекпіз деген ұғым қалыптасқан болса, қазір АКТ-ның көптеген мүмкіндіктерін сабақтарда жүзеге асыра отырып, олардың пәнге қызығушылықтарын және нақты білімдерін көрсетпесе де, оған жетуде мол мүмкіндік беретіндігіне мұғалім ретінде көзім жетті. Бұрын оқушылардың ұялы телефондарын сабақта тыныштықты бұзады деп қолдануға тыйым салған болсам, ендігі көзқарасым басқаға өзгерді. Оны ақпаратты іздеу құралы ретінде сабақта пайдаланып, оқушы пікірімен санасу арқылы бірлесіп жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Әр сабағымда ұялы телефондарын, ноутбукті пайдаланып, берілген тапсырманы орындауға кіріседі. Олар телефонды тек байланыс құралы емес, сабаққа да пайдалануға болатынына көздері жетті. Себебі, кітапта жоқ ақпараттарды, электрондық құралдардың көмегі арқылы компьютерде өңдеу, интернет желісінен бейне (видео) арқылы көрсету, оны көшіру мұғалімнің жұмысын да, оқушының қабылдауын да жеңілдетеді деп ойлаймын. Осы модульде нұсқаулықта берілген подкаст, wiki-беттерімен жұмыстану мен үшінде, оқушы үшін де жаңалық болды. Алдағы уақытта осы жаңалықтарды оқушылармен бірлесе отырып жүзеге асыру қажеттігін ұғындым. Мен өз сабақтарымда АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тырыстым.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3 60б.
2. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы.
3. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000ж. 45б.
4. Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5 32б.